Қазақ тілі Пәнінің оқу-әдістемелік кешені барлық мамандықтарға: kYa 1104 қазақ тілі


Тапсырма. Берілген мәтінді аударып әңгімелеңіз



бет7/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,33 Mb.
#7090
1   2   3   4   5   6   7   8

Тапсырма. Берілген мәтінді аударып әңгімелеңіз.

Университет – білім ордасы.

Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқимын. Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің іргетасы 1939 жылы қаланды. Сол кезде университет «Мұғалімдер институты» деп аталған. Ең алғаш математика, физика, тарих, география факультеттері ашылған. Оқу ордасы университет мәртебесін 1993 жылы алған. Ахмет Байтұрсынов есімі 1996 жылы берілді. Университет мәртебесін алғаннан кейінгі бірінші ректор белгілі Академик Зұлқарнай Алдамжар болған.

Ахмет байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универстеті – Қазақстан Рспубликасының солтүстік өңірінің білім беретін жетекші, ғылыми, әдістемлік және мәдени орталығы.

Универстеттің 7 факультетінде сегіз мыңнан астам студенттер мен магистранттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқиды.

Оқу-тәрбие үрдісін жоғары білікті професорлық-оқытушылар құрамы жүзеге асырады. Универстеттің 35 кафедрасында екі жүзден астам ғылыми атақтары мен дәрежесі бар оқытушылар сабақ береді, оның жиырмасы – ғылым докторлары.

Біздің университет еліміздің академиялық еркіндігі бар ЖОО-ның тізіміне кіреді, білім берудің барлық деңгейі бойынша дайындық жүргізеді, пән таңдаудың кең ауқымы мен оқытудың қолайлы үлгісі бар. Сонымен қатар бәекеге қабілетті мамандарды ойдағыдай дайындау үшін жаңа мультимедиялық және нтернет-технологияларды пайдалану арқылы қазіргі білім беру технологиялары кеңінен қолданылады.

Ең жаңа талаптармен жабдықталған «Білім орталығы» ақпараттық-білі беру орталығы униврситетіміздің мақтанышы. Мұнда студент пен оқытушы үшін, қажеттің бәрі: оқу және ғылыи әдебиеттің, мерзімдік басылымның бай қоры, тамаша материалдық-ткхникалық база, осы заманғы компьютерлік және оргтехника, Интернет-зал, әдеби қонақжай бөлме, жұмыс істеу үшін жеке кабиналар бар.

Жыл сайын Қостанай мемлекеттік университетінің базасында Ресей мен алыс шетелдердің қатысуымен шамамен 5 халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Әр жылда университет оқытушылары екі-үш докторлық және жиырмаға жуық кандидаттық диссертация қорғайды.

Университетте 7 факультет бар, 9000-ға жуық студент оқиды. Университетте сабақ кредиттік жүйемен, бекітілген сабақ кестесі бойынша 50 минуттан өткізіледі. Университетте 37 кафедра бар, 160-тан астам ғылыми атақтары мен дәрежелері бар оқытушылар, 40 ғылым докторлары мен профессорлар дәріс, семинар сабақтарын жүргізеді. Университет 35-тен астам мамандық дайындайды. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті – Қазақстанның солтүстігіндегі алдыңғы қатарлы, аймақтық университеттердің бірі.
Тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

Сіз қайда оқисыз? Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік

университетінің іргетасы қашан қаланды? Сол кезде университет қалай аталған? Ең алғаш қандай факультеттер ашылған? Оқу ордасы университет мәртебесін қай жылы алған? Ахмет Байтұрсынов есімі қай жылы берілді? Университет мәртебесін алғаннан кейінгі бірінші ректор кім болған? Университетте неше факультет бар және қанша студент оқиды? Университетте сабақ қандай оқу жүйесі бойынша өткізіледі? Университетте неше кафедра бар және кімдер дәріс, семинар сабақтарын жүргізеді? Университет қанша мамандық дайындайды Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазақстан бойынша қандай орын алады?

Тапсырма. Берілген сөйлемді қазақ тіліне аударыңыз.
Наш университет – один из ведущих университетов Казахстана. 2000 году нашему университету присоединили сельскохозяственный институт. С 2004 года студентов стали обучать по системе кредитных технологии. Многие преподаватели, кандидаты, профессора является выпусниками этого заведения. Возле нашего университета находится парк, французкий культурный центр, медицинский колледж, областной и городской акимат.
Тақырып. Басшы келбеті және басқару стилі.

-Сізге «Іскер басшының келбеті» - дегенде қандай ой келеді?


Жаңа сөздермен танысып, аударыңыз.

Іскер адам - ............................................... әрбір минут қымбат - .......................

іскер басшы - ............................................... дұрыс жоспарлау - ........................

дұрыс пайдалану - ....................................... өз кәсібін - ....................................

ұтымды пайдалану - ...................................... еңбек қарым-қатынасы - ................

басшы адамның қоғамдағы ролі -.......................................................................

айырықша мән - ........................................ ұжым - ...................................................

білікті - ........................................................ кәсіби біліктілігі - ...............................

ұйымдастыру қабілеті - ............................... басшы - ................................................

жантанушы - ................................................ ұйымдастырушы - .............................

тайдай қағу(таң қалу) - ................................ келбет - .......................................

бедел - ................................................ сезімтал - ...............................................


Тапсырма. Сөздерді дауыстап оқып, таза айтуға тырысыңыз.

Тапсырма. Жаңа сөздермен ауызша сөйлем құрыңыз.
Мәтінді оқып, әңгімелеуге тырысыңыз.

Адам — жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам — философиясы, әлеуметтану, психология, физиология, педогогика, медицина т.б. ғылымдардың объектісі болып табылады.

Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы басым түссе, адам соған қарай бетбұрыс жасап, өз тұлғасын қалыптастырады. Алайда, өмір қарама-қайшылықтарға, қиындық, қайғы-мұңға да толы болғандықтан, ол жақсы да, жаман да адамның мінез-құлқына әсер етіп, адамда қандай мінез басым болса, сол мінез иесін басқарып, өктемдік жүргізеді.

Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті тап-тұйнақтай киімі тап-таза болуы қажет. Сонда ол адам өз ортасында әріптестерінің арасында жүзі жарқын болып жүре алады.

Қазіргі заманның іскер адамы болу үшін әрбір минут қымбат. Жұмыс

күнінің барлық сағатын дұрыс жоспарлай білген адамның ісі де өнеді, табысы да көбейеді, бұндай адам бос уақытын да дұрыс пайдалана алады. өз кәсібін шын сүйетін, қоғамға пайдалы іс тындырғысы келетін адам уақытты ұтымды пайдалануға тырысады.

Қазіргі жаңа еңбек қарым-қатынастарында ер адаммен бірге әйел адамның да қоғамдық роліне айырықша мән берілуде. Бірыңғай әйелдер жұмыс істейтін ұжымдар да, іскер әйел басқаратын мекемелер, фирмалар, мемлекеттік органдар да бар. Білімі, іскерлігі, кәсіби біліктілігі, ұйымдастыру қабілеті жағынан ер адамдардан кем түспейтін басшы әйелдер аз емес.

Басшы ең алдымен жантанушы, содан кейін ұйымдастырушы болуға тиіс. Өз басқаруындағы ұжым мүшелерінің мінез-құлқын, іскерлік қабілетін, көңіл-күйін өзгеге айтқызбай-ақ өзі сезімталдықпен байқайтын басшы адамдарды ұжымдастырып, істі ілгері жүргізе алады.

Адамның басшылық беделін көтеретін фактор, сөз жоқ, ең алдымен оның кәсіби біліктілігі. Дегенмен, кәсіби біліктілігі, білімі, іскерлігі таңдай қақтырып, таңғалдырғанмен осы сапаларына сырт келбеті, жүріс-тұрысы, мәдениеті, киім киісі келіспей жатқан әйел басшының ұжым мүшелерінің сеніміне кіре қоюы қиын.
Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
Берілген етістіктерді мәтіннен тауып, ауыспалы осы шақта қолданыңыз.

Жоспарлау, пайдалану, тырысу, мән берілу, жұмыс істеу, жүргізе алу. ►Берілген мәтінді жоғарда берілген мәтінмен салыстыра әңгімелеңіз.


Қазіргі заманның іскер адамы болу үшін әрбір минут қымбат. Жұмыс күнін дұрыс жоспарлай білген адамның ісі алға басып, табысы көбейеді, бұндай адам бос уақытын да дұрыс пайдалана алады. Өз жұмысын жақсы көретін және қоғамға пайда келтіретін адам уақытты ұтымды пайдалануға тырысады.

Қазіргі кездегі қызметте әйел адамның қоғамдық роліне үлкен көңіл бөлініп отыр. Тек қана әйелдер жұмыс істейтін ұжымдар да, іскер әйел басқаратын мекемелер, фирмалар, мемлекеттік органдар да бар. Білімі, іскерлігі, кәсіби біліктілігі, ұйымдастыру қабілеті жағынан ер адамдармен бірдей көрінетін әйелдер аз емес.

Басшы әйел ең алдымен жантанушы, содан кейін ұйымдастырушы болуға тиіс. Өз қарамағындағы адамдардың мінезін, іскерлік қабілетін, көңіл-күйін бірден байқайтын басшы әйел адамдармен тіл табысып, істі алға жүргізе алады.

Әйел адамның басшылық беделін көтеретін – оның кәсіби біліктілігі. Дегенмен, кәсіби біліктілігі, білімі, іскерлігі жоғары болып, оған сырт келбеті, жүріс-тұрысы, мәдениеті, киімі келіспесе, онда әйел басшының қарамағындағы адамдардың сеніміне кіруі қиын болады.


ісі де өнеді, табысы да (алға басып, табысы)

кәсібін шын сүйетін, (жұмысын жақсы көретін)

пайдалы іс тындырғысы(пайда келтіретін)

жаңа еңбек қарым-қатынастарында (Қазіргі кездегі қызметте)

айырықша мән берілуде. (үлкен көңіл бөлініп отыр)

Бірыңғай әйелдер (Тек қана әйелдер)

ер адамдардан кем түспейтін (ер адамдармен бірдей көрінетін)

Өз басқаруындағы (Өз қарамағындағы адамдардың)

өзгеге айтқызбай-ақ өзі сезімталдықпен (бірден байқайтын)

адамдарды ұжымдастырып (адамдармен тіл табысып)

ілгері жүргізе алады. (алға жүргізе алады)

фактор, сөз жоқ, ең алдымен (оның)

таңдай қақтырып, таңғалдырғанмен (жоғары болып, оған)

ұжым мүшелерінің (қарамағындағы адамдардың)

сеніміне кіре қоюы қиын. (сеніміне кіруі қиын болады)
Іскер адам болу үшін, ...............

Қай сатыны таңдайсыз?


А.1.Үздік диплом

2.Жоғары білімді

3.Үй шаруасындағы әйел

4.Тіл табыса алатын адам

5.Білікті адам

6.Көлік жүргізе алтын



Б.1.Өз ісіне шебер

2.жан-жақты

3.лауазымы жоғары

4.Бизнисмен

5.базарда істеу

6.компьютер білу

В. 1.айту қиын

2.бәрі адам

3.ақша

4.білім міндетті емес



5.көп оқып қажеті жоқ

6.әдемі болу керек


-Сіздің ойыңызша, іскер адам қандай болу керек

- ..................................................................................... .

-Біздің қоғамымызда әйел адамның ролі қандай?




  • ............................................................................................... .




  • Іскер адам болуға кімдер ұмтылады?




  • ................................................................................................... .




  • Сіз іскер адам болсаңыз, қандай болар едіңіз?




  • .................................................................................................. .




  • Іскер адам болу, барлық адамның қолынан келе ме?




  • ..................................................................................................... .




  • Іскер адам болу үшін, белгілі бір салада жұмыс істеу керек пе?




  • ............................................................................................................... .




  • Іскер адамның келбеті дегенді қалай түсінесіз?




  • ............................................................................................................... .




  • Сұхбатыңызға рақмет! Сәттілік тілеймін!


11- тақырып. Ел үміті – қоғам қайраткері

Оқылым.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың өмір дерегі:

1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысы, Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларусь Ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1960-69 жж. – Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969-73 жж. – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-77 жж. – Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977-79 жж. – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-ші хатшысы.

1979-84 жж. – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-89 жж. – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.

1989-91 жж. – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы.

1990 ж.ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен – Қазақ КСР Президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұнғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбишұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Тапсырма._Мәтінді_оқыңыздар.'>Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті

Тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті.

Нұрсұлтан Әбішұлы – әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы дүниежүзінің әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақсталған бай тәжірибесі мен ілемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы, тіршілік тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісің тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жылда таңдаған бағытын табандылықпен жүзеге асыру – Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті.

Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік – тарихт маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдам астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, атап қаупін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигон жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды.

Атқарылған қыруар істердің ішінде тағы да екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы, екіншісі – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі.

Ұлт мүддесін бәрінен жоғары қоятын патриот және ұлт тағдырының жалпы адамзаттың дамуымен шендесіп жатқанын терең түсінетін кқреген саясаткер ретінде Н.Ә.Назарбаевтың халық алдында сіңірген тарихи еңбегі уақыт өткен сайын парықталып, бағасы арта түсетін болады.
лауазым титул, ринг, чин

мойындау признаться, сознаться

алымды способный, человек с большой эрудицией

елеулі заметный

ұрымтал удобный

табандылық стойкость, устойчивость

бастама инициатива

бүрку прыскать, опрыскивать

жарылыс взрыв

қыруар множество, масса

мүдде интерес

көреген зоркий, проницательный

парық различие, отличие
Тапсырма._Мәтін_бойынша_сөздік_жұмысын_жүргізіңіздер._Мәтінді_оқып,_орыс_тіліне_аударыңыздар.'>Жазылым.

Тапсырма. Мәтін бойынша сөздік жұмысын жүргізіңіздер. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
Тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіздер.

Орнықтыра түсті, тал бойына тоғыстырған, маңдай тіреген проблемалар, ең елеулісң, тап басып тани алу, әлемдік ахуалдармен санасу, ұрымтал әрекеттерге бару, от бүркіп, апат қаупін төндірген, мәңгіге тыншыды, қыруар іс атқару, ұлт мүддесін жоғары қою, адамзаттық дамумен шендесу, уақыт өткен сайын парықталу.


Тапсырма. Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті:

  1. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу.

  2. ________________________________________________________________

  3. ________________________________________________________________

  4. ________________________________________________________________


Тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыздар.
Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік тарихи маңызы бар қандай істер атқарылды?

1. 1991 жылдың күзінде Семей ядролық сынақ полигоны жабылды.

2.________________________________________________________

3.________________________________________________________

4.________________________________________________________

5.________________________________________________________

6.________________________________________________________

7.________________________________________________________

8.________________________________________________________

9.________________________________________________________

10._______________________________________________________

Тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударып, қажетті қосымшаны жалғаңыздар.
«Астана-Бәйтерек» монументі – қазақстандықтардың (жизнь) жаңа кезеңнің нышаны. Өзінің композициялық құрылымымен ежелгі (кочевники) ғарыштық көзқарасын білдіреді. Бұл ғажайып (объект) слу идеясын көтерген – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев. Жаңарған елорданың көркін (небо) таластырған «Астана-Бәйтерек» – cәулет (искусство) жаңару нышаны, Астана символы, Қазақстан симолы болып отыр.
Тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
Жаңа кезең, нышан, құрылым, ежелгі көшпенділер, көзқарас, ғажайып, аспанмен таласқан, сәулет өнері.
12-тақырып. Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында

Оқылым.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
Қоғам – адамзат өркениетінің білігі мен біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміт артары – жастар. Мемлекет тәуелсіздігінің бүгінгі даму сатысында ел жастарына артылып отырған сенімнің жауапкершілігі – ауыр, күтілетін үміттің үлесі мол. Жастарға сенім артып, жастардан үкілі үміт күту – қай қоғамның да басында бар болатын құбылыс. Алайда, біздің қоғамның жастардан күтер үміті айрықша. Олай дейтініміз, бүгінгі жастар – мемлекетіміздің егемендігімен тұстас, санасы кешегі қызыл қоғамның идеялық ұстанымымен уланбаған ұрпақ.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы  2004 жылғы 7 шілдедегі №581 тұжырымдамасы» бойынша, жастар дегеніміз – Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары. Халықтың үштен бірін құрайтын жастар – қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын капиталы, бүгінгі стартегиялық мақсатардың ертеңге жүзеге асырушысы. Сондықтан да жастардың білімді, дәстүрмен қатар заманнның озық құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны дұрыс.

Бүгінгі күнде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында осы жастардың алты жүз мыңнан астамы студент атанып білім алып жатыр. Бүгінгі жастарға, оның ішінде жоғарғы оқу орны қабырғасында білім алушы жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған түрлі мазмұндағы (материалдық, әлеуметтік, т.б.) көмек жеткілікті десек артық айтпаймыз. Мәселен, бүгінде елімізде Қазақстанның ғылыми-техникалық дамуының ұзақ мерзімді ұлттық әлеуетін анықтау бойынша алдын ала зерттеулер жүргізілуде. ҚР Бірінші Президентінің Қоры жанынан ғылыммен айналысатын жас мамандардың басын қосатын жас ғалымдар кеңесі құрылды. Білім бағдарламаларын жақсы меңгеріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласқан ЖОО студенттері мен магистранттарын қолдау үшін әл-Фараби, Қ.Сәтбаев, А.Жұбанов, Абай, Шәкәрім және басқа да қоғам қайраткерлері атындағы атаулы стипендиялар бар.
Тапсырма. Бүгінгі таңдағы Қазақстанда жастар және оларды қолдау мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы пікір алысыңыздар.
Тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыздар.
Независимое государство, молодежная политика, светлое будущее, социальная помощь, научно-техническое развитие, поддерживать студентов, образовательные программы, общественный деятель.

13-тақырып. Жастар және қоғамдық ұйымдар

Оқылым.

Мәтінді оқып, әңгімелеуге тырысыңыз.
Бүгінгі таңда қоғамдық ұйымдар туралы сөз қозғайтын болсақ, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы және оның «Жас Отан» Жастар қанаты туралы айтпай кетуге болмайды.«Жас Отан» Жастар қанаты2008 жылғы14 мамырдаАстана қаласында «Жас Отан» ЖҚ I Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған. Ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдары, сондай-ақ, қалалық және аудандық деңгейде бөлімдері бар. «Жас Отан» Жастар қанатының Орталық кеңесіне Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдардың жастар көшбасшылары, жас спортсмендер мен мәдени қайраткерлер кіреді. «Жас Отанның» ұйымдастыруымен репубикалық деңгейдегі іс-шаралар өткізіліп тұрады.

2010 жылдың сәуір айында «Жас Отан» ЖҚ «Біз қазақстандықпыз! Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты Республикалық акциясын ұйымдастырып, акция шеңберінде «БІЗ» деген сөзде – «140 МЕН!» тақырыбындағы бір шаңырақ астында 140 этностың бейбіт өмір сүріп жатқандығын көрсету мақсатында фотокөрме ұйымдастырды.

Мемлекет басшысының 2008 жылғы 24 желтоқсанда Заңына сәйкес, 2009 жылдың шілде айынан бастап, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігі мен Білім және ғылым министрліктерінің және Қазақстанның ауыл жастары одағы мен Қазақстан студенттер альянсы «Дипломмен ауылға!» жобасын жүзеге асыруда. «Дипломмен ауылға!» жобасының мақсаты – ауыл аймақтардың кадрлық әлеуетін қалыптастырып, қажетті еңбек ресурстары - әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік өндіріс мамандарымен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде қолдау көрсету.

«Нұр Отан» ХДП мен «Жас Отан» ЖҚ бастамасымен облыстар мен Астана және Алматы қалаларында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен туған тілімізге қоғамның назарын аудару және жастар арасында сәнге айналдыру мақсатында «Қазақша сөйлесейік!» республикалық қоғамдық акциясы өткізілуде. Акция барысында түрлі іс шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, Қостанай қаласында «Аялдама және талап», «Қазақ тілі курстарын ұйымдастыру» және «Жұмыспен саяхат» атты халыққа қызмет көрсету орындарында тұсаукесерін жасаса, Жамбыл облысында жалпы білім беретін мекемелермен бірігіп, іс шаралар ұйымдастырса, Қарағанды қаласында «Мемлекеттік тіл: келешегі мен проблемалары» атты қазақ тілінде оқытатын орталықтармен кездесу өткізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет