«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата20.10.2023
өлшемі1,13 Mb.
#186900
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 7кл
ТЖБ қаз тіл 1тоқ, Салтанатты Галикарнас, Патриотизм - ұлттық руxтың символы, 31.01 Шұғаның белгісі хикаятының тақырыбы мен идеясы, stud.kz-68033, Қобыланды батыр кейіпкер және шынайы өмір БЖБ, 7919, Абай ашық сабақ
Барлығы 
45 минут 
30 


«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
 
Сүйіспеншілік пен достық. Морфология 
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология 
 
Тыңдалым мен айтылым 
Тапсырма 
1. Мәтінді тыңдаңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, 
дәлелді жауап беріңіз.
2. Жұбыңыздың жауабын тыңдап, өз жауабыңызмен салыстырыңыз. Көзқарастарыңызда 
ұқсастықтар немесе айырмашылықтар бар ма?
[10] 
1-мәтін 
1. Өміріңді қуанышқа толтыр. Мейірімге оранып, махаббатпен жылын, бақытты үстіңе ки.
2. Адал дос – сенің есігіңнен бүкіл әлем шығып кеткенде де іркілместен сол есіктен кіретін 
жан...
3. Сені тыңдауға досыңның әрқашан уақыты табылады.
4. Бұл фәниде бір ғана шынайы құндылық бар – адамның адаммен рухани теңгерімі.
5. Дос адамдар мінсіз болуы шарт емес. Басыңа іс түскенде жаныңнан табылса болғаны.
6. Егер мен бір адамды жақсы көрсем, онда оның жан жүрегін жылытқым келеді.
7. Кейде сені әлемге қайтару үшін саған мүлтіксіз сенетін жанның бір ауыз жылы сөзі де 
жеткілікті.
8. Адал достықтың өз ғажабы бар. Жай адамдарға ол сезілмейді.
9. Жеңімпаздың досы көп. Алайда жеңілгеннің досы адал.
10. Достық – бұл бір сүйіспеншілік. Махаббат достықсыз болуы мүмкін. Ал сүйіспеншіліксіз 
достық болмайды.
11. Достық – үлбіреген гүл... Достықты бағалаңыз! 
12. Достарыңызға олардың қолдауы өте керек екенін айта жүріңіз!
13. Сен менің ең жақын досымсың! 
14. Тек адал дос қана досының осалдығын көтере алады.
15. Шынайы достықтың шекарасы жоқ.
16. Сені әрдайым қолдап отыратын адамды таба білу керек. 
Cұрақ: 
Достықтың шынайы екенін қалай түсінуге болады? Сүйіспеншілік пен достық, олардың 
қандай ортақ белгілері бар? 
2-мәтін
- Қазақтың асқақ ақындары мен әйгілі композиторлары өз өлеңдері мен музыкаларын 
халықтың жанына, жүрегіне осы аспаппен жазған. Тілін түсінбейтін басқыншы армияның 
алдынан шығып біздің ежелгі дипломаттарымыз бен парламентерлеріміз осы домбыра 
үнімен жауап берген, оларға өз ультиматумын домбыра күйімен ұқтырған. Күй қазақтың жер 
қайысқан қалың қолы бар екенін, олар жер бетінде бір жауынгер қалғанынша өзінің туған 
жерін қорғайтынын, оларға туған жердің асқар-асқар таулары мен күркіреген өзендері 
көмектесетінін айтқан. Қазақтың кең даласы келген дұшпанның басына кебін боп 
кептелетінін білдірген. Есің барда елің тап, кейін қайт деген. Міне, бұл домбырамен осындай 
ноталар жазылған. Бұған дәлел қазақта «Ақсақ кұлан» деген күй бар. Жошы ханның бір 
баласы аң аулап жүргенде оны дала тағысы, хан ұлының оғы жаралаған ақсақ құлан шайнап 
өлтіреді. Хан аңға кеткен ұлының кешіккенінен күдіктеніп, оны іздеуге жер жайын білетін 
бір топ қазақтарды аттандырады.


18
- Өлді деген хабар әкелсеңдер, айтқан кісінің көмейіне ерітіп бір бақыр қорғасын құямын! - 
дейді хан. Қазақтар іздеп келіп құланнан ажал тапқан қатыгез хан баласының сүйегіне 
кездеседі. Бір жас қазақ батыры ләм деп аузын ашпастан, тізерлеп отыра қалады да, қара 
домбыраны безілдете кеп жөнеледі. Күйден хан баласының аңға шыққаны, дүсірлетіп құлан 
қуғаны, айғыр кұланды аяғынан жаралағаны танылып тұрады. Кенет шоқақтаған құланның 
дүсірі күшейіп, қуғыншыға тап бергені білінеді. Сол кезде домбыра ішектерінен: «өлдім, 
өлдім!» деген екі айқын естіледі. Осы жерге жеткенде батыр күйді үзеді де, домбырасын 
алдына көлденең қойып, ханға қайтадан бас иеді.
Қазақтың универсалды аспабы домбыра арабтар басқыншылығынан әлдеқайда бұрын 
болған.
Бауыржан Момышұлы
Сұрақ: 
Адамдардың бәрінің бірдей музыкалық қабілеті бола бермейді, дегенмен барлығы музыканы 
сүйіп тыңдайды. Неліктен?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет