Жүсіпбек Аймауытовтың: «... бала әуелі тәжірибеге талпынып , нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін»
Жүсіпбек Аймауытовтың: «... бала әуелі тәжірибеге талпынып , нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін»- деген сөзін еріксіз еске түсіреді.
«Честный слушатель слушает глазами, ушами, разумом, всем своим телом» Аллан Пиз, Барбара Пиз Ал тыңдалым дағдысы дегеніміз не? «Тыңдалым – «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – «есту арқылы түсіну». Бұл айтылған не техникалық ақпараттарға жазылған аудио мәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғым».
Нәтижесінде тыңдаушының бойынан мынадай өзгерістер байқалды:
Бірін-бірі тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді.
1.Тыңдалымның мақсаты тыңдаушыны:аудиожазбаның мазмұнын түсінуге, белгілі бір ақпаратты қабылдауға, мәтін детальдарын түсінуге, айтылған ойды толық түсінуге, сөйлеушінің сөзін еш қиындықсыз ұғынуға, ауызекі, анық құрылмаған сөйлеу тілін өзге адамдардың көмегінсіз түсінуге, бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадиобағдарламаларды еркін, түсініп қабылдауға, таныс және бейтаныс тақырыптағы сөйлесімнің негізгі ойын түсінуге, т.б. үйрету.
2.Тыңдалымға арналған белсенді жұмыс түрлері:оқушыларды қоршаған ортадағы кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсінуге бейімдеу керек. Ол үшін сабақ барысында түрлі белсенді жұмыс түрлерін пайдалану көп септігін тигізеді. Оқушыда тыңдалым дағдысын қалыптастыру үшін белсенді жұмыс түрлері өзекті, қызықты, әр түрлі болуға тиісті.