«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып



бет8/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз
Тұрсынов А. Жаңабай А. Бөлекова А. Кенжебаева А. 515АБ, практикалық сабақ, практикалық сабақ, практикалық сабақ, Презентация 2
Оқу мақсаты




9.2.7.1 Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел
ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау

Бағалау критерийі




Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Ғаламтор беттерінен алынған мәтінді түсініп оқыңыз.
Мектепте «EXPO-2017 Халықаралық көрмесі бізге не берді?» деген тақырыпта пікірталас болып жатыр. Осы пікірталаста сөйлейтін сөзіңізді дайындыңыз. Ғаламтордан алынған мәліметтерді қолданып, авторына сілтеме жасаңыз.


Шетелдік БАҚ Елордадағы ЭКСПО туралы не дейді?
Шетелдік басылымдар Елордадағы ЭКСПО көрмесі туралы не жазып жатыр?
Америкалық «FORBES» журналы халықаралық көрме туралы бірнеше жазба жариялапты. Біріншісі, «Астанада өтіп жатқан көрмеге барудың 5 себебі». Онда қазақтың ұлттық салт-дәстүрінен бөлек, әлемнің жасыл технология саласында жеткен жетістігімен танысуға болатындығы айтылған. Сондай-ақ «Астана көрмені өткізіп отырған таңғажайып қаланың бірі» деп баға берген. Аз ғана уақытта, футуристік стильде жаңа қала бой көтерді. Мақала авторы қала тұрғындарының қонақжайлылығын ерекше атап өткен. Осы журналда жарияланған тағы бір материал – «EXPO 2017 Қазақстанның әлемдік аренаға жасаған тағы бір қадамы» деп аталады.
Ал америкалық «CNN INTERNATIONAL» Елордамызға «болашақтың ғажайыбы» деп баға берді. Сондай-ақ Астананың көркем ғимараттарымен қоса, әр нысанның анықтамасын да көрсетіп өткен екен. «Болашақтың қаласы – ғарыштан қарағанда, Жер ғаламшарының кереметі іспетті көрінуі ғажап емес. Жергілікті халық өз атауымен атайтын нысандар да баршылық. Соңғы жылдары Қазақстан астанасы футуристік архитектураның да көркем үлгісін жасау үстінде» депті агенттік.
Ал қытайлық «CGTN» «Астанадағы ЭКСПО көрмесі көптің назарын аударып жатыр, әсіресе, болашақ тәуелсіз энергетиканы жасыл технологиямен байланыстырған. Қақ ортадағы «Нұр әлем» атты нысан «Болашақ энергияның музейі» ретінде таныстырылды» депті.
Беларусиялық «BELTA.BY» сайты «ЭКСПО көрмесі – Қазақстандағы соңғы жылдарда ұйымдастырылған ең ауқымды шараның бірі» деп жазады. «Көптен күткен ұлы тойдың ұйымдастыру деңгейі өте жоғары. Мұндай іс-шараны тамашалайтын қонақтың саны Олимпиада мен футболдан әлем чемпионатына келетін туристермен пара-пар» дейді әрмен қарай.
Әзірбайжанның мемлекеттік «AzTV» арнасы Елордадағы көрме туралы бірқатар сюжет дайындаған. «EXPO-2017 мамандандырылған көрмесінің әлемнің экономикалық дамыған жетекші елдерінен кейін Қазақстанда өтуі энергетика саласындағы ынтымақтастықтың ары қарай дамып, қатысушы елдерде жүзеге асырылған жаңа технологиялардың алмасуына мүмкіндік береді» депті әзірбайжандық журналистер.

Дескриптор

Білім алушы




  • мәтін деректерін дәлел ретінде қолданады;

  • авторына сілтеме жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет