Қазақ тілі салалары бойынша жалпы тіл біліміне кіріспе негіздері 5 сыныптан басталатыны белгілі



Дата27.08.2017
өлшемі80,15 Kb.
#29846
Түсінік хат

Қазақ тілі салалары бойынша жалпы тіл біліміне кіріспе негіздері 5 – сыныптан басталатыны белгілі. Сондықтан бастауыштан алған білімдерін жетілдіріп, тереңдете отырып оқушының бойында білік -дағды қалыптастыруда тіл білімінің салаларын оқыту «Фонетика» тарауынан бастау алады. Фонетика тарауы бойынша тіл дыбыстарының әліпбидегі жүйесіне, әріп пен дыбыстың айыпмашылығына назар аударта отырып, дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін, жасалу жолдары мен емле ережелерін жан – жақты меңгерту басты мақсатымыз. Сонымен қатар, бұл бағдарламада оқушылар басқа тілден енген сөздермен, буын және оның түрлері, тасымал және үндестік заңы, орфография , орфоэпия, екпін және интонация ерекшеліктерімен , түрлерімен терең таныстырылады.

Бұл бағдарламада тіл дыбыстары және оның ерекшеліктерімен тек таныстырылып қана қоймай, жас буын жеткіншектеріне кешенді талдау жұмыстарын меңгерту, ауызша және жазбаша ой жылдамдығымен жұмыс істеу, есте сақтау дағдысын қалыптастыру көзделеді.

«Фонетика» таңдау курсы бағдарламасына аптасына бір сағат қарастырылған. Бағдарлама бойынша оқу материалдарын жаңа мазмұндағы технологиялар арқылы, соның ішінде, электрондық оқулықтарды, АКТ жүйесімен көрнекіліктерді пайдалана отырып сын тұрғысынан ойлау технологиясына негізделіп өткізуге қолайлы. Тіл білімінің бұл саласы түрлі деңгейдегі жалпы тақырыпқа қатысты және логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырады. Білім мен біліктілік жүйесін қолдана білу тиімділігі оқушылардың өз бетінше білім алу, іздену қабілетін арттыра отырып ана тілімізді бағалау, құрметтеу, туған тілімізге деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.



Мақсаты:

Жас жеткіншек шәкірттеріміздің бойында білімнің берік іргетасын орнату арқылы тіл білімінің ең қажетті тұстарын меңгертумен қатар сауатты болуға , тіл дыбыстары мен оның ерекшеліктерімен жан – жақты терең хабардар бола отырып, тілдік –эстетикалық тәрбие беру. Оқушылардың ойлау қабілеті мен сөздік қорын қалыптастыру.



Күтілетін нәтиже:

1. Теориялық білімдерін практикада қолдана білу біліктерін қалыптастыру.

2. Тіл дыбыстары туралы түсінік алады. Сөйлемге және сөзге өз беттерінше талдау жасау дағдысы артады, лингвисикалық дүниетанымдары кеңейеді.

4.Кешенді талдау жасайды.

5.Тіл дыбыстарының түрлерін ажыратады, грамматикалық талдау жасай алады.

Міндеті:

Оқушыларды азаматтық құндылықтарды білуге, адамгершілікке, тіл шеберлігін қалыптастыруға , сауатты жазып,өз ойын анық толық жеткізе білуге үйрету. Ізденіс жұмыстарына бейімдеу; өз беттерімен жұмыс түрлерін істей білуге дағдыландыру.




2016 - 2017 оқу жылындағы 5 «Ә» сынып оқушылары үшін «Фонетика» тақырыбында дайындалған факультатив курсының бағдарламасы

(Аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат)



Тақырыбы

Сағат

саны

Түрі

Мерзімі

1

Кіріспе. Тіл дыбыстары.

1

Лекция сабақ




2

Қазақ әліпбиі

1

Жаңа білімді меңгерту.




3

Қазақ әліпбиіндегі әріптердің жазылуы

1







4

Дауысты дыбыстар

1

Аралас сабақ




5

Жуан және жіңішке дауыстылар

1

Аралас сабақ




6

Ашық және қысаң дауыстылар

1

Білім бектіу




7

Жаттығу талдау жұмыстары

1

Жаңа сабақ




8

Еріндік және езулік дауыстылар

1







9

Қайталау,талдау, тест тапсырмалары

1

Білім бектіу




10

Дауысты дыбыстардың емлесі

1







11

Дауыссыз дыбыстар

1

Талдау




12

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

1







13

Дауыссыз дыбыстардың емлесі

1

Білім бектіу




14

Басқа тілден енген сөздердің жазылуы

1







15

Қайталау, талдау, тест тапсырмалары жұмысы

1

Білім бектіу




16

Мәтінмен жұмыс

1

Моде ль қорғау




17

Буын

1

Білім бектіу




18

Буынның түрлері

1







19

Тасымал

1

Білім бектіу




20

Үндестік Заңы

1







21

Буын үндестігі

1

Білім бектіу




22

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

1







23

Дыбыс үндестігі

1







24

Мәтінмен жұмыс

1







25

Кешенді талдау жұмыстары

1

Прак. оқуға негіз. ізденіс сабағы




26

Ілгерінді ықпал

1

Сахналық сабақ




27

Кейінді ықпал

1

Жаңа сабақ




28

Тоғыспалы ықпал

1

Аралас сабақ




29

Орфоэпия

1

Талдау




30

Орфография

1

Ізденіс сабағы




31

Екпін. Сөз екпіні. Ой екпіні. Тіркес екпіні.

1

Сайыс сабақ




32

Интонация

1

Аралас сабақ




33

Талдау, тест жұмыстары

1

Ойтолғаныс




34

Қорытынды сабақ

1

Қорытынды сабақ




Мұғалім үшін пайдаланылған әдебиеттер :

  1. «Қазақ тілі» «Мектеп» Баспасы, 2010

  2. «Қазақ тілі» оқулық «Атамұра» баспасы, 2015

  3. Интернет ресурстар

  4. Тесттер жинағы «Шың» баспасы. 2015

  5. «Қазіргі қазақ тілі» Ш.Бектұров.



Оқушы үшін пайдаланылған әдебиеттер :

1. «Қазақ тілі» «Мектеп» Баспа үйі, 2010

2. «Қазақ тілі» оқулық «Атамұра» баспасы, 2015

3. Интернет ресурстар

4. «Қазіргі қазақ тілі» Ш.Бектұров.

5. Тесттер жинағы «Шың» баспасы





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет