А.1.Үздік диплом
2.Жоғары білімді
3.Үй шаруасындағы әйел
4.Тіл табыса алатын адам
5.Білікті адам
6.Көлік жүргізе алтын
Б.1.Өз ісіне шебер
2.жан-жақты
3.лауазымы жоғары
4.Бизнесмен
5.базарда істеу
6.компьютер білу
В. 1.айту қиын
2.бәрі адам
3.ақша
4.білім міндетті емес
5.көп оқып қажеті жоқ
6.әдемі болу керек
- Сіздің ойыңызша, іскер адам қандай болу керек
- ..................................................................................... .
- Біздің қоғамымызда әйел адамның ролі қандай?
............................................................................................... .
Іскер адам болуға кімдер ұмтылады?
................................................................................................... .
Сіз іскер адам болсаңыз, қандай болар едіңіз?
.................................................................................................. .
Іскер адам болу, барлық адамның қолынан келе ме?
..................................................................................................... .
Іскер адам болу үшін, белгілі бір салада жұмыс істеу керек пе?
............................................................................................................... .
Іскер адамның келбеті дегенді қалай түсінесіз?
............................................................................................................... .
Сұхбатыңызға рақмет! Сәттілік тілеймін!
Жазылым.
Тапсырма. Сізге «Іскер басшының келбеті» дегенде қандай ой келеді?
Тапсырма. Жаңа сөздермен танысып, аударыңыз.
Іскер адам - ...............................................
әрбір минут қымбат - .....................................
іскер басшы - ...............................................
дұрыс жоспарлау - .........................................
дұрыс пайдалану - .......................................
өз кәсібін - ..................................................
ұтымды пайдалану - ......................................
еңбек қарым-қатынасы - ................................
басшы адамның қоғамдағы ролі - ........................................................................
айырықша мән - ........................................
ұжым - ......................................................
білікті - ........................................................
кәсіби біліктілігі - ............................................
ұйымдастыру қабілеті - ...............................
басшы - ..............................................................
жантанушы - ................................................
ұйымдастырушы - ............................................
тайдай қағу(таң қалу) - ................................
келбет - ............................................................
бедел - ................................................
сезімтал - ..............................................................
8-тақырып. Уақыт - алтыннан да қымбат
Оқылым.
Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
Уақыт – оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдалану маңызды. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр саласында пайдалануда зерттеу нысаны болған.
Уақытты пайдаланудың адамзаттың мінез-құлқын, білім алуын, саяхатты ұйымдастыруды түсінуде маңызы зор. Уақытты пайдалануды зерттеу – жаңа дамып келе жатқан сала. Сұрақ әр-алуан іс-әрекетке (үйге уақыт бөлу, жұмысқа, саудаға, т.с.с.) қанша уақыт бөлінетіндігін қарастырады. Iс-әрекеттерге кететін уақыт мөлшері технология дамыған сайын (мысалы, теледидар немесе Интернет уақытты басқаша өткізу мүмкіндіктерін ашты) өзгеріп отырады. Уақыт менеджменті дегеніміз – тапсырмалар мен оқиғаларды біріншіден тапсырманың орындалуы қанша уақытты талап етеді, екіншіден, оқиғалар біткенде олардың нәтижелерін тапсырма дер кезінде бітетіндей ыңғайластыруды ұйымдастыру. Күнтізбелер мен күнделіктер осыған мысал бола алады.
Тыңдалым.
Тапсырма. Әңгімені оқып мазмұнын айтып беріңіздер.
Жаздың жарқыраған күні. Дала ерекше әдемі. Онда ақ, сары, қызыл, көк гүлдер құлпырып өсіп тұр. Алыстан дала гүлдері көз тартады. Жайқалған гүлдердің үстінде аралар көптеп ұшып жүр. Ал кейбір сары түсті қарама-қарсы төрт гүлше жапырақшалары бар өсімдіктерде алдыңғы қанаттарының ұшы қара ақшыл көбелектер ұшып-қонып жүрді.
Бір кезде ара мен көбелек өте жақын кездесіп қалды. Сол кезде ақшыл көбелек араға тіл қатты:
— Сен, ара, ана гүлден мына гүлге ұшып-қонып не іздеп жүрсің?
— Ә, мен жұмысшы арамын ғой. Мен жаз шыға сала алғашқы гүлдердің шырынын сорып, гүл тозаңын жинап омартаға тасимын. Біз тасыған гүл шырыны мен тозаңы — аралардың өскелең ұрпағы және ұрпақ өрбітетін аналықтар үшін нағыз керек тамақ. Біз, жұмысшы аралар, аналықтарды, аталықтарды асырап отырмыз. «Қыстың қамын жаз ойла» деген даналық сөздер дәл біз үшін айтылғандай. Біз жаз бойы жарғақ құлағымыз жастыққа тимей еңбек етеміз. Гүл шырынын, тозаңын іздеп бармайтын даламыз жоқ. Жұмысшы аралардың әкелген шырындары мен гүл тозаңдарынан тәтті бал пайда болады. Біз күн суыта ұямыздың тесіктерін жел, суық кірмес үшін тығындап, бекітеміз де, қаһарлы қыстың суығында аралар бір-бірімізбен иық тірестіре жақын отырып, бал жеп қыстан шығамыз, — деді жұмысшы ара.
— Ал мен болсам көбелекпін. Мен орамжапырақ және сол тұқымдас өсімдіктердің жапырақтарына жұмыртқа саламын. Менің жұмыртқаларымнан шыққан құрттарым орамжапырақтың жапырақтарын жеп адамға залалын тигізеді. Ал, сен ара, керісінше адамға пайдаңды тигізеді екенсің. Сенің балың — адамға дәрі — деді көбелек.
— Рахмет, көбелек, уақыт тығыз, мен басқа гүлдерден шырын соруға кеттім. Уақыт — алтыннан да қымбат. Сау бол — деді ара.
— Сау бол, ара, нағыз еңбексүйгіш екенсің!
Зейнеп Тәнібаева
Жазылым.
Тапсырма. Берілген әңгімеден тұрақты тіркес пен мақал-мәтелдерді тауып, мағынасын ашыңыз.
9-тақырып. Дені саудың-жаны сау
Оқылым.
Мәтінді түсініп оқыңыз, мазмұнын айтыңыз.
Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен
Бірінші байлық – денсаулық
Екінші байлық – ақ жаулық
Үшінші байлық – он саулық
ата-бабамыз айтып кеткендей, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. "Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адамның басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. Яғни "Ауруын жасырған өледі” (Ә.Науаий) деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет.
Еліміздегі экономикалық жағдайдың өзгеріп нарықтық қатынастардың дамуы, қоғамның әлеуметтік тұрғыда жіктеле бастауы ол мүмкіншіліктердің бірдей болмауы және осы теңсіздіктің балалардың тұлға болып қалыптасуына да ықпалын тигізетіні анық. Ал бұл кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың көбеюіне әкеліп соғады. Есірткі құмарлық жасарып келеді. Бұл – дабыл соғарлық жағдай. Бүгін Республикамыздағы тұрақты есірткі құмарлардың 2/3 бөлігін жасөспірімдер мен 25-30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Балаларда да есірткіні тұтынатын жағдайларда болады. Мамандардың айтуынша есірткіні татып көрген немесе оқтын-оқтын тұтынған адамдардың жартысынан астамы 13-17 жаста жасаған. Есірткі құмарлықтың үдеп бара жатқаны қылмыстық ахуалдың күрт нашарлауына тікелей әсер ететіні анық. Сондықтан жастарды улап, халықтың болашағына қатер төндіріп жатқан бұл дертке аяусыз күрес ең бірінші өзіміз, отбасымыз және мектепте басталуы қажет. Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар қасында мемлекетіміздің алдына қойып отырғаны елулікке ену стратегиясы жүзеге асу үшін жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз елімізді елулік қатарынан көре аламыз. Сол үшін өз денсаулығымызды өзіміз күтуіміз қажет.
Денсаулық механизмі бар екені белгілі, ал, денсаулық өзі АЛТЫ АСПЕКТІДЕН тұрады:
а) физикалық денсаулық.
б) психикалық және интеллектуалды денсаулық.
в) жеке.
г) рухани денсаулық.
д) эмоционалды денсаулық.
е) әлеуметтік денсаулық.
Тапсырма. Мәтінге сұрақтар қойыңыз.
Тапсырма. Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің орнына астындағы сөздердің керектісін қою арқылы сұрақтарға жауап беріңіз.
Сіздің қай жеріңіз ауырады?- Басым ауырады.
Бас, аяк. кеуде, жүрек, бауыр, өт, өкпе, асқазан, іш, тамақ, құлақ тіс, дене, саусақ, көз, бел.
Дәрігер не істейді?- Ауру адамдарды тексереді
Ауру адамның.қызуын өлшеу; өкпесін және жүрегін тыңдау; тамағын, құлағын тексеру; рецепт жазып беру; диагноз кою.
Мына дәріні қалай ішу керек?- Мына дәріні күніне үш peт ішу керек.
Күніне төрт рет; күніне екі рет; екі күнде бір рет; күніне бір рет; тамақтан кейін күніне үш рет; күніне бес рет; тамақтың алдында күніне үш рет.
Тыңдалым.
Дәрігердің қабылдауында
Тапсырма. Сұхбатты оқыңыз. Үлгі бойынша сұхбат құраңыз,
А)
- Сәлем, денсаулығың қалай?
- Нашар.
- Қай жерің ауырады?
- Жүрегім ауырады.
Ә)
Дәрігерге неге бармайсыз?
Уақытым жоқ.
- Оныңыз дұрыс емес. Денсаулықты сақтау керек.
- Айтыңызшы, дәрігер Аманов бүгін қабылдай ма?
- Иә, қабылдайды.
- Қай кабинетте?
- Екіншіқкабаттағы жиырма үшінші кабинетте.
- Аты-жөніңіз кім? Нешедесіз?
- Саматұлы Асқар. Отыздамын
- Қай жеріңіз ауырады?
- Аздап басым ауырады, қызуым бар.
Б)
- Рұқсат па?
- Рұксат. Кіріңіз. Қай жеріңіз ауырады?
- Басым қатты ауырады.
- Қызуыңыз бар ма? Жөтелесіз бе?
- Қызуым - 39°, жөтелемін.
- Тамағыңызды көрсетіңіз. Шешініңіз, өкпеңізді және жүрегіңізді тыңдаймын.
- Сізге катты суык тиген екен. Қазір сізге рецепт жазып беремін.
- Дәріні қалай ішу керек?
- Дәріні дәріханадан алып, күніне үш рет тамақтан кейін ішесіз.
- Халіңіз қалай? Ауырмайсыз ба?
- Рақмет, қазір денсаулығым жақсы.
- Дұрыс, ауырмаңыз. Денсаулық - зор байлык,
Тапсырма. Сұхбатты рольге қойып, оқыңыз.
- Қай жеріңіз ауырады?
- Менің басым, тамағым ауырады. Түнде қызуым қатты болды.
- Қане, жүрегіңізді, өкпеңізді тыңдаймын. Қан қысымын өлшеп көрейін. Әзірше қауіпті ештеңе жоқ.. Сізге тұмау тиіпті (грипп).
- Тез жазыламын ба?
- Бұл сізге байланысты. Егер дәрілерді уақытында ішіп отырсаңыз. жазыласыз. Дәрілерді дәріханадан алыңыз. Бал қосқан сүт ішіңіз.
- Ауру туралы қағаз бересіз бе?
- Жоқ, емделіңіз. Денсаулықты сақтау керек.
- Рақмет, сау болыңыз.
10-тақырып. Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
Оқылым.
Мәтінді оқып, әңгімелеуге тырысыңыз.
Қазақстан – көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз мемлекет. Халқының саны 15 миллионнан асады. Архиологтардың айтуы бойынша Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген. Халқының саны 16 миллионнан асады. Қазіргі Қазақстанда 130 ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь-Шань шыңдарына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр. Республика жерінің үлкендігі соншалық – оның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысы бір-біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде жемістер гүлдеп, жер бетін астық жапқанда, солтүстігінде әлі қар жатады. Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын, әр түрлі дәрілік шөптер өсіріледі. Бұл аймақта жаңбыр өте аз жауады, жазы ыстық және құрғақ болады. Оның үстіне бұлардың барлығы да суды өте қажет етеді. Іле, Шу, Сырдария өзендерінің мол суы – бұл аймақтың байлығы. Республиканың солтүстігінде астық пен көкөністер жақсы өседі. Бұл өсімдіктерге су онша қажет емес. Мұнда күн ыстық емес, жаңбыр да жиі жауып тұрады. Қазақстан жері пайдалы кендерге бай, жер шарында кездесетін кен байлықтардың бәрі бар. Олар: темір рудасы, түсті және асыл металдар (мыс,қорғасын, қалайы, күміс, алтын және басқалары), көмір, мұнай, фосфориттер. Осыларды игеру барысында жаңа қалалар пайда болды. Олар: Арқалық, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаратау, Теміртау, Ақтау, Кентау, т.б.Қазақстанның тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекеттік рәміздері – елтаңба, байрақ, гимн. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстанның бас қаласы – Астана қаласы.
Тыңдалым.__Мәтіндегі_сандарды_берілген_сөздермен_сәйкестендіріңіз.'>Тыңдалым.
Мәтіндегі сандарды берілген сөздермен сәйкестендіріңіз.
Халқының саны; пайдалы кендерге; асыл металдар; шаршы шақырымнан; елтаңба, байрақ, әнұран; ұлттың өкілдері; бас қаласы; егеменді, тәуелсіз;
|
Қазақстан
Қазақстан - көп ұлтты, (1)_________мемлекет.
Қазақстанның тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев. Мемлекеттік рәміздері - (2)_______.
(3)___________16 миллионнан асады. Қазіргі Қазақстанда 130
(4)_________ тұрады. Жер көлемі 2,7 миллион (5)_________
асады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ
тілі. Қазақстанның (6)_________- Астана қаласы.
Қазақстан жері (7)________бай, жер шарында кездесетін кен
байлықтарының бәрі бар. Олар: темір рудасы, түсті және (8)_______
(мыс, қорғасын, қалайы, күміс, алтын және
басқалары), көмір, мұнай, фосфориттер.
Тыңдалым.
Тапсырма. Тәуелсіздік хронологиясымен танысып, ой бөлісіңіз.
- 1992 жыл – Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып кірді.
- 1993 жыл – 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
- 1994 жыл – мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
- 1995 жыл – 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.
- 1996 жыл – 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті.
- 1997 жыл- «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп аталды.
- 1998 жыл – 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
- 1999 жыл – 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
- 2000 жыл – «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Түркістанға 1500 жыл толды.
- 2001 жыл – 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.
- 2002 жыл. «Денсаулық жылы» жарияланды.
- 2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» жарияланды.
- 2004 жыл- «Қазақстан – Ресей» жылы болды.
- 2005 жыл- Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
- 2006 жыл- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.
- 2007 жыл- «Қазақ тілін қолдау» жылы.
- 2009 жыл- елімізде халық санағы ұйымдастырылды.
- 1999 жылы Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді, 2010 жылы осы ұйымға төрағалық етіп, осы жылы Астанада Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізді.
- 2011 жыл қысқы АЗИАДА - мен басталды. Киелі қазақ жері осындай атаулы оқиғалардың куәсі болып отыр. «Бірлігі жарасқан еліміз тек биіктен көріне берсін
- 2012 жылы Қазақстан мемлекетінің спортшылары Лондонда болып өткен дүниежүзілік олимпиадада 6 алтын, 1 күміс, 13 қола жүлдесін иеленіп 12- орынды иеленді.
Мақал – мәтелдер
Туға тағзым - тарихқа тағзым.
Туға құрмет - елге құрмет.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе жеткенің.
Жазылым.
Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын жалғап, ол қандай септік екенін атаңыз.
Қазақстан... тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Халқы... саны 16 миллион... асады. Қазіргі Қазақстан... 130 ұлт... өкілдері тұрады. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырым... асады. Қазақстан Республикасы... мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан... бас қаласы - Астана қаласы.
Қазақстан жері пайдалы кендер... бай, жер шарында кездесетін кен байлықтары... бәрі бар.
Мына сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз.
Егеменді мемлекет, тәуелсіз ел, алтын шуақты күн бейнесі, қанатты қыран – еркіндік белгісі, алтын түспен берілген, “Қазақстан” деген жазу бар, ұлттық өрнек бейнеленген.
11-тақырып. Халықтық қолөнер
Оқылым.
Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:
көркем әдебиет,
музыка,
мүсін,
кескіндеме,
театр,
кино,
би,
сәулет өнері, т.б. түрлері бар.
Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады. Өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болған матерялдық арқауына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды:
1) мекендік немесе пластикалдық (кескіндеме, мүсін, графика, көркем фото, архитектура, т.б.) яғни, көркем бейнені кеңістікте түзетін өнер түрлері,
2) мезгілдік (сөз және музыка өнері), яғни көркем бейнелерді уақыт кеңістігінде құратын өнер түрлері.
3) мекенді-мезгілдік (би, актерлік өнер және осыған негізделген аралас түрлер – театр, кино, телевизия, эстрада, цирк, т.б.), яғни көркем бейнені белгілі бір уақыт кеңістікте түзетін өнер түрлері.
Сөз өнері іштей – жазба әдебиет, ауыз әдебиеті болып бөлінсе, музыкылдық өнер – вокалдық, аспаптық музыка түрлеріне бөлінеді. Сахналық өнер – драмалық, музыкалдық, қуыршақ, эстрада, цирк, т.б. болып жіктеледі. Ауыз әдебиеті – эпос, лирика,драма сияқты тектерге бөлінуімен қатар, бейнелеу өнері – портрет, пейзаж, натюрморт, сахна өнері, комедия, трагедия, водевил, т.б. жанрларға бөлінеді. Өнер, жалпы алғанда, әлемді игерудің тарихи қалыптасқан көркем әдісі ретінде өзіне тән ерекшеліктер мен өзіндік сипатқа ие. Халық музыкасында қалыптасқан әншілік, күйшілік дәстүрлердің де өзіндік болмысы анық. Кең тынысты лирикалдық әндер арқылы халық өзінің ішкі сезімдерін сыртқа шығарған болса, күмбірлеген күй арқылы өздерінің эстетикалдық әр филосиялдық ой-толғамдарын жеткізіп отырған. Осы белгісіне орай өнерді әрі эстетикалдық, әрі этникалдық құбылыс ретінде қарастыруға да болады.
Тапсырма._Мәтінге_жоспар_құрастырыңыз,_жоспар_бойынша_өнер_туралы_өз_ойыңызды_жеткізіңіз.__Тапсырма.'>Тыңдалым.
Тапсырма. Мәтінге жоспар құрастырыңыз, жоспар бойынша өнер туралы өз ойыңызды жеткізіңіз.
Тапсырма. Сіздің бойыңызда қандай өнер бар? Сізге ұнайтын өнер саласы туралы айтып беріңіз.
Жазылым.
Тапсырма. Төмендегі мәтіннен бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сызыңыз.
Өнердің эстетикалық қызметі арқылы танымдық табиғаты мен тәрбиелік сипаты айқындалады. Әрбір тарихи кезеңнің, сондай-ақ әрбір халықтың өзіне тән эстетикалдық талап, талғамдары болады. “Өнер алды – қызыл тіл” деген қазақ мәдениетінде сөз өнерінің орны ерекше болған. Қазақ фольклорының шағын жанрлары – мақал-мәтел, жұмбақ, лирикалдық ән-өлеңдер, билер институты тудырған шешендік сөздер табиғатының эстетикалдық сипаты басым. Халық мұрасы тұсында оның этникалдық арқауы басым болса, кәсіби өнерге келгенде эстетикалдық сипаты үстем. Өнер туындылары арқылы өмір шындығын көрсетудің әр түрлі тарихи кезеңдерге тән өзіндік көріністері бар. Соларды саралай отырып, адамзат баласының көркем қиялмен ойлау жүйесінің даму, жетілу жолдарын аңғарамыз.
12-тақырып. Қазақ театры және кино өнері
Оқылым
Мәтінді оқып, сұрақ құрастырыңыз.
Театр – ойын-сауық орны. Мұнда ойын-сауықтан басқа драмалық шығармалар, мәдени шаралар да өтеді. Театр ең алғаш Грецияда ашылған.
Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы,т.б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған. Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын труппалар құрып,ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды. Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13-де М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашылды.
Театр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды. 1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н.Бекежанов атындағы облыстық театр ғимараты тұр. Бұл күнде Қазақстанның барлық облыс орталықтарында драма театрлар ашылды. Соңғы жылдары театр репертуары байи түсті.
Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
13-тақырып: Күй атасы – Құрманғазы
Достарыңызбен бөлісу: |