«Қазақ тілі» ПӘнінен (оқыту қазақ тілінде) 8-сыныптар үшін


Тапсырмалар мен балл қою кестесі үлгілері



бет5/8
Дата21.05.2020
өлшемі65,56 Kb.
#70199
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5. ОШ СО Қазақ тілі Т1 8 класс каз (1)

Тапсырмалар мен балл қою кестесі үлгілері


«Қазақ тілі» Т1 пәнінен жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.

[10]
1-мәтін

Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.

Сол биоалуантүрліліктің азаюына нелер себеп болып отыр? Ғаламшарымызда белгіленген аймақ пен табиғи зоналарда флора мен фаунаның бірнеше түрі тіршілік етеді. Олардың өздеріне ғана тән өмір сүру қағидалары бар: бірі құрғақ климатқа бейімделсе, енді бірі суық аймақтарда ғана тіршілігін жалғастыра алады. Жер ғаламшарындағы барлық тіршілік иесінің өмір сүруге бейімділігі 4 миллиард жыл бойына қалыптасқан. Дегенмен соңғы уақытта жиі сөз етілетін жаһандық экологиялық мәселелер биоалуантүрліліктің қысқаруына әкелді. Жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің азаюына себеп әртүрлі, олар: ормандарды үздіксіз шабу; адамдардың тұрғылықты ортасының артуы (қала, аудан, ауыл аймақтардағы тұрғындар саны артуда); атмосфераға улы газдардың бөлінуі; табиғи аймақтарды ауыл өнеркәсібіне айналдыру;  егін егуде химиялық қоспаларды қолдану; су қоймалары мен ауыз судың ластануы;  жолдардың салынуы;  өмір сүруге табиғи аймақты қажет ететін халықтың артуы;  аң аулау; экожүйенің бұзылуы;  адам қолымен жасалған экологиялық апаттар; туризм. Қазақстан аумағында сүтқоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі, ал балықтардың 150 түрі мекен етеді. Бүгінде Қызыл кітапқа өсімдіктің 387 түрі, жануарлардың 120-дан астам түрі енген.  Бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде түрлі орталықтар жұмыс істейді. Олар түрлі шаралар ұйымдастырып қана қоймай, бір мақсатта қызмет ететін адамдардың басын қосады. Еріктілер де белсенді атсалысады.

Сіз өз еліңіздің табиғатын қорғау үшін не істедіңіз?
2-мәтін

Қазақстанда экологиялық туризмнен бастап iскерлік туризмге дейін туризмнің барлық түрлерiн дамытуға болады.

Қазақстанда бүгiнгi күні туризмнің келесi түрлерi жетiліп келеді:

Мәдени-танымдық туризм. Туристер Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалаларға барып, қола дәуіріндегі Тамғалы петроглифтарын немесе әйгілі Маңғыстау қорымдарын көре алады. Қазақстанның заманауи өмірімен, Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен және Ақтау қалаларында танысу қолайлырақ болады.

Экологиялық туризм. Қазақстан аумағында 12 ұлттық табиғи парк және 10 қорық бар.

Спорттық туризм. Қазақстан тау шаңғы туризмі, альпинизм, су туризмі, ат туризмі, велотуризм және тағы басқа бағыттар бойынша спорттық туризм үшін керемет жағдайлар ұсынады.

Сауықтыру туризмі. Қазақстан – емдік-сауықтыру туризмі үшін керемет лайықты жер. Оның ерекшелігі емдік табиғи ресурстарды белсенді қолдануында: ыстық бұлақтар, емдік қасиеті бар батпақтар, ем болатын климат.

Іскерлік туризм. Іскерлік туризм жыл сайын қонақтардың көбісін Қазақстанның ірі қалаларына баурайды. Ол, бірінші кезекте, Астана, Алматы және Атырау. Мұнда көптеген шетелдік бизнес-туристерді елге тартатын түрлі-түрлі аймақтық және халықаралық конференциялар, саммиттер, симпозиумдар жиірек өткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет