Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың балдары балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес бағаға ауыстырылады.
ЖБ балдары
|
балдардың % пайыздық мазмұны
|
Баға
|
0-11
|
0-39
|
қанағаттанарлықсыз – «2»
|
12-19
|
40-64
|
қанағаттанарлық – «3»
|
20-25
|
65-84
|
жақсы – «4»
|
26-30
|
85-100
|
өте жақсы – «5»
|
Қорытынды баға оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың/қосымша жиынтық бағалаудың бағалары мен жылдық бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады.
Жылдық баға
|
Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың/қосымша жиынтық бағалаудың бағасы*
|
Қорытынды баға
|
2
|
2
|
2
|
2
|
3
|
3
|
2
|
4
|
3
|
2
|
5
|
4
|
Ескерту: * Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың/қосымша жиынтық бағалаудың бағасы қағаз журналдың «Емтихан бағасы» бағанына қойылады.
Оқу жылына арналған жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 3 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екінші компонент – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшінші компонент – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
*Тапсыр
ма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
Тапсырма
лар түрлері
|
*Тапсырмалар сипаттамасы
|
*Орындау уақыты, мин
|
Балл
|
1-2
|
8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау
8.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогте өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу
8.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 150-200 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, білім алушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады).
Білім алушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды анықтайды. Екінші білім алушы да осы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі білім алушыға жеке-жеке қойылады. Білім алушының сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдануы бағаланады.
|
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі).
|
10
|
1-8
|
8.2.3.1 мақала, аннотация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау
8.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау
|
Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Көлемі 150-200 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны, құрылымы негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.
Берілген мәтіндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Мәтін ақпаратын дәлел ретінде пайдалана отырып, ашық сұрақтарға жауап береді.
|
15
|
10
|
1
|
8.3. 4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)
8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация, тезис құрастырып жазу
8.4.4.1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Білім алушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды.
Жазылым жұмысында берілген тақырып бойынша мақала немесе берілген жағдаят бойынша баяндама тезисін жазады. Білім алушының жазылым барысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік құралдарды орынды қолдануы, берілген жанрды талапқа сай жазуы бағаланады.
|
25
|
10
|
Барлығы
|
40 минут
|
30
|
Достарыңызбен бөлісу: |