Қазақ тілі Пәнінің оқу-әдістемелік кешені барлық мамандықтарға: kYa 1104 қазақ тілі


-тақырып. М.Әуезов – қазақ халқының ұлы жазушысы



бет5/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,33 Mb.
#7090
1   2   3   4   5   6   7   8

3-тақырып. М.Әуезов – қазақ халқының ұлы жазушысы.

Оқылым.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі – Абай, ХХ ғасырдағы заңғар биігі- Әуезов. Әдебиетке ең қатал сыншы, ең әділ төреші уақыт десек, сол уақыттың өзі осыны дәлелдеп отыр.М.Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.Әкесі Омархан да, атасы Әуез де хат танитын сауатты адамдар болған.1904 жылы Абай дүниеден өткенде Мұхтар небары 7 жаста еді. Мұхтар алғашқы сауатын әліппемен емес, Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашады.11 жасында әкесі қайтыс болған соң, қаладағы немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді.Осыдан былай қарай оның оқу-білім жолындағы сапары басталады.

М.Әуезов жазушылық жолын драматургиядан бастайды. 1917 жылы Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында алғаш рет «Еңлік-кебек» пьесасын қояды.20-40 жылдары бір алуан әңгімелер топтамасын жазады.Негізгі тақырыптары-әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, әйел басындағы ауыр хал, айықпас мұң,қайғы.Осының бәрі М.Әуезовтің ұлы эпопеяға барар жолдағыәрекеттері болатын.» Абай жолы» - Әуезовтің бас кітабы.Осы шығармасы арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді-өз отандастарына, керек десеңіз, тіпті қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты.



Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
Жазылым.

Тапсырма. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазыңыз.

Тапсырма. Қосымша әдебиетті пайдалана отырып, шығарма жазыңыз.

Керекті әдебиеттер:



  1. М.Әуезов . Абай Құнанбаев , Алматы, 1995ж

  2. Мұхтар Әуезов тағылымы. А., 1987 ж.


4- тақырып. Қазақстанның экологиясы. Қоршаған орта.

Қоршаған орта туралы не білесіз? Өз ойыңызға байланысты сөздерді жазыңыз.





Жұптық жұмыс. Пікір алмасу, талқылау.

Қазіргі таңда әлемде қандай экологиялық проблемалар тұр?

Біздің еліміздегі проблемалар қандай?

Өз ортаңдағы (үй, бөлме, аула, ...) экология қандай болу керек?

Оларды экологиялық таза ұстау үшін өз тарапыңыздан қандай іс әрекеттер жасайсыз?

Экологиялық этика нені талап етеді?


Тапсырма. Берілген сөздерді қолданып, сөйлемдерді аяқтаңыз.

Зиянды заттарды көшеге, балалар ойнайтын алаңға тастауға болмайды.

Табиғи ортаның шектен тыс _______________ күрделі экология­лық проблемаларды тудырады.

Ғылыми-техникалық жетістіктер адам баласына _____________ төндіруі мүмкін.

Бүгінгі күні Арал тағдыры бүкіләлемдік экологиялық _____________ болып отыр.

Апаттан __________ шеккен аймақтарға көмек көрсету жалпыхалықтық іс болып табылады.

Керекті сөздер: қауіп ахуал зардап ластануы



Оқылым.

Мәтінді түсініп оқыңыз.

Бүгінгі таңда жаһандық проблема болып отырған экологиялық мәселелер табиғаттың даму заңдылығын ескерме­гендіктен, оның тепе-теңдігінің бұзы­луынан пайда болды. Ғылыми-техникалық жетістік ғылымның кейбір саласында адам баласына қауіп төндіруде. Адам әрекетінен туындап отырған жаңа “антропогендік ландшафтар”, жер бетінде климаттың жылынуы тіршілік дүниесіне зардабын тигізуде.

Қоршаған орта болмысының өзгеруі, ғаламшардағы ірі өркениетті елдердің өздері мойындап отырғанындай, табиғат байлықтарын тиімсіз пайдаланудан, табиғаттың даму, қалыптасу заңдылығын ескермеуден туындап отырғаны даусыз.

Ғылыми-техникалық прогрестің күрт дамуы барысында ірі өндірістік қалаларда автокөліктердің санының өсуінен, атмосфера және озон қабаттарына улы газдардың мол бөлінуінен, ірі елді мекен­дерде таза ауыз су тапшылығынан адам­ның денсаулығына залал келуде. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, биологиялық ластануы әлемдік деңгейде адам баласы мен тір­шілік дүниесіне қауіп төндіруде.

Пайдалы қазбалар қорының ғылыми негізсіз пайдаланылуы, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүние­сінің жұтаңдануы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экология­лық проблемаларды тудырды. Кейбір өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтардың шектен тыс көбеюі қор­шаған орта жағдайының нашарлауына, адам денсаулығының бұзылуына апарып соғуда. Осының барлығы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуді және оны қалпына келтіру жұмыс­тарымен айналысуды, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануды талап етеді. Сондықтан жерді суландыру, орманды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен ақаба суларды тазартудан өткізу, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу жұмыстарын қарқынды жүргізуді өмірлік маңызы бар талап ретінде алға тартуда.

Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, кейде оларды есепке алмау бос шығынға, адамдардың өмір сүру жағ­дайы­ның және табиғи ортаның нашар­лауына алып келді. Мұндай жағдай Арал теңізінің тағдырына тән. Қазір теңіз деңгейінің күрт төмендеуі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жұ­таңдануын, т.б. экологиялық проб­лема­ларды тудырып отыр.

Еліміздегі Арал апаты жаһандық сипат алып, оның зиянды әсері қазірдің өзінде көптеген мемлекеттерде байқалуда. Сондықтан АҚШ, Жапония, т.б. мемле­кеттер Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімдерін беріп отыр. Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарудың жаңа жоспарлары жасалып, ғалымдардың ұсыныстары талқылануда (мысалы, Кіші Арал туралы).

Келтірілген мысалдар адамзаттың таби­ғатқа жауапсыз қарауға болмайтын­дығын дәлелдейтін, қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде өз іс-әрекетінің салдарына көңіл бөліп, әрдайым дұрыс жолды таңдау қажеттілігін көрсетеді. Дүние жүзінде адамның іс-әрекетінен болатын экологиялық зардаптар мен дағдарыстар көп-ақ. Мысалы, жидек тергенде, аң аулағанда немесе егіс алқабын тазартқанда табиғатқа белгілі бір мөлшерде зиян келтіріледі. Адамның бұл әрекеті аз мөлшерде болғандықтан, табиғи орта оны ретке келтіріп, орнын толтырып отырады. Яғни, табиғаттың тепе-теңдігі сақталғандықтан, өзгеріс көп елене қоймайды.




  • Мәтінді оқығанда қандай ой келді?

  • Мәтіндегі барлық пікірлермен келісесіз бе, келіспейсіз бе? Дәлелдер келтіріңіз.

  • Мәтіннің негізгі ойын 10 сөйлеммен айтыңыз.

  • Мәтінде айтылған жайттарды сіз нақты өмірде кездестіресіз бе?

  • Арал теңізінің экологиясы жайлы не айта аласыз?


Тапсырма. Мәтін бойынша пікір алмасыңыздар.

  • Табиғат адам организміне қаншалықты пайдалы/ зиянды?

  • Табиғатты пайдалануда шек болу керек пе?

  • Экологиялық жағдайдың нашарлау себептері не?



Тапсырма. Мына ойға қандай пікір қосасыз? Келісесіз бе/ келіспейсіз бе?
Дәрігерлердің пікірінше, ХХІ ғасырда ең көп таралған аурулардың ішінде аллергия бірінші орынға шығуы мүмкін. Өйткені бүгінде онымен Жер шарындағы 2 миллионнан астам адам зардап шегеді. Көп ретте стресс, экологиялық ахуал, дұрыс тамақтанбау аталған дерттің пайда болуына жағдай туғызады.
Тапсырма. Мына пікірлерге келісу/келіспеушіліктеріңізді Иә () не Жоқ (X) деп белгілеңіз:

Қазіргі заманда табиғаттан таза өнім алу мүмкін емес.

Экологиялық жағдайлар адамның тез қартаюына әсер етеді.

Табиғат өнімдері ешқашан таусылмайтын байлық.

Табиғат байлығын қорғау тек заң жүзінде ғана сақталады.

Қазақстан туризмі 7 жылдан кейін брэндке айналады.


Жазылым.

Тапсырма. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» тақырыбына шығарма жазыңыз.


Тапсырма. Халық даналығының мағынасын қалай түсінесіз? Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты мағынасын жоғалтқан жоқ па?

«Табиғат – адамзаттың өмір сәні,

Қажеттінің табылар содан бәрі»
Тапсырма. Презентация/жоба дайындау

«Елімізде туризмді дамытудың жолдары»

«Мен болашақ маман ретінде экологиялық мәселелерді қалай шешемін?» (жоба ұсыну)
5- тақырып. Қазақстанның қорықтары
Қазақстанның қорықтары

Оқылым.

Мәтінді оқып аударыңыз.

Елімізде өсімдіктері мен жануарлары әр алуан, арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған. Сондықтан да қорықтар нағыз күрделі табиғи лаборатория болып табылады. Қорықтар — биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіңдігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен ешқашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ биосфера компоненттерін қорғау және үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазақстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының рөлі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығында айтар үлес қосты.

Бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден-бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлык мүмкіндік керек.
Тапсырма. Мәтінмен жұмыс істеңіз.

1. Мәтіндегі белгіленген сөздердің мағынасын ашыңыз.

2. Мәтіннің идеясын айтып беріңіз.

3. Мәтінге байланысты сұрақтар қойыңыз.

4. Қорықтар туралы білетін қосымша мәліметтеріңізді ортаға салыңыз.
Тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, сөйлемдерді орын тәртібі арқылы қойыңыз.
Бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден-бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлык мүмкіндік керек.

Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсті. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзел жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.


Тапсырма. «Қызыл кітап» жөніде шағын мәлімет ала отырып, өз ойыңызды ортаға салыңыз.
«Қызыл кітапқа» белгілі түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануардың не өсімдіктің 5 санатын анықтаған. Осы санатқа сәйкес келген жағдайда ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ол санаттар мынадай:

І санат – жойылып бара жатқандар. Бұлар туралы соңғы 50 жылда ешқандай деректер жоқ. Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қабылан, қызылқұм арқары, құдыр, т.б.

ІІ санат – саны азайып бара жатқандар (жақын арада жойылып кетуі мүмкін). Мысалы, балқаш алабұғысы, сарықұтан, жұпар, құлан, т.б.

ІІІ санат – сирек түрлер (қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер). Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарғанат, бұлдырық, қара тұрпан, қара ләйлек, т.б.

ІV санат – белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер). Мысалы, шұбар кесіртке, қара шұбар жылан,т.б.

V санат – қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер). Мысалы, аққу, көкқұс, т.б.
Тапсырма. Берілген құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемге айналдырыңыз.
Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралап келіп, оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылған. Қорық фаунасы сүтқоректілердің 42 түрін, құстардың 238 түрін, жорғалаушылардың 9 түрін, қосмекенділердің 2 түрін, балықтардың екі түрін және омыртқасыз жәндіктердің мыңдаған түрін қамтиды. Қазіргі кезде Науырзым қорығының үстінгі қабаты жасы және құрамы әртүрлі геологиялық шөгінділер жабылған, содан жоғарғы әртүрлі жануарлар әлемі, ала-құла, топырақ өсу жабылғысы калыптасады.

6-тақырып. Өз өлкенді таны. Қазақстанның көрікті жерлері ( Көкшетау, Алматы, т.б.)

Оқылым.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен,  өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан  ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент.

Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өтсе де, ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық. 

Тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, өз туған өлкеңіз туралы әңгімелеңіз.
Тапсырма. Туған жерге байланысты мақал-мәтелдер жаттап, мағынасын ашыңыз.

Алматы – ғылымның, мәдениеттің орталығы,

Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы
Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, ҚР-ның оңтүстік-шығысында орналасқан. Қаланың Алматы аталуы тегін емес, ол алмалы жер. Бау-бақша технигі С. Иванов 1916 ж. жазған «Алматы» атты мақаласында: «Алматы – қырғыз сөзі және орыс тіліне аударғанда «алмалы жер» деген мағынаны білдіреді»,- деген.

Бұл атаумен Верный қаласының аумағын атаған, өйткені жергілікті жерлер жабайы алманың таралуымен ерекшеленген. Оңтүстік астана – Алматыны (орысша транскрипциясында) апортпен байланыстырады.

Қаланың атына апорт емес, жабайы алмалардың негіз болғаны айтылады. Белгілі өлкетанушы И.Л. Брызгалов пен академик Н.И. Вавилов 1928 ж. Алматыға келіп, кіші Алматы өзенінің бойында өскен алмаларды көріп, мұншама көп жабайы алмаларды еш жерде көрмегендіктерін және мүмкін бұл жер шынымен нағыз мәдени алманың отаны шығар,- деп айтқан. Апорт Жетісудың эмблемасы болды. Оны «патша-алма», алмалардың «әкесі» деп бекер айтпаған.

Қаланың даму тарихы б.з.д. 10-9 ғ., 7ғ., б.з. 8-10 ғ., 10-14 ғ., 15-18 ғасырларды қамтиды. Қаланың жаңа тарихы 1854 жылдың 4 ақпанында Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады. 1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды.

1921 жылдың 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атын өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитеті бұйрық шығарды: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы – Алма-Атаға өзгертілді».

Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты – Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша, қалыптасқан тарихи маңызы бар құбылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту негізделді.

1993 жылғы шешім бойынша, қаланың атауы – Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша, Алматы – ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.

Бүгінгі таңда Алматы – жастардың қаласы, ҚР-ның оңтүстік астанасы, білімнің, ғылымның, мәдениеттің, қаржылық және өндірістік орталық болып күннен-күнге гүлденіп, шарықтап дамуда.


Тапсырма. 1.Мәтін бойынша сұрақтар қойыңыз. 2.Тақырып бойынша ойыңызды ортаға салыңыз.
Тапсырма. Мәтінге жоспар құрастырыңыз.
Тапсырма. Мына сөздерді қазақ тіліне аудрыңыз және оларды пайдалалнып сұраулы сөйлем құраңыз, оған жолдасыңыз жауап берсін.

Подписать указ; стала называться; новая столица; в течение короткого времени; притягивают взгляд издали; восхищает.



Көкшетау

Көкшетау қаласы 1999 жылдан бастап Ақмола облысының әкімшілік орталығы (1944 – 1997 ж. Көкшетау облысының орталығы болған). Қазіргі Ақмола облысының солтүстігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Осында шығыстан батысқа қарай Көкше, Қошқарбай, Зеренді таулары, Айыртау, Сырымбет секілді таулар мен Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Айнакөл, Айдабол, Зеренді, Теке т.б. көлдер орналасқан. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас тұр. Бұл аймақта Оқжетпес, “Жеке батыр”, Кенесары үңгірі, т.б. тарихи орындар бар. Қыраттың батыс жағынан Есіл өзені ағып өтеді. Көптеген ұсақ өзендер көктемде қатты тасығанымен, жазда суы азайып, көпшілігінің арналары кеуіп қалады. Көкшетау – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды-көлді тау. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м). Қалада тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндірісі, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, жылу, электр энергиясын, газ және су тарату мекемелері бар.

Білім жүйесі саласында 3 жоғары оқу орны, 13 арнайы орта оқу орындары, жалпы білім беретін 23 мектеп жұмыс жасауда. 2 театр, филармония, қалалық кітапханалар жүйесі, 4 мұражай, көрме залы, 6 клубтық мекемелер қалалықтар мен қонақтарға мәдени қызмет көрсетеді. Қалада дене шынықтыру және спорт саласы жақсы жолға қойылған. 3 стадион, 3 жүзу бассейні, 1 шаңғы базасы, 6 спорт мектебі бар.

Демалыс орындарына тоқталсақ, Көкшетау ұлттық табиғи саябағы, “Бурабай” курорты, “Оқжетпес”, “Щучинск” санаторийлері, “Жеке Батыр”, “Голубой Залив”, т.б. демалыс үйлері, оқушылар лагерьлері орналасқан.


Тапсырма. Өлең шумақтарынан Көкшетау табиғатын бейнелеп беріңіз.
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауьн.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсысы алтын кесе аясында.
Ауасы-дертке дауа, жұпар исі,
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Мөп-мөлдір Бурабайдың суы күміс,
Көргенде шаршаған жан алар тыныс.
Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай,
Қарағай, қайың менен қалың жыныс.
Ырғалған көкке байлап қарағайы,
Қасында көк желекті әппақ қайын.
Жібектей желмен шарпьш төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы.
Қарағай биік шыңды қиялаған,
Еш адам оны барып қия алмаған.
Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып
Жалғыз-ақ көк қаршыға ұяларан.
Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,
Басына атсаң-дағы оғың жетпес.
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.


7-тақырып. Қазақстанның тарихи орындары (Түркістан, Отырар, Ақмешіт). Қазақ хандығының бірінші астанасы – Түркістан қаласы

Оқылым.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы болып саналатын ежелгі, бабалардың көне қаласы. Ол Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Ежелгі қалаға керуендер батыстан да, шығыстан да келіп жататын болған. Түркістанның тарихы әріден басталады. Ол кезде қала Шабғар (Шойтөбе) деп аталған. Мұсылман діні келгеннен бастап, қала Ясы деп аталған. Ақын Қожа Ахметтің Яссауи деп аталатыны да осыдан.

Монғол жаугершілігінен кейін қала Түркістан атанды. Түркістан «түріктер мекені» деген мағынада. Түркістан өзінің Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен танымал. XIV-XV ғасырларда тұрғызылған сарайлар мен шіркеулердің тұтас кешені кесене деп аталады. Олардың бәрі Шығыстың қадірлі адамы, шейх, сопы, ойшыл, түркі халықтарының рухани ұстазы – Қожа Ахмет Яссауиға ғана арналып салынған.

Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Меккемен қатар басты қасиетті орындардың бірі болып саналады, түркілердің екінші Меккесі деп аталады. Жыл сайын мыңдаған қажылыққа барушылар кесенені көру үшін Түркістанға келеді.

Ертеде сақ дәуірінен бастап бабаларымыз түрік тайпасының бір бұтағы болған. Отырар, Тараз, Түркістан сияқты қалалар салған. Қалаларда шәкірттер оқитын медреселер ашқан. Сондай бір ғажайып медресе-мектеп Түркістанда болды. Медресенің бас мұғалімі ақын Қожа Ахмет Яссауи еді. Ол діни ғұлама және түрік халықтарының рухани көсемі болды. Бала оқытып жүріп, «Даналық сөздер» деген кітап жазады. Кітапқа тәрбиелік мәні зор – кісінің таза жүруі өтірік айтпауы, адал болуы туралы ақыл сөздері енді.

Әмір Темірдің әмірі жүріп, айтқаны болып тұрған заман болатын. Ол дүние жүзінен ұста, зергер, сәулетші өнерпаздарды жинап, баяғыда қаза болған ақын зиратының басына ғажайып ғимарат орнатуға жарлық береді.

Қожа Ахмет Яссауидың басына ғимаратты тұрғызу үшін, мыңдаған адам қатар тұрып күйген қышты (кирпич) бір-біріне қолмен беріп, алыстан жеткізген. Ғимарат түрлі бөлмелерден тұрады. Солардың бірі – «қазандық» деп аталатын бөлме. Осы бөлмеде салмағы екі тонна келетін үлкен қола қазан орнатылған. Оған жеті жылқының еті сияды. Ернеуінде қазанды құйған ұстаның есімі араб тілінде жазылған. Ол ғимарат он жыл көлемінде салынды.

Көптеген зиратшылар арасында ірі сауда өкілдерінің, жер иелерінің болуы қала экономикасының дамуына өзіндік септігін тигізді. Қала базарында Орта Азияның өнімдері мен Оңтүстік Қазақстан көшпенділерінің өндірген өнімдері түсіп, товар нарықтары осы жерде анықталып жататын. Алыс шет елдерден әкелінген жібек маталар, мақта кездемелер, алтын, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, керамикалық заттар осы жерден табылатын.

XVI ғасырдан бастап Түркістан қаласы қазақ хандығының астанасы етіп бекітілді. Хан өз билігінің тәуелсіздігін айқындау мақсатында теңге соқтырды. Шет елдермен келісушіліктер де осы қалада жүргізілді. Елшілер де осы қаладан тапсырыс алып, алыс елдермен байланыстар орнатты. Қала экономикасы бұрынғыдан арта түсті. Түркістанның қазақ хандығының ордасына айналуымен қатар, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің іші, маңы қасиетті орынға айналды.

Кесенеде ірі қоғам қайраткерлері мен атақты адамдар, батырлар жерленді. Оларды жерлеу рәсімі жекелеген мазарлар мен құрылыстар салумен қатар жүргізіледі. Сөйтіп, үлкен ғимарат айналасында ескерткіштер ансамблі қалыптасты.

Міне, қалыптасу кезеңі тарихтан осындай бастау алып, халықты түркі дүниесімен байланыстыратын, өткенімізді көрсететін талай өрлеу мен құлдырауды бастан кешкен киелі Түркістанға 1500 жыл толды.


Сөздік:

қыш – кирпич шіркеу – церковь; церковный

керуен – караван сопы – праведник; подвижник

қажылық – паломничество қола – бронза; бронзовый

мазар – могила; кладбище; гробница; надгробный памятник

Жазылым.

Тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне тақырып қойып, сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар.

Ү л г і:

– Көне Түркістан топырағында қанша хан, би, батырлар жерленген?

– Көне Түркістан топырағында сексен бір хан, би, батырлардың сүйегі

жерленген. Жас жеткіншектер ата-бабаларының ерлік жолын, тасқа

басылған сөзін іздейтін болса, оны осы көне Түркістаннан табады.

Өйткені тарихы терең Түркістан қышпен, таспен жазылған кітап секілді.
Тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігін мұқият оқып, мағынасын түсініп, орыс тіліне аударыңыздар.
Тапсырма. Сөйлемдердегі сан есімдердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар (мақал). Жаңа салынып жатқан биік үйлердің айналасында мыңдаған адам, жүздеген машиналар құмырсқадай қайнайды (Ғ. Мүсірепов). Сексеннен асқан аңшы мен елуден асқан күзетшінің бас қосатын жері осы ұста дүкені болды. Мың кісінің түсін білгенше, бір кісінің атын біл (мақал). Кейінгі жылдары Қазақстан жеңіл өнеркәсібі 2,8 млрд. сомның халық тұтынатын тауарын өндіреді. Жетінші бес жылдықта құрылыс-монтаж жұмысына 35,9 млн. сом бөлінген. Биыл күзде үшеуімізді жасы асқандар қатарына жатқызып, балалар үйінен Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің интернатына ауыстырды (Ө. Қанахин). Бұлақтың екі жағы да ағашсыз ашық. Біз шыққан дөңестен екі-үш жүз метрдей ғана қашықтықта еді. (Қ. Қайсенов).
Ұлы Жібек жолында орналасқан орта ғасырлық ірі қалалардың бірі – Отырар

Қазақстанның Отырары – еліміздің Ұлы Жібек жолында орналасқан ортағасырлық ірі қалалардың бірі, оның арғы тарихы екі мың жылдан асады. Кеңес Одағының 30 томдық үлкен энциклопедиясында: «Отырар орнын оғыздар біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда иемденіп, кент, қорғандар сала бастаған»,- деп жазады. «Отырар шығыстағы ортағасырлық керуен жолын иемденіп қана қойған жоқ, көшпелі халықтың отырықшы кәсіппен айналысуының куәсі, бұл жерді ежелгі қазақ халқы мекен еткен. Отырар ойпатының қазіргі тарихшылар үшін маңызы зор»,- деп жазады А.Н. Бернштам.

Отырар туралы орыс тарихшылары – Бартольд, Гумилев, Кляшторный, парсы тарихшысы Рашид ед-Дин және қазақ, араб тарихшылары тебірене жазады. Қазақ халқының басына түскен қандай-қандай қиындықтар мен кезеңді оқиғаларды ауызға алса да, Отырарға соқпай өту мүмкін емес. Отырар – қазақ тарихының айнасы, қанды көпірі секілді өз алдына үлкен шежіре.

Отырар ойпатының топырағы ат тұяғы көп таптаған, шексіз көп шайқастан қырман етіп түтіп майдалаған, бірде халықтың көз жасы төгілсе, бірде қаны төгілген. Бұл жолды бабалар жүріп өткен, сан-қилы дүбірлі жорықтар болған. Отырар қаласы – өз тарихында сұрапыл соғыстан үш рет қирап, үш рет қайта тірілген іргелі орын. Арабтар жаулап алған кездегі Отырар орталығы қыштан (кирпич) салынған тамдары, жәдігерлері мол, көшелері кең қала болған. Отырардың керуен кіріп-шығатын бес қақпасы болған, олар: Дарбаза қақпа; Алтын қақпа; Хансарай қақпа; Құл қақпа; Пышақшы қақпа.

Араб әскері мен қыпшақ қолының ұрысынан қыштан салынған Отырар орталығы жермен-жексен болып қираған, құрыған. Оның тарихы Орта Азиядағы сауда мен кәсіптің көптеген басқа да орталықтарының тарихы сияқты қайғылы аяқталды, қала құрып кетті. Орта ғасырда араб қолбасшыларының қазақ қалаларын жаулап алғаны мәлім. Сайрам мен Йасыны 840 жылы басып алса, Тараз қаласын 893 жылы жаулады, Отырар қаласын 841 жылы құлатты.

Орта ғасырдың ортасында қираған қалдық орнына қайтадан үйлер салынып, әдемі көшелер бой түзей бастайды. Мешіт, медресе, базар, ас ішетін орындар, кітапхана салынып, дүниеге Әбунәсір әл-Фараби, әл-Жауһари келетін «Отырардың алтын ғасыры» деп аталатын кезеңі осы болатын. 1219 жылғы монғол шапқыншылығына алғаш тойтарыс берген, кейіннен өртеніп, қирап, жермен-жексен болған, екінші мәрте салынған қала қорғаны осы болатын.

Шыңғыс ханның екі ұлы Шағатай мен Үкітай алты ай бойы арпалысып, ғимараттарды қиратады, көшелерді өртеп, халқын тонап, қан жоса етіп қырады. Осы қан майданнан кейін Отырар бір ғасырда түзеліп кете алмай, басынан үлкен қиыншылықтарды өткереді. Қала XIV ғасырда бірте-бірте қалпына келе бастайды. Ел тұрақтанып, қыш үйлердің орнына кесектен, қамыстан үйлер бой көтереді. Жергілікті халық аузында қалған «Қамыс қала» –осы Отырар қаласының үшінші рет қайта тірілуі еді.

XIV ғасырдың аяғында Ақсақ Темір мен Тоқтамыстың сұрапыл ұрыстары осынау Отырар даласынан өтеді. Қала қанды соғыстан тағы да зардап шегеді. Халық үздіксіз ұрыстан әбден шаршап, қаланы біржола тастап кетеді.

XV ғасырдың басында қаланы Махмұт сұлтан билейді. Ол Отырар, Сауран, Түркістан қалаларын Шейбани ханға сыйлайды. Қазақ ханы Бұрындық Шейбаниге қарсы екі мәрте сұрапыл жойқын жорық жасап, қаланы қазақ билеушілерінің иелігіне алады. Көне қаланың 2000 жылдық қысқаша тарихы осы. Тарихи деректер бойынша, Отырардың дәуірлеп тұрған заманында 100 мыңнан астам халық мекендеген, бірнеше мешіті, медресесі болған. Отырар атын әлемге танытқан әл-Фараби заманынан қалған ең бай кітапхана болды деген тарихшылардың дерегі бар.

Отырар жеріне келген алғаш білімпаздардың бірі – Арыстанбаб. Ол әрі ақын, әрі жұлдызға қарап адамдарын болжай алатын болған, жылына бір рет Меккеге барып табынып отырған деген деректер бар. Арыстанбаб кесенесі Отырардың ең атақты ескерткіші болып табылады. Ол XV ғасырда салынған, кейіннен бірнеше рет қайта салынған. 1971 жылы кесене тағы да қайтадан салынды.



Ескерте кететін бір жәйт: Жоғарыда аталған тарихи қалалар тек қана саудамен ғана аты шыққан жоқ. Оларда ғылым, білім, мәдениет қатар дамыды.
Сөздік:

кент – город; селение; поселок қыш – кирпич

керуен – караван жорық – поход

дүбірлеу – затопать; загудеть; загрохотать қырман – ток; хирман

сұрапыл – лютый; свирепый; суровый қырман басу – молотить

қорған – укрепление; оплот; опора; защищайся; обороняйся



жойқын – уничтажающий; сокрушительный; опустошительный


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет