«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата20.10.2023
өлшемі1,13 Mb.
#186900
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 7кл

Барлығы 
45 минут 
30 


«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
Ғаламтор ғаламаты. Морфология 
Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология 
Дұрыс тамақтану. Морфология 
 
Тыңдалым мен айтылым 
Тапсырма 
1. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтіннен факті мен автордың көзқарасын білдіретін ақапараттарды 
табыңыз және себебін түсіндіріңіз. 
2. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап 
беріңіз. Жұбыңыздың жауабын тыңдап, өз жауабыңызмен салыстырыңыз. 
[10] 
1-мәтін
Бүгінгі күнмен қарасақ, ғаламторсыз өмір – көштің соңында қалған адаммен тең. 
Интернет ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жедел қарқынмен дамып келеді. Алғаш 1969 
жылы «ARPANET» деп аталатын интернет желісі компьютерлер мен телефондарда 
орнатылған. Бұл күнде ғаламторды тұрақты пайдаланушылар саны 1,5 млрд адамнан асқан. 
Бұл жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламторға тәуелді деген сөз. 
Ғаламтор өзге елдегі таныстарыңмен тегін сөйлесуге, кітаптарды электрондық нұсқада 
оқуға, киноны үйде тамашалауға, танысуға, газет-журналдың ақпаратын оқуға, өзіңді 
жарнамалауға кең мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда интернетті жастар көп пайдаланады. Психологтардың мәліметі бойынша, 
компьютерлік мобильді интернетті пайдаланушылардың 65 %-ы жас жеткіншектер екен. 
Соның ішінде пайдаланатын адамдардың 60-70 %-ы интернетке тәуелді. Әлеуметтік желіде 
мың досы бар адамдардың шын өмірінде сыр бөлісетін жалғыз досы да жоқ болуы мүмкін. 
Жасөспірімдер әлеуметтік желілерге көбінесе түнде кіреді, соның салдарынан күндіз 
меңіреу, селқос жанның күйіне енеді. Ұйқысы қанбай, күн тәртібі бұзылады, тіпті уақытылы 
тамақтануды да ұмытады.
Адамзаттың көп дүниеге қолжетімділігін жеңілдеткен ғаламтордың пайдалы 
тұстарымен қоса зияны да бар. Алтын уақытыңды бөліп ғаламторға кіргенде тек пайдалы 
ақпараттармен сусындауға тырысыңыз.
Cұрақ: 
Ғаламтор бізге қандай мүмкіндіктер береді? Ғаламтор адамзаттың ең үлкен жетістігі 
деген сөзбен келісесіз бе?
 
2-мәтін
Қазіргі таңда ақпарат құралдарында, телеарналарда Қазақстандағы халықтар достығына 
байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер, фильмдер жиі беріле бастады. Өйткені, оның 
өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы 
адамзатты жақсы көреді. Таяуда еліміздегі ұлттар достығын дәріптейтін оқиға 20 сериялық 
«Туған жер» телехикаясы Алматы қаласының маңында түсірілді. Еліміздің қай өңірінде 
болса да түрлі ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатыр. Көне қала ұлттар достығына қатысты 
талай тарихқа куә. Осындай оқтиғалардың бірін режиссер Елдар Қапаров «Туған жер» 
телехикаясына арқау етті. «Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды». Телехикаядағы 
оқиғалар желісі арқылы осы сезімнің тереңіне сүңгисің. Картинада танымал қазақ 
актерларымен бірге корей, неміс театрларының актерлері де бой көрсетеді. Солардың бірі 
кезінде тарихи отанына кетіп, енді Қазақстанға екі бірдей немересін іздеп келіп, осындағы 
ұлттар мен ұлыстардың шынайы татулығы арқылы өміріне мән тапқан Василий Ли рөліндегі 
Олег Сафронов. 


26
«Кинодан бөлек өзім туралы айтар болсам, мен Өзбекстанда дүниеге келгенмін. 1970 
жылдары Алматыға келіп 3 бірдей оқу орнын бітірдім. Мен мұндай мүмкіндіккке басқа елде 
қол жеткізе алмас едім. Театрда бас режиссер болып жұмыс істеп келемін, 1971 жылдан 
бері киноға да түсіп жүрмін. Осынша жетістікке жету басқа бірде бір елде мүмкін емес 
деп айтар едім
», - дейді Олег Сафронов. 
Cұрақ: 
Адам баласына адам баласының бәрі дос бола ала ма? Адамзаттың бәрін бауырым деп сүйе 
аламыз ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет