«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып


«Биотехнология және гендік инженерия келешегі» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау



бет16/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз

«Биотехнология және гендік инженерия келешегі» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау


Оқу мақсаты

9.1.6.1 Қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді
монолог дайындау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тиісті сөздер мен фразаларды таңдап, орта көлемді монолог дайындайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  1. «Ең алғашқы адам клоны» деген тақырыпта мәтінді мұқият тыңдаңыз. Тақырыпқа қатысты тиісті сөздер мен фразаларды теріп жазыңыз.

Осыдан 20 жыл бұрын, 1996 жылы Долли қойынан бастап, ғалымдар жер бетіндегі сүтқоректілерді клондай бастады. Бұл жаңалық бірқатар қиын сауалдар тудырды. Алғашқы адам клонын қашан көруіміз мүмкін? Жалпы ондай клон жасау қажет пе?


Адамды клондау – келешектің ісі, алайда бүгіннің өзінде бұл мәселе қызу пікірталас тудыруда. Бедеу жұптардың басқа бар амалы таусылғанда, клондау олардың балалы болуына жол аша алады. Мұны "репродуктивті клондау" деп атауға болады.
Репродуктивті клондау
Бұл идеяның жақтаушылары клон бала табиғи егіздей болады деп санайды. Бірақ ол бала бауырларына емес, ата анасының біреуіне өте ұқсас болады. "Клондалған ұл немесе қыз әулеттің тең мүшесі болады. Оған басқаша қарауға болмайды. Оған да мейірім керек, ол да бақыт әкеле алады".
Алайда бұл идеяға қарсы адамдар клондауды табиғатқа қарсы, теріс әрекет деп сипаттайды."Бұл қалай болғаны? Өзімізді-өзіміз көбейтетін конвейер жасаймыз ба? Әр адам, ерекше, сонысымен де қызық. Басқаша жасау – басымызды үлкен қатерге тігу деген сөз."
Клондаудың тағы бір түрі – паркинсон, сусамыр, тіпті соқырлық сияқты ауруларды емдей алады-мыс. Мұны "медициналық клондау" деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет