оқытылатын оқулықтар мен басқа да оқу-әдістемелік құралдардың арасында алшақтық басым. Яғни қазақ тілінің грамматикасы мен басқа да шарттары түрліше оқытылуда. Әліпби де түрліше. Бір ғана мысал, қазақ тіліндегі сауатын төте жазумен ашқан Қытайдағы қандастарымыз Отанына оралғанда қазақ жазуын оқудан қиналып қалғандарына куә болып жүрміз. Осы тектес мәселелер кесірінен шартарапқа тарыдай шашылған қазақтардың басқа елдегі бауырларымен ауызша тілдесе алғанымен, жазбаша тілде ұғынысулары өте қиын жағдайда. Қазақ тілінің елдегі қолдану аясын кеңейтіп, мемлекеттік деңгейде талап күшейсе де, шеттегі қандастарымыздың ана тіліне қатысты жоғарыдағыдай мәселесі