«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып



бет15/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз

Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды


Дескриптор Білім алушы

  • мәтінді құрылымна сай бөліктерге бөледі;

  • логикалық түзетулер енгізеді.



Оқу мақсаты 9.4.4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін
ажырата білу, түрлендіру
Бағалау критерийі Білім алушы

      • Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратып, түрлендіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі


Есте сақтаңыз!
Білу және түсіну

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

Салалас құрмалас
сөйлемнің түрлері

Жалғаулықты

Жалғаулықсыз

Ыңғайлас салалас

Да, де, та, те, әрі, және
Дүниеде бар жаман да көпте, қызық та көпте.

Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас

Қарсылықты салалас

Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де
Көп уақыт өткен сияқты болды, әйткенмен мағынасыз өткізген уақытқа Хакім өкінген жоқ. (Х. Ер.)

Күн суық, үй жылы

Себеп-салдар салалас

Сондықтан, сол себепті, өйткені себебі
Ол кісінің өзін кенші деуге болады, себебі жастардың тегін, түрін жақсы біледі.

Бұл бетке біз бөгелмек емеспіз, оны азды-көпті көрдік.

Түсіндірмелі салалас

Құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаусыз іргелес
орналасып, интонация арқылы байланысады

Саған ашып айтарым сол: мен осында қаламын.

Талғаулы салалас

Не, немесе, болмаса, не болмаса, я
болмаса, яки, я, әйтпесе, әлде бірде, біресе, кейде




Кезектес салалас

Бірде,біресе, кейде






Тапсырма


  1. Салалас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратыңыз.



Мысалдар

Ыңғайлас салалас

Қарсылық ты салалас

Себеп- салдар

Түсіндірме лі салалас

Талғаулы салалас

Кезектес салалас

1

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары
мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі;



















2

Америкалықтар алғашында адам құқығы туралы сөз қозғаған жоқ, бірақ өздері
жоғары бағалаған бостандық туралы айтты.



















3

Адам құқықтары ең жоғары мәдени құндылықтардың бірі, өйткені олар
барлық қоғамдық даму процестерінің






















ортасына тұлғаны қояды



















4

Менің заңға бағынатыным сонша – оларды
үнемі сақтап жүруге тырысамын.



















5

Адам өз құқықтары мен бостандықтарын, оларды қалай қорғап қалуды білуі керек, әйтпесе құқықтық тетіктердің тиімділігі
туралы айтудың мағынасы болмайды.



















6

Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта
алмайды.






















  1. Сөйлемдерді аяқтаңыз.




    1. Аудан орталығында заң туралы тегін кеңес беру орталығы ашылды




    1. Жастар заңды біледі,




    1. Біз ұлы мақсатымызды орындаймыз,




    1. Сізге айтар тілегім

сол:

    1. Не әрекет жоқ,




    1. Ол біресе өз құқығын қорғайды,






Дескриптор



Білім алушы




- салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады;




- салалас құрмалас сөйлем құрастырып жазады.
    1. ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ




«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау


Оқу мақсаты 9.1.3.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен
байланыстыра білу
Бағалау критерийі Білім алушы

      • Ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма


Мәтінді мұқият тыңдаңыз. «Төрт сөйлем» әдісі арқылы тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырыңыз.


Орталық азияның демографиялық ахуалы Серік Қаржаубаев, сарапшы:


  • Бүгінгі таңда Қазақстан мен жалпы Орталық Азия елдеріндегі халықтың өмір сүру деңгейі біршама жақсарып келеді. Әлеуметтік мәселелерді шешудің арқасында халықтың өмір сүру ұзақтығы артып отыр. Қарт адамдардың қатары 4,5 пайызға өскен. Бұның бәрі аймақтағы тұрғындардың көбеюіне оң әсерін тигізуде.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жүргізген зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша, аймақтағы орташа өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші артқан.
Мәселен, Өзбекстанда ол – 73,8 жас, Тәжікстанда – 73,7, Қазақстанда бұл көрсеткіш – 72,4 жасқа жетсе, Қырғызстанда – 70,9 жасты құрап отыр, Ал Түркменстаннның орташа өмір сүру ұзақтығы – 70,4 жас. Жалпы аймақтағы аға буын өкілдерінің үлесі 5 пайызға артқандығы байқалады. Бұл орайда ең жоғарғы өсім Қазақстанда болса, ең төменгі көрсеткіш Тәжікстан елінде тіркеліпті. Сондай-ақ отандық сарапшылардың мәлімдеуінше, бүгінде Орталық Азия елдеріндегі 14 жасқа дейінгі балалардың саны 20,5 млн-нан асыпты. Бұл аймақтағы бар тұрғындар санының 29 пайызына тең. Осы тұрғыда Тәжікстан елі көш бастаса, Қырғызстандағы көрсеткіш баяулай түскен.
Егер де бұл өсім бүгінгі қарқынынан таймаса, 2018 жылы аймақтағы балалардың үлесі 30 пайызға жететін болады. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Демографтардың айтуынша, қазір өңірде туу көрсеткіштері өсіп, халықтың негізгі дені жастардың үлесінде. Осылайша, өткен ғасырдың 80 жылдарындағы қалыпты дамыған демографиялық көрсеткіштердің деңгейіне жеттік деп сеніммен айта аламын.



Пікір Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз

Дәлел
Өз пікіріңізді дәлелдеңіз

Мысал
Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз

Қорытынды
Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз
















Дескриптор

Білім алушы




  • тыңдалған мәтіндегі ақпараттарға өз пікірін білдіреді;

  • мәтіннен дәлел келтіреді;

  • өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді;

  • тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Оқу мақсаты

9.2.1.1 Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет)
мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәліметтерді салыстырып, өңдейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. 2017-2018 жылдардағы пайыздық көрсеткіштерді салыстырып, қай себептер бойынша пайыздық көрсеткіш артқан не кемігендігін анықтаңыз. Неліктен?






Дескриптор Білім алушы

  • мәтіндердегі деректерді салыстырады;

  • ойларын дәлелдейді;

  • мәтін ақпараттарын өңдейді.

Оқу мақсаты

9.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды
тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Кез келген мемлекеттің дамуына халық саны ықпал етеді. Ендеше еліміздегі демографиялық жағдай қандай деген сауалға мәтін ақпараттарын салыстыра отырып, жауап іздеп көріңіз.






Дескриптор

Білім алушы




  • мәтін құрылымын сақтайды;

  • мәтіндердегі деректерді салыстырады;

  • маңызды тұстарын анықтап жазады.

Оқу мақсаты

9.4.4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық
түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратады, түрлендіріп қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма Есте сақтаңыз!



  • Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем

  • Жалғаулықсыз байланысады (сонша, сондай, соншалық, сол, мынау)

  • Мысалы: Менің ырымға сенетінім сонша - оларды үнемі сақтап жүруге тырысамын.




    • Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

  • Не, немесе, әйтпесе, я, яки, я болмаса

  • Мысалы: Не сен барасың, не мен барамын.


    • Кезектес салалас құрмалас сөйлем

  • Кейде, бірде, біресе

  • Мысалы: Кейде ғарышкер болу қолымнан келетіндей көрінеді,

кейде ол жай орындалмас арман секілді.

1. Берілген салалас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратып жазыңыз.





  1. Халық саны біресе көбейеді, біресе азаяды. 2. Не отбасын құруды, не болмаса үй алуды жоспарлап жүр. 3. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді. 4. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. 5. Мұның басты себебі мынау: халық саны жылдан-жылға артып келеді.

Түсіндірмелі салалас Талғаулы салалас құрмалас Кезектес салалас құрмалас құрмалас сөйлем сөйлем сөйлем





  1. Жергілікті журналға «Қазақстанда халық санының артуы маңызды ма, әлде бұл проблемаға алып келе ме?» деген тақырыпта өз пікіріңізді жазыңыз. Жазба жұмысыңызда түсіндірмелі, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдері түрлендіріп қолданыңыз.




Дескриптор

Білім алушы




  • түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табады;

  • талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді ажыратады;

  • кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді анықтайды;

  • түсіндірмелі, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет