байланысты психологиялық тұрғыда еркін жеткіз ген Ыбырай Алтынсарин шығармаларының бүгінгі күнге дейінгі жеткен тәрбиелік мәнінің мазмұны әлі де қолданыста.Ы. Алтынсариннің ұрпағына қалдырған мұрасы –ұлан - ғайыр. Небәрі жарты ғасырға жуық өмір кешкен ұстаздың өнегелі еңбегі жан – жақты зерттеліп, туған халқының керегіне жарауда.Оның күні бүгінге дейін мектеп оқушыларының әнұраны іспетті «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңінің неге тұрады?! «Біз болмасақ, Сіз барсыз, үміт еткен достарым», - деп өзі бастаған оқу – ағарту жұмыстарының алуан қырлы асқарлы істерін, бүкіл ұлт болашағын келер ұрпағына үлкен үмітпен жүктеп, келешектен қуаныш күткен ұлы ұстаздың тындырғаны көп болса да, түнек құрсауындағы қалың елінің білім нәрінен жаппай сусындатып, ғылым мен өнер үйренуінен армандауымен