14
Ал оңтүстікте өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында 11
индустриялық аймақ құрылған. Қазір тағы бірінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.
Аймақтың 22 гектарын алып жатқан мына зауыт жоғары кернеулі трансформатор
шығарады. Бұл Қазақ тарихындағы алғашқы әрі ең ірі кәсіпорын болмақ. Жалпы құны 17
миллиард теңгеден асатын кешен жылына 120 трансформатор шығаруға қауқарлы.
Отандық өнім ішкі нарық пен ТМД елдерінің сұранысын қанағаттандырады деп күтілуде.
Серғазы Күнтуаров, зауыттың бас директоры:
– Енді бұл зауытқа дүниедегі бүкіл жақсы жаңалықты кіргізіп жатырмыз.
Қазақстанда бірінші 110-120 КВТ трансформатор шығады. Бұндай өнім бұрын
шықпаған.
Индустриялық аймақта кәсіпкерлерге бір терезе
қағидасы бойынша қызмет
көрсетіліп, инфрақұрылым мемлекет есебінен тартылып жер тегін беріледі.
Нүркен Бегулиев, индустриалды аймақтарды басқарушы компания басшысының
орынбасары:
-
Облыстағы осы 11 индустриялды аймаққа қажетті инфрақұрылым тарту үшін
13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бір ғана мысал 2010 жылдың бірінші
тоқсанында осы аймақтарға салынған кәсіпорындар 6,8 миллиард теңге салық төлеген.
Үдемелі Индустриялды-Инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бес
жылында іске қосылған өндіріс орындарында Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 176
миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы аумағы 959 гектар жерді алып жатқан
аймақтарда 170 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 12 мыңнан астам адам жұмысқа
тартылады деп күтілуде.
1. Мәтіндегі мақсатты аудиторияға арналған
терминдер мен ұғымдарды, тілдік
оралымдарды теріп жазыңыз. Бұл терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды автор
не үшін қолданды?
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
2. Мәтінде берілген терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды берілген
анықтамасымен сәйкестендіріңіз.
1.Индустрияландыру
а) өндipiске тән, өндipiске қатысты. ~бұйым (жабдық).
2.Экономика
ә) зеpттеуге,
бақылауға аpналған зат, құбылыс, объект.
3. Инфрақұрылым
б) жұмыскерлерінің саны заңнамалық жолмен белгіленген
мөлшерге сай келетін (экономиканың түрлі салаларында
түрліше болып келеді) салық жеңілдіктерін, несие бойынша
жеңілдіктер алатын басқа да мемлекеттік қолдау көрсетілетін
субъект.
4. Кәсіпкерлік
в) өнеркәсіптің өркендетілуі,
халық шаруашылығына ірі
машина техникасының қолданылуы
5. Өндірістік
г) өнеpкәсiп оpнының негiзгi өндipiстiк бөлiмшесi
6. Нысан
ғ) жаңадан құрылушы кәсіпорындардың тәжірибе алатын
және одан әрі өсіру мен нарықтағы өз ұстанымдарын
нығайтуға көмек алатын орын
7.
Шағын кәсіпорын
д) (грекше – шаруашылықты басқару) белгiлi бiр қоғамның
өндiрушi
күштерi
мен
өндiрiстiк
қатынастарының
жиынтығы, өндiрiс салалары мен түрлерiнен тұратын елдiң
халық шаруашылығы.
8. Цех
е) газбен толтырылған пластмасса
9. Бизнес инкубатор
ж) адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес
15
шаруашылық қызметі.
10. Пенопласт
з) өндіріске қызмет ететін,
оның негіздерін құрайтындай
шаруашылық және мәдени объектілер мен салалар кешені
(жолдар, каналдар, көпірлер, қоймалар, көліктер,
байланыс,
энергетика, коммуналдық
3.
Ертең мектебіңізде жас кәсіпкерлер форумы өтеді. Сіз сол форумның
қорытындысында көшбасшы ретінде сөз сөйлеп, қатысушылар атынан үндеу хат мәтінін
жариялауыңыз керек. Тақырыбы: «Кәсіпкерлерді бірге қолдайық!» Үндеу хатыңызда
тақырыпқа байланысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды түрлендіре
қолданыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: