Қазақ тілі сабағы, 5 сынып
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
Рублевка орта мектебі
Закирина А.М
Тақырыбы: Менің бос уақытым
Берілген мақсаты: Берілген тақырып арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын
Қайталау және бекіту
Ақпараттық – білім ортасы: Электронды оқулық
Көрнекілік: Интерактивтік тақта
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы ЭО арқылы
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, интерактивтік тақтамен жүмыс, ЭО – пен жұмыс,
өзін – өзі тексеру, өзара бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Интерактивті тақта арқылы оқушылармен сөздік жұмысын өткізу
Балалар, бүгінгі сабақта әр баланың бос уақытын қалай өткізетінін аңықтаймыз.
Ол үшін, электронды оқулықты ашамыз. Сөз тіркестерді оқимыз
Мысалы: кітап оқу, сурет салу, спортпен шуғылдану, атқа міну, көмектесу
Кластер сызу: ↑ ↑
←Бос уақытымда→
↓ ↓
ІІІ. Электронды оқулық арқылы мәтінмен жұмыс өткізу
Тындап, есте қалғанын айтуға тырысады
Таныс сөздерді дәптерге жазып аламыз (бос уақытты, спортпен шұғылдану, кітап
оқу, теледидар көру, сурет салу, көмектесу)
С өйлемдерді дұрыс құрастыру (әр оқушыға бір – бір сөйлемнен беру)
ІV. Электронды оқулық арқылы грамматиканы қайталау
Түсіндіру 1: Толықтауыш – тұрлаусыз мүше (аңықтамасы)
Түсіндіру 2: Қосымшалары арқылы жасалады
Тапсырма: Мақалдарды оқып, тиісті сұрақ қоямыз
Тапсырма 2: Сөйлемдердің толықтауыштарын тауып жазғызу
V. Электронды оқулық арқылы оқушылармен шығармашылық жұмысын өткізу
1. Слайдтар арқылы, суреттерге қарап бос уақыттары туралы әңгіме құрастырады
Керекті сөздер мен сөз тіркестер: кітап оқу, сурет салу, теледидар көру, гүл өсіру,балық аулау, ата – анаға көмектесу
VI. Жұптық жұмыс (берілген модуль бойынша сұрақ – жауап құрастыру) өзін –өзі тексеру
VII. Нәтижені тексеру (мәтінді мұқият тындап, содан кейін тест тапсырмаларына жауап беру)
VIII. Сабақты бекіту (не ұнады? Нені үйрендік? Не білдік?)
IX. Үй тапсырмасын беру: Бос уақытты қалай өткізетіндеріңді жазып келіңдер
X. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |