«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып



бет20/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз

Дескриптор

Білім алушы




  • мәліметтерді жинақтайды;

  • мәтіндегі деректер мен ақпараттарды пайдаланады;

  • күрделі жоспар құрастырады.

Оқу мақсаты 9.4.4.3 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық
түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы

    • Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіріп қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану




Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

Түрлері

Сұрақтары

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының
жасалу жолдары

Шартты
бағыныңқылы сабақтас

қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде?
қайтпей? не етпей?
қайтпейінше? не етпейінше?

  1. Етістіктің шартты рай түрінен болады.

  2. Етістіктің болымсыз түріне -йынша, -йінше

жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

  1. Есімшеге жатыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады.

  2. тұлғалы көсемшенің болымсыз түрінен жасалады.

Мезгіл
бағыныңқылы сабақтас

қашан? қашаннан бері? қашанға шейін?

  1. Есімшеге жатыс септігінің жалғауы жалғануы арқылы жасалады.

  2. Есімшенің барыс жалғаулы түріне – шейін, дейін шылауының тіркесуі арқылы жасалады.

  3. Есімшеге кезде, күнде уақытта, шақта деген мезгіл мәнді сөздердің бірі тіркесу арқылы

жасалады.

  1. Есімшенің шығыс жалғаулы түріне шейін, дейін, кейін, соң, бері, бұрын шылауларының тіркесі негізінен болады.

  2. -ша, -ше тұлғасы есімшеден болады.

6.-ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшеден болады.
7. -ысымен, -ісімен тұлғалы етістігінен болады.

Қарсылықты- бағыныңқылы сабақтас

қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен?

  1. Шартты райдың болымсыз түрінен жасалады.

  2. Шартты райлы етістікке да, де шылауы тіркесінен болады.

  3. Көмектес септік жалғаулы есімшеден жасалады.

  4. -ша , -ше тұлғалы есімшеден болады.

  5. -а, -е, тұлғалы есімшеден болады.

  6. есімшенің болымсыз түріне шығыс септік

жалғауының (-тан,-тен) жалғауының жалғануы арқылы жасалады.



Тапсырма Есте сақтаңыз!


  1. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңыз.





Мысалдар

Шартты
бағыныңқылы сабақтас

Мезгіл
бағыныңқылы сабақтас

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

1

Генетикалық тұрғыдан өзгертілген өнімдер туралы, оның адам ағзасына әсері жөнінде нақты ғылыми дәлелденген
байлам болмайынша, ГМО бәрібір күмәнді екенін ешкім жоққа шығара алмас.










2

Тиісті гомозиготамен салыстырғанда гетерозиготалар тіршілікке қабілетті болса, онда популяциядағы
полиморфизм тепе-тең жағдайда болады.










3

.Құрлық асып келгеніне, үнемі семіз болып май басып тұратынына, ірілігіне қарамастан, америкалық тауықтар –
қолжетімді.










4

Жаңа ДНҚ синтезделіп біткеннен кейін, ДНҚ-ның екінші
тізбегін синтездеу үшін матрица ретін де пайдаланады.










5

Елдің, өңірдің климаттық ерекшелігіне қарамастан,
шығымдылығы жоғары, ұзаққа шыдайтын азық-түлік өнді- руге болады.










6

Жантүршігерлік осы жағдайды ойлаған кезде, гендік
инженерия арқылы өнім өндіру, әрине, қажет.













  1. Республикалық «Денсаулық» ғылыми-көпшілік журналына гендік модификацияланған тағамдардың пайдасы мен зиянын сараптай отырып, «Гені өзгерген өнімнен қауіп бар ма?» деген тақырыпта мақала жазыңыз. Мақалаңызда сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданыңыз.






Дескриптор



Білім алушы




  • шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді ажыратады;

  • қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді анықтайды;

  • мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табады;

  • сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданады.

«Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау



Оқу мақсаты

9.1.5.1 Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни
тұрғыдан баға беріп айту

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтінге қатысты өз көзқарасын білдіріп, сыни тұрғыдан баға береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде айтылған ойға көзқарастарыңызды білдіре отырып, дебат өткізіңіздер.
Сынып оқушылары жеребе тастау арқылы үкімет (3), оппозиция (3), әділқазы мүшелері (3), жүргізуші (1), timekeeper/уақытты есептеуші (1), көрермендер (сыныптағы қалған оқушылар) болып бөлінеді.


Әлеуметтік желілер БАҚ-тың бағы ма, соры ма?
Соңғы кезде әлеуметтік желілер БАҚ-тың орнын басады деген сөздер жиі айтылады. Тағы бірде белгілі әнші Сәкен Майғазиев «Твиттерде менің 5 мың оқырманым бар, ал елімізде 5 мың оқырманы бар газеттер көп, сондықтан да мен бір газеттің бас редакторы секілді жүк арқалаймын» дегені бар еді. Тіпті бұл тақырыпқа орай таусылмас дисскуссиялар жүргізе беруге болатындай.
Мәселен, БАҚ зерттеушісі Джоанна Блэкли әлеуметтік желілер соңғы уақыттарда дәстүрлі БАҚ құралын басып озды дейді. Әлеуметтік желілердің феномені ХХІ ғасырдың бірінші он жылдығында-ақ танылып үлгерді және көптеген БАҚ электронды нұсқаға өтіп, әлеуметтік желілердегі маркетинг қарқын алды. Бүгінде газет-журналдар мен электронды басылымдар Facebook, Twitter және Вконтакте секілді желілерді ақпарат алу мен таратуда пайдаланып отырғаны анық.
Мәселен, әлеуметтік желілерде ашылған медиа-басылымдар (басылымның жеке парақшасы) БАҚ-тың дамуына мынадай пайда әкелуде:

  • Оқырманмен тікелей байланысу үшін қолданушылардың тізімі мен координаттарын

білу;

  • Кері байланыстың болуы, белгілі бір оқиғаға қатысты пікірлесу, аудитория жинау, осы орайда аудиторияның белгілі бір ақпаратқа байланысты орнын білу;

  • Қолданушының БАҚ-тың ресми сайтына материал жариялай алуы;

  • Онлайн-басылымдар мен блогтарды дамыту;

  • Жарнамалық іскерлікпен айналысу, оны дамыту;

  • Журналистердің белгілі бір оқиғаға, тақырыпқа сұхбат, пікір, сауалнама жинау мүмкіндігі, сурет алмасу;

  • Тікелей эфирдегі оқиғаға (спорт, мемлекеттік сот отырысы мен билік өкілдерінің жиыны, төтенше жағдайлар орындары, сайлау және т.б.) трансляция ұйымдастыру мүмкіндігі.

Ал бірқатар маман әлеуметтік желілердің БАҚ құралына бәсеке келтіре алмайтын себептерді алға қояды:

  • Жарияланатын немесе жеткізілетін ақпараттың рас-өтірігі анық емес. Естеріңізде болса, «утка-ақпараттар» соңғы кезде халықты абыржытқаны бар. Оның бірі «Голливуд жұлдызы Леонардо ди Каприоның қазақтың ақыны Абай Құнанбаевтың рөлін сомдайды» деген ақпарат лезде таралып, бұқараның есін шығарғаны бар.

  • Екінші бір себебі ақпарат өз кезінде жылдам берілетін болғандықтан журналистің ақпаратты дұрыс жеткізбеуі: қате пікірлер, түсініксіз сөйлемдер, грамматикалық, лексикалық

қателіктер.
- Негативті ақпараттың лезде таралуы. Қалыптасып келе жатқан жасөспірімнің психологиялық ауытқушылықтар туғызатын ақпарат, видео, суреттер көруі. Мұндай ақпараттар тасқыны БАҚ абыройы мен әлеуметтік желінің брендіне жасалатын «қара жарнама».



Дескриптор

Білім алушы




  • берілген ақпаратқа өз пікірін білдіреді;

  • сыни тұрғыдан баға береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет