«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата20.10.2023
өлшемі1,13 Mb.
#186900
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 7кл

Тапсырма 
1. Мәтінді тыңдаңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, 
дәлелді жауап беріңіз.
2. Жұбыңыздың жауабын тыңдап, өз жауабыңызмен салыстырыңыз. Көзқарастарыңызда 
ұқсастықтар немесе айырмашылықтар бар ма?
[10] 
1-мәтін 
Бір адам судан бір құлап-бір тұрып шыға алмай тұрған шаянды көреді. Шаянды 
құтқару ниетімен адам қолын созғанда шаян оны шағып алады. Адам шаянды сонда да судан 
құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап қайта-қайта 
шаққан шаянды несіне құтқарасың деп ақыл айтады. Сонда жаңағы кісі: «Шағу шаянның 
табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Неге шаянның табиғатында шағу 
бар деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартайын?» деген екен.
«Адамзат өз ойларымен, өзгенің ойларымен, өз сезімдерімен, өзгенің сезімдерімен 
(яғни өзгенің сезімдерін түсіну, оларды басқару арқылы) өмір сүреді. Ең жақсы адам – өз 
ойымен және өзгенің сезімдерімен күнелтетіндер. Адамның ең жаманы – өзгенің ойларымен 
және өзінің ғана сезімдерімен тыныстағандар. Ал енді бір адамдар өзінің де, өзгенің де 
ойларынан ада, өз сезімдерінен де құралақан болып келеді де, тек өзгенің сезімімен өмір 
сүреді. Бұлар – өз-өзінен шеттетіліп, бос қуыс боп қалған ақымақтар. Енді бір адамдар тек 
қана өз сезімдерімен өмір сүреді, бұлар – хайуани адамдар. Ал тек өзінің ойларына ғана 
сүйеніп тіршілік құрғандар – данышпандар мен пайғамбарлар. Содан соң, тек қана өзгенің 
ойларымен өмір сүретіндер бар. Олар – оқымысты ақымақтар», - дейді Лев Толстой. 
Cұрақ: 
Әлемде сүйіспеншілік болмаса не болар еді? Сүйіспеншіліктің соңы, шегі болмайды дегенге 
сіздің ойыңыз қандай? 
2-мәтін
Музыканың адам өміріндегі орны ерекше. Музыка адамды шаттыққа бөлейді, мұң-
зарын сейілтеді. Музыканың әсерінің күштілігі соншалық, адамдардың мінез-құлқы мен 
салт-дәстүрін өзгерте алады екен. Қытайлық музыка зерттеушісі Сыма Цяньның былай 
дейді: «Дүниеге келген адам баласы өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілей туады. Ал 
қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі сыртқы әсерге 
адам сезімінің өзгеруі, сезімді қалыптастыратын сыртқы әсерлер. Сондықтан баяу, зарлы 
әуен бел алғаны халықтың мұңға батқанын, ерке, еркін, жайдары, жеңіл әуен бел алса, 
халықтың шат-шадыман ғұмыр кешкенін, қатқыл, қаһарлы, жігерлі, асқақ, кең орамды әуен 


19
бел алса, халықтың өзіне-өзі сенімді де табанды болғанын, қоңыржай, ашық, орнықты, 
байсалды әуен бел алса, халықтың сыпайы да ізетшіл болғанын, жүрекке жылы, жанға 
жайлы әуен бел алса, халықтың мейірім мен махаббатқа бөленгенін, жанығып, жан ұшырған, 
ырду-дырду әуен бел алса, халықтың бейбастақтыққа белшесінен батқанын білдіреді».
Сұрақ: 
Музыканың адамға пайдалы және зиян жақтары қандай? Музыка адамға әсер етеді деген 
шын сөз бе? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет