Жансүгіровтің далаға арнаған эпикалық кең тынысты туындысы өзге ақын шығармаларынан да дәстүр жалғастығын тауып жатты. 1975 жылы «Дала, сенің ұлыңмын» деген атпен жарияланған кітабына ақын дала туралы перзенттік сүйіспеншілікке толы өлеңдер топтамасын енгізген, «Туған дала» деп басталатын бұл туындыларында ақын қазақ даласының поэтикалық портретін жасайды. Ақын туған өлкесінің тарихын зерделеп, оның алдындағы перзенттік парызын, жауапкершілігін терең сезінеді. Ақындық жолының басты шығармашылық нысанасына айналатынын ашық айтады сезіндіреді. Дала – поэтикалық образ. Ақын дала дегенде, ең алдымен, туған халқын, оның жомарт мінезі мен батырлығын, әр алуан психологиясын ұғынады. 1970-жылдары қазақ поэзиясына өзіндік үн, ерекшелігімен келген ақындардың қатарында Жарасқан Әбдірашев есімі ерекше аталары хақ. Ақын лирикасына тән ерекшелік асқақ пафос, өр екпін, шешендік