көріп өскен бұйығы қыздың мінез-құлығынан мін табу қиын, ал сыртқы сұлулығы қапысыз. Тілерсегіне түскен қалың қара шашын қақ тарап, маңдайы жарқырап жүрген жас студент қыз талай жігіттің көз құртына айналып, меселін қайтарған. Тіпті, институттың мұғалімдеріне дейін, әсіресе география пәнінің оқытушысы бурыл шашты ағайының пиғылы бөтен. Ақыры, қыр соңынан қалмаған «ұстазының» қысымына шыдамаған Айна оқуын тастап АХБК-ға жұмысқа тұрады. Азиялық бет-әлпетіне көк көздері ерекше жарасатын сымбатты Ерікпен сонда жүргенде тіл табысып, кейін оған тұрмысқа шығады.Айна - құдай қосқан қосағына жан-тәнімен, ақырына дейін берілетін қазақ әйелдерінің дәстүрлі типінің жарқын өкілі, айнасы. Ол күйеуінің артынан еріп, айдаладағы тау арасына барып бірге тұрып, табиғаты қатал ортада жан бағудың барлық қиыншылықтарын қайыспай көтерісіп, сал болып қалған ауру енесін қабақ шытпай бағып-