«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата20.10.2023
өлшемі1,13 Mb.
#186900
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 7кл

Оқылым
Тапсырма 
Мәтіндерді оқып, олардың стилін анықтаңыз және сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге 
мысалдар келтіріңіз. 
[10] 
А мәтіні 
Өмірбаян 
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, 
жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және 
тактик. 
Батыс майданындағы 16 армияның 1073 атқыштар полкінің және батальон командирі. Ұлы 
Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 
1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант 
Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты.
1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару 
комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай 
жұмыс істейді. 1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 
жылы полк мектебін бітіреді. 1936 жылы жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод 
командирлігіне шақырылады. 1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады. 1946-1948 жылдары 
Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдаушысы, 1948-1950 жылдары 49-атқыштар 
бригадасы командирінің орынбасары қызметін атқарады. 1952 жылы Кеңес Армиясы Бас 
Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны тәмамдайды. Соғыстан кейін 1950-1955 
жылдары Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник 
атағымен отставкаға шыққан cоң, елге оралады. 1952-1956 жылы «Офицердің күнделігі», 
«Бір түннің тарихы», «Ұшқан ұя» деген алғашқы кітаптары жарық көрді. 
Ә мәтіні 
– Қазіргі заман қазақ ғылыми фантастикалық әдебиетімізге жүректілікпен жол ашқан, 
алғашқы ту ұстаушыларымыздың бірі деп кімді айта аламыз? Және бұл жолды жалғастырған 
қаламгерлер бар ма? 
– Бұл орайда ғалым, жазушы, тілгер, қоғам қайраткері деп Сұлтан Жанболатовты тілге тиек 
етер едім. Сұлтан ағамыз 1970 жылдардың соңында күрделі өнер саласына қалам тербеп, 
туған әдебиетімізде кенже қалған осы бос кеңістікті толтырып, өз оқырмандарына «Аруақтар 
арасында», «Аршылдар ауылында», «Ұрпақтар арасында», «Бастама» сияқты шоқтығы биік 
әңгіме жазып, ғылыми фантастикалық әдебиетіміздің ірге тасын қалады. Оның «Хассақтар» 
(1985 жыл) атты ғылыми фантастикалық жинағы, «Үйсін хикаяттары» атты трилогиясы қазақ 
әдебиетіндегі ғылыми фантастикалық әдебиет жанры дамуын бір тарихи белеске көтерді. 
«Ат тұяғын тай басар» дегендей, ғалым, жазушы Сұлтан Жанболатовтың ізін басып, ғылыми 
фантастикалық әдебиетке бел шеше кірісіп жүрген Болат Кәрібаев, Күндәулет Әлімәжыұлы, 
Разия Биболқызы, Ризабек Садуақасұлы, Тұрсынқан Әлқанұлы, Балапан Омарұлы қатарлы 
қаламгерлер шағын ғылыми фантастика жазудан бастап повесть, романдар жариялады.
Ғылыми фантастика әдебиеті осы күнгі ғылыми тың жетістіктерге сүйене отырып, келешекте 
болатын әрі болу мүмкіншілігі болған болашақ өмірді көркемсөз өнерімен суреттеу арқылы 
образ жасауынан байқалады. 
1. 
А мәтіні 
Ә мәтіні 
Мәтін мазмұны
[2] 


39
2. 
А мәтіні 
Ә мәтіні 
Мәтіндердің стилі
[2] 
3. 
А мәтіні 
Ә мәтіні 
Мәтін аудиториясы (кімге арналған) 
[2] 
4. 
А мәтіні 
Ә мәтіні 
Мәтіннің рәсімделуіндегі айырмашылықтар
[2] 
5. 
А мәтіні 
Ә мәтіні 
Қандай ерекше сөз қолданыстары бар? Мысалдар келтіріңіз 
[2] 
Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, дискуссивті эссе жазыңыз. Жазба 
жұмысында мәселені шешілу жолдары, себептеріне өз көзқарасыңызды білдіріңіз, тыныс 
белгілерді дұрыс қолданыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет