жеңіл қалжыңның желбегейін сыпырып тастап, сатираның жалаң қылышын жанына
байлаған жалаңтөс батырлығын байқата келген. Оның бұл мінезін барынша дамытып,
халық алдындағы абыройын аяққа бастырмай, керісінше, «есіктегі басын төрге
шығарғандар» француз әдебиетінде Ф. Вольтер, Ж. – Ж. Руссо, Э. Лебрен, орыс әдебиетінде
В. Тредиаковский, А. Кантемир, М. Ломоносовтар». Аталмыш жанрда шеберліктерін сынап
көрген көптеген ұлылардың есімдерін, олардың ішінде А.С.Пушкинді атауға болады.
Ұлттық әдебиетіміздің тарихына назар салсақ, эпиграмманың элементтері ілгеріде-ақ бой
көрсеткенін байқаймыз. Бұл салада Абайдың «Көжекбайға», «Шәріпке», «Жақсылыққа»,
«Қара қатынға», «Дүтбайға» сияқты өлеңдерін атауға болады. Бұл жанрға аздап болса да
Достарыңызбен бөлісу: |