Сабақтың тақырыбы :І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы «Көшпенділер» трилогиясы



Дата13.08.2017
өлшемі51,88 Kb.
#23625
түріСабақ
Қарағанды облысы Жезқазған қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектебі Сапиянова Гулимай Байзкенқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі

9 сынып .Қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы :І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы

«Көшпенділер» трилогиясы

Сабақтың мақсаты: І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білуі тиіс.Жазушының трилогияда қазақ тарихын көркем бейнелеп көрсетуі мен «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдары арасындағы ортақ желі шығармадағы тарихи тұлғалар (қазақ хандары, би-шешендері және батырлары) бейнесін тани алуы тиіс.Тарихи романға тән ерекшеліктерді және тарихи шындық пен көркемдік шешімді терең ұңына алулары тиіс.

Сабақтың түрі : жана сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: мазмұнын қысқаша әңгімелеу, талдау, сұрақ-жауап,венн диаграммасы , диалогтық оқыту, акт

Сабақтың көрнекілігі: І.Есенберлин шығармалары слайд, кестелер, кинодан үзінді көрсету

Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы ,жыраулар поэзиясынан үзінділер

Реурстар : Хамза Есенжанов «Ақ Жайық» романы ,интернет материалдары.


Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Ой қозғау


Көшпенділер .Шыңғысхан.Абылай.Жәнібек –Керей.


  1. Өмір жолы кесте толтыру

Өмірі

Шығармалары

Көшпенділер трилогиясы

1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған.

1940 жылы Тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1947-67 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы , «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі.

1967-71 жылдары “Жазушы” баспасының директоры

1971 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары

1983 жылы Алматыда 68 жасында қайтыс болды.



1940 жыл Алғашқы өлеңдері жарық көрді. Алғашқы он бес жыл ішінде поэма” сынды шығармалары жарық көрді.

1945 жылы “Айша”, “Сұлтан” поэмалары жарық көрді.

1949 жылы “Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы жарық көрді.

1959 жылы «Біржан сал трагедиясы» дастаны жазды

“Адам туралы жыр” повесі жарық көрді.

1960 жылы «Өзен жағасында» повесі жарық көрді.

1965 жылы “Толқиды Есіл” повесі жарық көрді.

1966 жылы “Айқас” романы жарық көрді. “Айқас” романы үшін І.Есенберлинге Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері деген атақ берілді.

1968 жылы «Айқас» романына Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

1967 жылы «Қатерлі өткел» прозасы

1968 жылы “Ғашықтар” романы

1969 жылы «Қаһар»

1971 жылы «Алмас қылыш»

1972 жылы “Алтын құс” романы

1973 жылы «Жанталас»

1974 жылы “Көлеңкеңмен қорғай жүр”

1978 жылы “Маңғыстау майданы”, “Аманат” романдары жарық көрді


1) “Алмас қылыш” романында ХУ –ХУІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясының басым суреттелуі
2) “Жанталас” романында ХУІІ –ХУІІІ ғасырларды Қазақстанның шетел басқыншыларымен күрес және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы,Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңіліс суреттері
3) “Қаһар” романында ХУІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі. Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері. Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік , даналық істері.

Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері

«Көшпенділер» киносынан үзінді көрсету.
«Алмас қылыш» бөлімінде басты кейіпкер Әбілқайыр ,Жәнібек, Керейлер.


І.Есенберлин қалам тартқан жанрлары: поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия


«Көшпенділер» тарихи роман
1. Тарихи роман дегеніміз не?

Тарихи романдар деп - өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады


І.Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХУ-ХІХ ғғ. Тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдардағы қиындықтардыішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді,салт-сананы көрсетеді.Тарихи жазба деректерге , шежіре мағлұматтарына , аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қазақ халқының тарихынынң аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.

«Көшпенділер» трилогиясы үш романнан тұрады.



Кестемен жұмыс

Трилогияның қамтитын уақыты

Трилогияның романдары

Трилогиядағы тарихи тұлғалар

ХУ – ХІ ғасырлар

ХІІ – ХУІІІ

ХІХ ғасыр


“Алмас қылыш

“Жанталас”

“Қаһар”


Әбілқайыр хан

Жәнібек хан, Керей хан Асан қайғы, Қазтуған,Абылай хан,Бұқар жырау, Кенесары хан, Ағыбай батыр






Әбілқайыр қандай кейіпкер?
Айлакер, ақылды, айбарлы ел басшысы өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қанды қол
Жоспар :

1. Шыңғысханның балаларына өсиеті

2.Абылай мен Бұқар жырау

4. Уали сұлтанның баласы Абылай

3. Батыр Баян мен Ноян

4. Абылайдың ақ бурасы

5. Абылайдың түсі

6. Абылайдың өлер алдындағы өкініші

7. Абылай хан мен сұрша қыз хикаясы
Венн диаграммасы

Романдағы Абылай хан мен Батыр Баян

Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасындағы Абылай мен Баян батыр






Сұрақтар мен тапсырмалар:


1. І.Есенберлиннің шығармашылық жолы қалай басталды?

2. Жазушының қандай кітаптары бар?

3. «Көшпенділер» трилогиясының идеялық мазмұны, үш кітапта суреттелген кесек кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен көздеген мақсаттары

4. Қай шығармасы үшін жазушы Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты алды?


Қорытынды

Бағалау.
Үйге . «Көшпенділер» трилогиясы үзінділер оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет