«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет19/22
Дата20.10.2023
өлшемі1,13 Mb.
#186900
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 7кл

Барлығы 
45 минут 
30 


«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
 
Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология 
Ғылыми фантастика. Пунктуация 
 
Тыңдалым мен айтылым 
Тапсырма 
1. Мәтінді тыңдап, онда көтерілген басты мәселені өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
2. Мәтіннен автордың көзқарасын білдіретін ақапаратты табыңыз және себебін түсіндіріңіз. 
[10] 
1-мәтін
Жеңіс күні посткеңестік кеңістікте ғана емес, сонымен қатар Гитлерге қарсы коалиция 
елдерінде де атап өтіледі. Тарихи тұрғыдан алғанда, фашизмді жеңу әр елде әртүрлі күні 
тойланады және әр елдің өзіндік ерекшелігі бар. 
Германия 
Қазір Германияда 8 мамыр азаттық күні деп аталады. Берлинде ескерткіштерге гүл шоқтары 
қойылады. 8 және 9 мамырда Берлинде фашизмді жеңу құрметіне митингілер мен шерулер 
өтеді.
Ұлыбритания 
9 мамырда Ұлыбританияда «Белфаст» крейсер-мұражайында концерт өтеді. Уиллям Хейг 
британдықтар соғысқа қатысып, Жеңіске үлес қосқандардың бәрін құрметтеуі керек дейді.
АҚШ 
АҚШ-та Жеңісті 7 мамырдан бастап үш күн тойлайды. 8 мамырда АҚШ-та дәстүрлі еске алу 
рәсімдері өтеді.
Франция 
8 мамырда қалалар көптеген жалаулармен безендіріліп, көшелерде патриоттық әндер 
шырқалады. Белгісіз солдат мемориалына гүл шоқтарын қояды. 
Нидерланд және Дания 
Голландия мен Данияда Жеңіс күні 5 мамырда атап өтіледі. Бұл елдер дәл осы күні 
босатылған еді. Жыл сайын ескерткіштерге гүл шоқтары қойылады.
Израиль 
Израильде фашизмді жеңу күнін 8 мамырда да, 9 мамырда да атап өтеді. 
Прибалтика 
Балтық маңы елдерінде 8 мамыр – еске алу күні, бірақ бұл күні жұмыс. Ата-бабаның 
жеңісіне мақтанудан бұрын қаза тапқандар үшін қайғыру маңызды саналады. 
2-мәтін
... Фашист бастық үнсіз. Бір кезде:
- Сібір жақта қазақтар қоныстанған Қарасу дейтін ауыл бар. Сол елдің ақсақалы Ақмырзаның 
өкіл ұлымын, қазақша атым – Балдамер, - деді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде осы неміс баласы орыстардың қолына тұтқын болып 
түскен екен. Өкпеге тиген суықтан нашар қалге түскен. Мұны сонда келген қазақ сұрап 
алады. Шанада неміс есін жиса, қазақ ән салып келеді. Сондағы әні «Қараторғай» екен. 
Немісті үйіне әкеп қымыз беріп, тыңайтады. Адам қатарына қосылған Балдамер (немісше - 
Вальдемар) қазақша үйреніп алады. Ақмырза той жасап, Балдамерді бала қылады. Балдамер 
мектепте неміс тілі бойынша сабақ береді. 
Бірақ заманның тарылып келе жатқанын аңдаған Ақмырза: «Балам, саған айтар екі 
ұсынысым бар. Қайсысын қабылдайсың өзің шеш!». Біріншісі, үйлен де осында қал, екіншісі, 
еліңе қайт! - дейді. Балдамер еліне қайтуға шешім қабылдайды. 1930 жылы Дрезденге 
оралады. 


37
- Мені шығарып салған Ақмырза әкем: - Балам, саған бір аманатым бар. Қай жерде қазақтың 
баласын көрсең қамқор бол! - деді. Мен көкеме ант бердім... Қазір Германияның солтүстік 
өңірі бойынша стратегиялық маңызды құрылымды басқарып отырмын. Көкемнің аманатын 
орындайын деп тұтқындарды аралап: «Осы қазақ болар» дегендердің бәрін құтқарып 
жүрмін... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет