«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет17/22
Дата20.10.2023
өлшемі1,13 Mb.
#186900
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 7кл

Балл қою кестесі 
Тыңдалым және айтылым 
Балл 
Коммуникативтік құзыреттілік 
Грамматикалық құзыреттілік 

Мәтінде көтерілген мәселені терең 
түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін 
мәтінмен, басқа да дереккөздердегі 
ақпараттармен 
байланыстырып, 
ұтымды жеткізеді. Фактілік және автор 
көзқарасын ажыратып, себебін өте 
жақсы 
түсіндіреді. 
Дәйектемелері 
көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты.
Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен 
жеткізеді. 
Ой 
мен 
ойды 
байланыстыруда 
грамматикалық 
дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік 
қоры мол. Паразит сөздер мен 
қайталаулары 
жоқ. 
Жеке 
пікірін 
білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау 
сөздерді 
өте 
орынды, 
тиімді 
пайдаланады. 

Мәтінде көтерілген мәселені жақсы 
түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін 
мәтінмен, басқа да дереккөздердегі 
ақпараттармен 
байланыстырып, 
жеткізеді. 
Фактілік 
және 
автор 
көзқарасын ажыратып, себебін жақсы 
түсіндіреді. Дәйектемелері көзқарасын 
дәлелдеуде орынды. Талқылау кезінде 
мәтін аясында ашық сұрақтар қояды.
Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен 
жеткізеді. 
Ой 
мен 
ойды 
байланыстыруда 
грамматикалық 
дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры 
жеткілікті. 
Паразит 
сөздер 
мен 
қайталаулар аздап кездеседі. Жеке 
пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен 
оқшау сөздерді орынды пайдаланады. 

Мәтінде 
көтерілген 
мәселені 
қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін 
көрсетеді. 
Өз 
пікірін 
мәтін 
ақпараттармен 
байланыстырып 
жеткізеді. 
Фактілік 
және 
автор 
көзқарасын ажыратуы қанағаттанарлық. 
Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде 
үнемі орынды бола бермейді, кейде 
негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар 
кездеседі. Талқылау кезінде мәтін 
аясында ашық, жабық сұрақтар қояды.
Ойын 
кейде 
аяқталған, 
аракідік 
синтаксистік құрылымы сақталмаған 
сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды 
байланыстыруда 
грамматикалық 
қателері 
кездеседі. 
Сөздік 
қоры 
қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен 
қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін 
білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау 
сөздерді 
орынды, 
орынсыз 
пайдаланады. 

Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі 
деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз 
пікірін 
мәтін 
ақпараттармен 
байланыстыра 
жеткізуде 
қолдауды 
қажет етеді. Фактілік және автор 
көзқарасын шатастырады. Көзқарасын 
дәлелдейтін 
дәйектемелері 
сирек, 
көбіне жалпылыққа ұрынады. Талқылау 
кезінде қойған сұрақтары жабық 
сұрақтар шеңберінде болып келеді.
Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай 
сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік 
құрылымдарды қолданады. Ой мен 
ойды байланыстыруда грамматикалық 
қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры 
күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. 
Паразит сөздер мен қайталаулары жиі 
кездеседі. Жеке пікірін білдіруде 
қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді 
орынсыз пайдалануы жиі кездеседі. 

Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте 
шектеулі. 
Факті 
мен 
көзқарасты 
ажырата алмайды. Ақпаратқа қатысты 
жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, 
көбінесе, дайын ақпаратты қайталап 
беру деңгейінде. Себебін түсіндіруі аз. 
Жабық сұрақтармен шектеледі.
Ойын 
аяқтамайды, 
қарапайым 
синтаксистік 
құрылымдармен 
шектеледі. Грамматикалық дағдылары 
жетіспегендіктен, 
ой 
мен 
ойы 
байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит 
сөздер 
мен 
қайталаулары 
негізгі 
лексикадан басым.


32
Оқылым 
№ 
Жауап 
Балл саны 
Қосымша ақпарат 

Кестеде берілген ақпараттарды жазбаша 
түсіндіреді. 
Тақырыбын ашады 
Мазмұнына тоқталады 
Қорытынды ойын жеткізеді



Оқушы жауабы 
ескеріледі 

Кестеде берілген қарапайым ережелерге қатысты 
өз әрекетіңізді 2-3 сөйлеммен түсіндіреді. 



Сұрақтарға берген дұрыс жауабы ескеріледі.




Әр сұраққа берген 
жауабы үшін 1 
балл беріледі 
Барлығы: 
10 
Жазылым 
Балл 
Сипаттамасы 
9-10 
Оқырманның түсінуіне ыңғайлы етіп бастапқы мәтінді ықшамдап береді. 
Ықшамдау барысында мәтіннің негізгі мағыналық-құрылымдық бірлігін 
сақтайды, басы артық элементтерді алып тастайды. Тақырыптың мазмұнын толық 
ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тілдік құралдарды 
(авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-
мәтелдер т.б.) өте шебер қолданады. Сюжеті логикалық тұрғыдан өзара 
байланысты, жүйелі. Сөздік қоры мол. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің 
болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы 
диалог және т.б.), жазу стиліне қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.
7-8 
Оқырманның түсінуіне ыңғайлы етіп бастапқы мәтінді ықшамдап береді. 
Ықшамдау барысында мәтіннің негізгі мағыналық-құрылымдық бірлігін 
сақтайды, басы артық элементтерді алып тастауға тырысады. Тақырыптың 
мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тілдік 
құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш 
құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) қолданауға тырысатыны байқалады. Сюжеті 
логикалық тұрғыдан өзара байланысты, жүйелі. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрлық 
ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, 
кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.), жазу стиліне қарай бірізділікті 
сақтайды. 
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі. 
5-6 
Оқырманның түсінуіне ыңғайлы етіп бастапқы мәтінді ықшамдап береді. 
Ықшамдау барысында мәтіннің негізгі мағыналық-құрылымдық бірлігін сақтауға, 
басы артық элементтерді алып тастауға тырысады. Тақырыптың мазмұнын ашуы 
жеткіліксіз. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тілдік құралдарды 
(авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-
мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Сюжеті логикалық 
тұрғыдан аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. 
Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер 
жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.) сақтайды. Жазу стиліне қарай 
бірізділіктен ауытқу бар.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі. 


33
3-4 
Оқырманның түсінуіне ыңғайлы етіп бастапқы мәтінді ықшамдап береді. 
Ықшамдау барысында мәтіннің негізгі мағыналық-құрылымдық бірлігін 
сақтайды, басы артық элементтерді алып тастайды, бірақ толық емес. 
Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Оқырманға ерекше әсер беру 
мақсатымен көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз 
тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, 
орынсыздық байқалады. Сюжеті логикалық тұрғыдан байланыспайды. Сөздік 
қоры шектеулі. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған 
эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.) сақтайды, 
бірақ толық емес. Жазу стиліне қарай бірізділік жоқ.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі. 
1-2 
Оқырманның түсінуіне ыңғайлы етіп бастапқы мәтінді ықшамдап беруі 
байқалмайды. Ықшамдау барысында мәтіннің негізгі мағыналық-құрылымдық 
бірлігі сақталмайды, басы артық элементтер алынбаған.Тақырыптың мазмұнын 
ашпайды. Көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз 
тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) қолданбайды. Сюжеттің 
логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, 
оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог 
және т.б.) сақтамайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет