«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет16/22
Дата20.10.2023
өлшемі1,13 Mb.
#186900
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 7кл

 
Оқылым
Тапсырма 
1. Мәтінге (графиктік) назар аударыңыз. Мәтінде берілген ақпараттарды 5-6 сөйлеммен 
жазбаша түсіндіріңіз.
 
Мәтін тақырыбы:
_______________________________________________ 
______ 
_____________________________________________ 
Мәтіннің мазмұны
______________________________________________ 


28
Қорытынды ой: 
________________________________________________ 
[6] 
2. Кестеде берілген қарапайым ережелердің ішінен біреуін таңдап, сол ережеге қатысты өз 
әрекетіңізді 2-3 сөйлеммен түсіндіріңіз. 
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________ 
[2] 
3. Мәтін бойынша екі проблемалық сұрақ құрастырыңыз. 
Мәтін
Сұрақтар: 
1) 
2) 
[2] 
Жазылым
Берілген тұтас мәтіндердің бірін таңдаңыз. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды сақтай отырып, 
жинақы мәтін жазыңыз. Мәтін жазуда тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен 
ауыстырып қолданыңыз, шылау түрлерін ескеріңіз.
[10] 
1. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңыз. Мәтін жазуда тірек 
сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырып қолданыңыз, шылау түрлерін 
ескеріңіз. 
Тұтас мәтін 
Жинақы мәтін 
Ғаламтор бізге жақсыны да, жаманды да үйретуші. Тек 
сол нәрселерді іріктей білуіміз қажет.
Қазіргі таңда барлығы қолжетімді. Мысалы: алғымыз 
келген дүниені жеткізу қызметі арқылы алып, уақыт 
үнемдеуге болады. Бұрынғы кездегідей кітапхананы 
шарлап, білім қуып, оқитын кітапты іздеудің де керегі 
жоқ. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жаңалықтарды да 
елден бұрын білуіңізге болады. Денсаулығыңыз сыр 
берсе, оның емін де тауып, үй жағдайында 
қолдануыңызға болады. Алыс туысты жақындатып, 
жақын туысты бауыр еткен ғаламтордың пайдасы көп.
Отбасын осында тапқан қаражатпен асырап отырған 
жандар қаншама. Түрлі блогерлер, кәсіпкерлер, 
мобилографтар. Алыстағы туысқанмен бір сәтте видео 
арқылы байланыстың өзі қандай қуаныш сыйлайды. 
Оқудағы баласын, шетелдегі бауырын сағынған жанға 
таптырмас дүние. Шынайы кездескендей болмаса да, бір 
ауық мауқыңды басуға болады. 
Міне, біз жамандайтын ғаламдық тор осындай. Зияны 
жоқ демеймін, дегенмен әрбір дүниенің жақсы жағынан 
қарап, іздей білсек оны да табатынымыз анық.


29
2. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңыз. Мәтін жазуда тірек 
сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырып қолданыңыз, шылау түрлерін 
ескеріңіз. 
Тұтас мәтін 
Жинақы мәтін 
Бір қырғыздың жігіті қазақ қызына ғашық болыпты. Сол 
жігітке қазақ қызының айтқан сөзі.
-Жақсы қызды жар еткіңіз келеді. 
Еліңізге келін болман, себебі: 
Том-тарихты ақтарғанда болашақ 
Қазақ болып қалу керек дерегім. 
Бастарында болғаннан соң «бостандық», 
Қаншама қыз «өзге» жастық жастанды. 
Ел болмайтын «жиендерді» көбейтіп, 
Қазағыма жасамаймын қастандық … 
Зор білекті батыр тусам, қайтемін? 
Жар астында жасырынған жау болар. 
Дүр жүректі хакім тусам, қайтемін? 
Ел арасын алшақтатар дау болар. 
Жез таңдайлы әнші тусам, қайтемін? 
Өнер шіркін өзге ұлтқа жолданар. 
Шеберленген күйші тусам, қайтемін? 
Сатқындықтың сорақысы сол болар. 
Ұрпағымды сүйгенмен, 
Ұлтым үшін күйгенде, 
Белгілі ғой жұлдызымның жанбасы. 
Әйел - ердің қабырғасы білгенге, 
Бір қазағым «қабырғасыз» қалмасын. 
Үрдің қызы күтіп жүр-ау сізді де 
«Қабырғаңыз» болғасын. 
Достық туын желбіретсек… 
Достық сөзі сүйерім! 
(Адал дос деп сізге басты иемін). 
…Өзге ұлтта алынбаған өшім жоқ, 
Өз ұлтымды «өзгешелеу» сүйемін. 
Сондықтан да, қазақ болсын күйеуім! 
3. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңыз. Мәтін жазуда тірек 
сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырып қолданыңыз, шылау түрлерін 
ескеріңіз. 
Тұтас мәтін 
Жинақы мәтін 
Адам қай жаста болмасын дұрыс тамақтана білуі – 
мықты денсаулық кепілі.
20-30 жастан кейін 
Бұл адам өміріндегі ең белсенді кезең. Дәл осы жас 
аралығында әрбір адам дұрыс тамақтану тәртібіне аса 
көңіл бөлгені жөн. Үйде әзірленген тағамды тұтынса 
тіпті жақсы және де күн сайын көкөністер, жеміс-
жидектер жеп, майлы тағамдардан бас тарту қажет.
40 жастан кейін
Дәл осы жастан бастап адам ағзасында қартаю процесі 
жүреді. Осы кезде құрамы дәруменге бай жеміс-
жидектерді, көкөністерді, теңіз өнімдерін көбірек 


30
тұтыныңыз. Осы тәріздес тағамдар арқылы ағзаны 
қажетті минералдармен, дәрумендермен қамтамасыз ете 
аласыз.
50 жастан кейін 
50 жастан асқан соң балық жеген дұрыс. Балықты 
аптасына екі рет тұтыныңыз. Сүйекті нығайту үшін 
құрамы кальцийге бай сүт, йогурт, ірімшік, сүзбе, 
қызылша және жаңғақты ас мәзірінде көбірек тұтынған 
абзал.
60-70 жастан кейін 
Бұл кезде жемістер мен көкөністерді көбірек жеп, 
шөлдемесе де су ішіп, ағзаны қажетті қамтамасыз етіп 
отырған жөн.


31


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет