«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата20.10.2023
өлшемі1,13 Mb.
#186900
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 7кл
ТЖБ қаз тіл 1тоқ, Салтанатты Галикарнас, Патриотизм - ұлттық руxтың символы, 31.01 Шұғаның белгісі хикаятының тақырыбы мен идеясы, stud.kz-68033, Қобыланды батыр кейіпкер және шынайы өмір БЖБ, 7919, Абай ашық сабақ
 
Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, 
шағын мақала құрастырып жазыңыз. Жазба жұмысында етістіктің шақ, рай түрлерін 
қолданыңыз. 
[10] 
1. Бүгінгі таңда сіз, адал достың бар екеніне сенесіз бе? Осы сұрақты негізге алып, достықта 
адалдық керек екенін дәлелдейтін шағын мақала құрастырыңыз.
2. Әбу Насыр әл-Фараби: «Музыканың байсалдылығынан айрылған адамды түзетуге, қызба 
адамды бірқалыпты ұстауға құдіреті әбден жетеді»,– деп жазған екен. Классикалық 
әуендердің адамдардың өмірге деген құштарлығын арттыратынына оқырманның көзін 
жеткізетіндей, ой салатындай шағын мақала құрастырыңыз.
3. Жаңа мереке «Ұлттық домбыра» күні белгіленді. Әр жыл сайын шілденің алғашқы 
жексенбісінде аталып өтеді. Ұлттық домбыра күні қалай тойланады? Жоспарлы іс-шараға
негізделген шағын мақала құрастырыңыз.


21
Балл қою кестесі 
Тыңдалым және айтылым 
Балл 
Коммуникативтік құзыреттілік 
Грамматикалық құзыреттілік 

Мәтінде көтерілген мәселені терең 
түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін 
мәтінмен, басқа да дереккөздердегі 
ақпараттармен 
байланыстырып, 
ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері 
көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, 
нақты.
Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен 
жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда 
грамматикалық дағдыны өте жақсы 
қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит 
сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке 
пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен 
оқшау сөздерді өте орынды, тиімді 
пайдаланады. 

Мәтінде 
көтерілген 
мәселені 
жеткілікті деңгейде түсінгендігін 
көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, 
басқа 
да 
дереккөздердегі 
ақпараттармен 
байланыстырып, 
жеткізеді. 
Дәйектемелері 
көзқарасын дәлелдеуде орынды.
Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен 
жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда 
грамматикалық 
дағдыны 
жақсы 
қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. 
Паразит сөздер мен қайталаулар аздап 
кездеседі. 
Жеке 
пікірін 
білдіруде 
қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді 
орынды пайдаланады. 

Мәтінде 
көтерілген 
мәселені 
қанағаттанарлық 
деңгейде 
түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін 
мәтін 
ақпараттармен 
байланыстырып 
жеткізеді. 
Дәйектемелері 
көзқарасын 
дәлелдеуде үнемі орынды бола 
бермейді, кейде негізгі мәселеге 
қатыссыз пайымдаулар кездеседі.
Ойын 
кейде 
аяқталған, 
аракідік 
синтаксистік құрылымы сақталмаған 
сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды 
байланыстыруда 
грамматикалық 
қателері 
кездеседі. 
Сөздік 
қоры 
қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен 
қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін 
білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау 
сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады. 

Мәтінде 
көтерілген 
мәселені 
шектеулі деңгейде түсінгендігін 
көрсетеді. 
Өз 
пікірін 
мәтін 
ақпараттармен 
байланыстыра 
жеткізуде қолдауды қажет етеді. 
Көзқарасын 
дәлелдейтін 
дәйектемелір 
сирек, 
көбіне 
жалпылыққа ұрынады..
Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай 
сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік 
құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды 
байланыстыруда 
грамматикалық 
қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры 
күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. 
Паразит сөздер мен қайталаулары жиі 
кездеседі. 
Жеке 
пікірін 
білдіруде 
қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді 
орынсыз пайдалануы жиі кездеседі. 

Мәтінде 
көтерілген 
мәселені 
түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа 
қатысты жеке көзқарасы мен пікірі 
жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты 
қайталап беру деңгейінде. Себебін 
түсіндіруі аз.
Ойын 
аяқтамайды, 
қарапайым 
синтаксистік құрылымдармен шектеледі. 
Грамматикалық 
дағдылары 
жетіспегендіктен, 
ой 
мен 
ойы 
байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит 
сөздер 
мен 
қайталаулары 
негізгі 
лексикадан басым.
Оқылым
№ 
Жауап 
Балл саны 
Қосымша 
ақпарат 


22

Сұрақтарға берген дұрыс жауабы ескеріледі.
А мәтіні 


Ә мәтіні 






Әр сұраққа 
берген жауабы 
үшін 1 балл 
беріледі 

Өз ойын білдіреді 
Мәтіндерді негізге алады 
Авторларына сілтеме (автордың көзқарасы, ойы, 
көтерген мәселесі) жасайды 



Оқушы 
жауабы 
ескеріледі 

Өз пікірін білдіреді
Мәтіндерді негізге алады
Мәтіндегі кейбір ойларды қолданады 



Барлығы: 
10 
Жазылым 
Балл 
Сипаттамасы 
9-10 
Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен 
тіл құралдарын барынша (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар 
көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес орынды қолданады. 
Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрдың 
құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ 
сақтайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.
7-8 
Тақырыптың мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл 
құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, 
мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойын 
логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрдың 
құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті сақтайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі. 
5-6 
Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты 
сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) 
сирек болғанымен, орынды қолданады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі 
аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрдың 
құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен 
ауытқу бар.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі. 
3-4 
Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты 
сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) 
сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі 
байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін 
сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділік жоқ.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі. 
1-2 
Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Жанрға сәйкес тіл құралдарын қолданбайды. 
Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін 
сақтамайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет