«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып


«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау



бет26/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз

«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау





Оқу мақсаты

9.1.3.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен
байланыстыра білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыру үшін берілген кестені толтырыңыз.


Дүниежүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Ең басты мәселенің бірі – жер шарындағы халық санының артуы. Жер шарындағы халықты азық-түлікпен, жылу энергиясымен, киім-кешек, т.б. материалдық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін қаншама табиғат ресурстары қажет. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адамдардың денсаулығына орасан зор зиян келтіруде.
Әлемдік экологиялық мәселелердің ішіндегі ең қауіптілерінің бірі – биосфераның ластануы. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-әрекеттері ғаламшардағы тіршілікке қауіп төндіретін өзгерістер тудыратын деңгейге жақындады. Апатты құбылыстар бүкіл ғаламшардың ырғақты тепе-теңдігін бұзып, дүниежүзілік климаттың өзгеру қаупін туғызуда. Мысалы, адам Қарабұғаз көлді Каспий теңізінен топырақ қамалы арқылы бөліп, теңіз деңгейінің төмендеуін тоқтатқысы келді. Ал 25–30 жыл өткен соң, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі шығанақпен байланысты емес, оның жердің эволюциялық даму заңына тәуелді екені айқындалды.
Қазақстанда соңғы жылдары Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі және Арал теңізі мен Балқаш көлі деңгейінің төмендеуі жалпы ауа райына, фауна мен флораның қалыпты тіршілігіне зиян келтіруде.
1970 жылы Балқаш көліне құятын Іле өзенінің орта ағысы тұсынан Қапшағай су электр станциясының салынуы Іле-Балқаш су алабының экологиялық жағдайын шиеленістіріп жіберді. Қапшағай су қоймасы өзінің ауқымын кеңейтіп, мыңдаған гектар табиғи жайылымдар мен тоғайлар су астында қалды. «Қызыл кітапқа» енген ағаштар жойылып, көптеген аңдар мен құстардың саны азайып кетті.
Қазақстанның экологиялық жағдайы табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде, кешенді тұрғыда жүргізуді қажет етеді.

Себеп-салдарлар айналмасы







Дескриптор

Білім алушы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет