Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады



бет21/27
Дата15.09.2017
өлшемі5,84 Mb.
#33042
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

Мазмұны:
Кіріспе
3-5

І.Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мэселесінің


зерттелуі 6-17

II. Бастауыш мектеп оқушыларының грамматиканы меңгерудің


психологиялық кезеңдері 18-21

III. Бастауыш мектепте зат есімді оқыту жэне оны басқа сөз


таптарымен байланыстыра оқыту маңызы 22-42

III. 1 Зат есім мен етістікті байланыстыра оқыту 43-44

III. 2 Зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту 46-49

III. 3 Зат есім мен сан есімді байланыстыра оқыту 50-51



Қорытынды 52-53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 54-55

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі Тілді, оның ішінде

оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бү_рынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мэселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фанетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу жэне жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмүнымен оқуты эдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.

Бастауыш мектептерді тілді оқыту барысы мынандай мэселелерді қамтиды:

а) Оқуға үйрету:

э) сөздік қорын, стилистикалық дэлдікті, мазмүндылықты, логикалық жүйелілікті қамтитын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту:

б) фонетиканы, сөз қүрамын жэне ғрамматиканы


(морфология, синтаксис) меңгерТу;

в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.


Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мэселелердің арасында

тығыз байланыс орнату қажет деп табылды. Бүрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық үғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жүмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық жэне синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа оқушылардың өз ойларын мазмүнды, грамматикалық түрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дэл бейнелеп айта жэне жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.

Бү_л түхта орыс ғалымдары Д.Н.Богоявленскийдің, Н.Ф.Жуйковтың, Н.С. Рождественскийдің, Е.Г.Шашкованың жэне т.б. бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық үғымдарды беру негізінде олардың дүрыс сөйлеу әрі жазу дағдыларын қалыптастыру мэселелерін қарастырған қүнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70-

жылдары бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мэселелрін қарстырған эдімкер-ғалымдар да (М.Балақаев, Р.Әміров, С.Рахметова, Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, О.Байқуатова т.б.) өз еңбектерінде оқушылардың дүрыс сөйлеу жэне жазу дағдыларын қалыптастыру мен оларға грамматикалық ұғымдар беру жұымстарынң тиімді үйлесімін табу, оңайлы эдіс-тэсілдерін жүйесін қолдану мэселелері эр түрлі ыңғайда қарастырылды. Алайда бұл мэселелер 80-жылдарлдің аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшкен төрт жылдық бастауыш сыныптарында өз шешімін элі толық тапқан жоқ деуге болады. Біздің қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан бастауыш мектептепде жүргізілген бақылауларымыздың қортындысы мынаны көрсетті: оқу бағдарламасында берілетін білім мазмүнын эдістемелік-психофизиологиялық түрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш класс оқушыларының бэрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере аламаған. Олардың бэрі бірдей өз ойын грамматикалық ■ түрғыдан сауатты бейнелеіі айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін үғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алмайды. Грамматиканы оқытуда басты назарды зат есімді оқытуға аударған жөн. Себебі, бастауыш мектепте зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытады.Сондықтан тақырып өзекті.



Диплом жұмысының мақсаты Бастауыш мектеп оқушыларына сөз таптары туралы үғым беру.

Диплом жұмысының міндеттері:

  1. Бастауыш мектепте зат есімді оқыту тэжірибесімен танысу;

  2. Тақырыпқа сэйкес эдістемелік, педагогикалық кңбектерге
    сараптама жасау;

  3. Оқушылардың зат есім жөнінде білімдерін жетілдіру.

Диплом жүмысының нысаны болып Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту процесі алынды

Диплом жұмысының эдістері. Диплом жүмысында баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту эдістері пайдаланылды.

Диплом жұмысы жүмысы екі кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалық, лингвистикалық жэне эдістемелік эдебиеттерге талдау жасалып, диплом жүмысының мақсаты, нысаны айқындалды.

Екінші кезеңде Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушылардың зат есім жөнінде білімдерін жетілдіруге арналған оқыту эдіс-тэсілдерді қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында зат есімді оқыту тэсілдерін қолдануды ұйымдастыру жэне тиімді пайдалану жолдары айқындалды.

Диплом жұмысының теориялық маңызы Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушыларға зат есімді оқытуға байланысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту эдістемесін теориялық түрғыдан толықтырады.

Диплом.жұмысының практикалық маңызы

Диплом жұмысында ұсынылып отырған эдістеме оқушылардың қазақ тілінің сөйлем жөнінде алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді. Диплом жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан жэне пайдаланылған эдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Бастауыш сыныптарда грамматиқаны оқыту мәселесінің

зерттелуі

Қазақ тілі пэнін оқыту-мемлекеттік тілде жүретін мектеп пәндерінің ішіндегі ең бастысы, бэрінің ортақ өзегі эрі үйытқысы. Ана тілін жақсы білмей түрып, ол тілде дүрыс, еркін сөйлеп сауатты да сындарлы жазуға үйренбей тұрып, қалған пәндерді ойдағыдай саналы меңгеру жайында айтудың өзі артық. Осы білім, дағды, біліктіліктердің барлығының негізгі бастауыш сыныптарда қалатыны белгілі. ¥лы педагог К.Д.Ушинский: "Халық тілі - тарих шекарасынан эрі қайда эріректен басталатын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі, оның күллі барлық терең, толық ойы мен сезімі туған елінің тілінде",- деп көрсеткен болатын. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының қалыптастыруға мүмкіндік-беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады. Осындай күрделі міндеттерді шешуде ерекше орын алатын пэн - ана тілі. Ана тілінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді: "Ана тілі - халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп, түрлене беретін мэңгі қүламайтын бэйтерегі. Жанның барлық толқындарын түқымнан түқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы - сол халықтың тілі ". Бұған "Мүралардың ең қымбаты — сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн шықпас суық көңілді жылытады. Асыл сөз мәңгі жасайды.", - деген Ғ.Мүхтафиннің сөздеріне қоса ана тіліміздің алатын орнын, Конституцияға қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілгенін, халқымызмыздың егемендікке ие болуы нэтижесінде қолы жеткен үлы қуаныш, бақытымыз екені жайында эңгімелей келе оқушыларымызға оның мәнін терең үғырдыру түсу үшін көрнекті түлғалардың ана тілі жайында айтатын қанаттысөздерінен мысал келтіруді жөн көрдім. Л.Н.Толстойдың "Қанша айтсаң да, ана тілі қашанда ана тілі болып қала береді. Шешіліп бір сөйлегін келген кезде бірде-бір француз сөзі басқа кірмейді, ал бір жарқ етіп қалғың келеді екен, онда мэселе басқа", М.И.Калинин "Ана тілін үйрену-үлы іс. Әркім өз ана тілімен сөйлеуге, анасынан туа үйренген тілімен сөйлеуге тырысуы керек.Ең жақсы тіл -ана тілі", М.Әуезовтің "Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мэдениетті, үжым деп санауға болмайды", Ғ.Мүсіреповтің "Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан қол үзеді," - деген сөздерінен - ақ ана тілінің ерекше екендігі көрінеді.

Осыдан қазақ тілі пэнін оқытудың бес түрлі маңыздылығы шығады:

1. Білімділік (ғылым негіздерімен қаруландыру)

2. Тэрбиелік (адамгершілік, имандылық қасиеттерді
қалыптастыру).


  1. Дамытушылық (баланың таным қабілеттерін арттыру).

  1. Аралық қызмет (үлттық дәрісханаларда қазақ тілі арқылы басқа
    пәндерді ұғындыру)

  2. Қатысымдық қызмет (қазақ тілін оқыту арқылы басқа қабілетін
    жетілдіруі).

Қазіргі танда қазақ тілін оқыту эдістемесін жетілдіру мақсатында мұғалімдер алдында қалай және нені оқыту керек деген сүрақтар туы заңды. Білімді толығымен ендіру, бағдарламаны толық үғындыру-эрбір мұғалімнің алдында түрған мақсат. Сондықтан казіріг екзеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары шығуда, соған орай жаңаша бағдарламалар жасалып, оқытудың бағыттары беріле бастады. Сонымен бірі - бастауыш сынып оқушыларына арналған "Атамұра" баспасынан шыққан жаңа бағдарламаларға негізделген "Қазақ тілі" оқулықтары. Бұл оқулықтар жаңаша оқыту бағыттарын талап етеді. Себебі "Атамүра" баспасынан шыққан "Қазақ тілі" оқулықтары мынадай оқу-эдістемелік принциптерге негізделген:

1. Оқулықтарды жасау барысында авторлар мынадай мэселелерге


басты назар аударған:

а) Қызметтік. Қазақ тілінің фонологиялық, лексикалық,


грамматикалық жақтарынан білі ала отырып оқушы, қатынас қызметін
қолдану мүмкіншілігі.

э) Жүйелілік. Қазақ тілін оқыту барысы белгілі бір жүйеге бағындырыла жасалынған.

б) Тэрбиелік. Әрбір сөйлем, мэтін оқушыға тэрбие беру
мақсатында іріктеліп алынған.

2. Оқыту барысын жеңілдету үшін оқулықтармен қоса оқыту


кешенін қүрайтын көмекші оқу - эдістемелік қүралдар шықты. Бүл
кешенде басты орынды, негізі болып "Қазақ тілі" оқулығы түрады.
"Қазақ тілі" оқулығын негіз ете отырып "Таза жазу" дэптерлері, түрлі
"Қазақ тілі" оқыту жөніндегі эдістемелік қүрал, көмекші, диафильмдер
түрлі бағдарламалар, көрнекті қүралдары т.б. шықты.

3. Оқулықта баларға білім беру жүйесі толық сақталынған. Әрбір тақырып бастауыш мектеп оқушыларына оқу жэне жазу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында берілген. Сондай-ақ эрбір тақырып жеңілден - ауырға, оңайдан — қиынға принципіне сүйене отырып, бүкіл бастауыш мектеп бағдарламаларына сэйкес жүйемен берілген.

4. Оқулықтардың қүрылымы мен мазмүны оқушылардың жазу жэне оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру ісін жетілдіруде өтілген тақырыпқа қоса келесі тақырыпқа негізделіп отырады.

5. Оқулықтарда тілдік материалдың берілуі мен іріктелуі қаза


тілінің фонологиялық, лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық,
грамматикалық заңдылықтарына негізделе отырып алынған. Тілдік
материалдар эліппеге дейінгі, эліппе кезеңі, эліппеден кейінгі кезеңдерді
толық қамтиды. Тілдік материалдар негізінен лексикалық жэне
грамматикалық принциптерге сүйенген. Әрбір сөздің мағынасы жекеше
тұрып та, басқа сөздермен байланысқан түскен жағдайларда толық
ашуға эрекет жасалынған.

6. Оқулықта оқушылардың фонетикалық, орфографиялық,


грамматикалық, лексикалық дағдыларын қалыптастыру үшін түрлі
практикалық жаттығулар берілген.

7. Оқулықтағы түрлі тапсырмалар мен сүрақтар балалрдың оқу


жэне жазу, түсіну дағдыларын қалаптастыруға негіз болады.

  1. Оқулықта оқушылардың саналылығы мен белсенділігін
    арттыруға түрлі іс-эрекеттер басым.ъ

  2. Оқулықтар оқушылардың жас ерекшіліктеріне сәйкес
    психологиялық заңдылықтар мен түжырымдары негізге алынған.

10. Оқулықтар бастауыш мектеп бағдарламаларына сәйкес
жасалынған:

а) эліппе жэне тіл дамыту.

э) оқу, фонетика, грамматика жэне тіл дамыту.

б) Фонетика, грамматика, емле жэне тіл дамыту.

в) грамматика, емле жэне тіл дамыту.

11. Әрбір сынып оқулығы келесі сынып оқулығының басы, келесі


сынып оқулығы бүрынғы сынып оқулығының жалғасы ретінде
жасалынған.

Бірінші сынып оқулығында - • қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары мен жүйесі жөнінде, лексика мен грамматиканың алғы шарттары ғана берілген.

Екінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің заңдылықтарына жекелей тоқталып, грамматика мен емле үйретіле бастайды.

Үшінші мен төртінші сынып оқулықтарында — бүкіл бастауыш мектепте үйретілуге тиіс материалдар толығымен оқытылып, жоғары сыныптардағы оқуға негіз жасалынады.

Оқулықтардың осындай принциптеріне негізделе жасалуы - заман
талабы. XX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап кеңестік эскерлердің
арасында оқыту ісін жетілдіру жүмытары сөз болып, түрлі семинарлар
өткізе бастады. Әдіскерлердің осында эс-эрекеттері нэтижесінде жаңа
ғылыыми бағых дүниеге келді. Бүл ғылыми бағыт - лонгводидактика
деп аталады Терминды академик' Н.М.Шанский енгізді.
Лонгводидактика бүкіл тіл ғылымының психологиялық,

педагогикалық заңдылықтарын өзіне жинақтайтын оқыту эдістері жиынтығы.

Оқулық әдістері тек оқулықтағы берілген тапсырмалар мен жаттығуларға сэйкестеліне жасалуы қажет деген пікір қалыптасқан. Осыдан оқушы тек тапсырманы ғана орындауы қажет, басқа тапсырмалардың қажеті шамалы деген қағида шықты Мысалы: Сабақта № 321, 322 жаттығуларды орындап үйге № 325, 326 жаттығуларды орындалуы шартталынады. Бүл сабақта өту жұмысын бір тектес, бір сарынды етіп қойды. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп, белсенділігін артыруға негіз-түрткі екендігі қазір барша эдіскерлерге аян. Түрткісіз сабақ шаблон секілді алдын - ала белгілі, пэнге деген қызығушылығын тудырмауы заңды.

Сондықтан, қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту эдістемесінің жаңа көзқарастары оған жаңаша эдіс-тәсілдерді қажет ететіні белгелі. Бү_л ретте алған қойылған бағдарламалық талаптарды бір-біріне бөле қарауға болмайды. Түпкі мақсат, тэрбиелік міндеттерге қоса, оқушылардың өз ойларын түжырымды да түшымды айтуға үйрету, сауатты да сындарлы жазып жеткізі алатын болуына қол жеткізу десек, ең алдымен олардың , сөздік қорын үнемі молайтып, тілдік түйсік-талғамын жетілдіре беруде бастауыш сынып мүғалімдірінің ететін еңбегі зор.

Мүндай нэтижеге мүғалім өзінің сабақ өту эдістерін үнемі жетілдіру, оны тиімді пайдалану арқылы қол жеткізеді. Қандай эдіспен өтсе де балаға бағдарламаға сай білімді сіңдіру түпкі мақсат. Сондықтан мүғалімдер казіргі кезеңдегі ғылым жетілдіктерін пйдалана отырып, эдіскерлердің үсынған эдістерін саралай кел өзіне қажетін іріктеп алады. Әрбір эдіс тэжірбие түрінде сыналып, жинақталынып алынған нүсқау. Егер де мүғалім эдістерді дүрыс қолдана білсе, бү_л эдістер тек оқушылардың пэнге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, сонымен қатар пэннің мазмұнын терең түсіріп меңгеруді, толыққанды білім мен тэрбйе алуына, білім көрсеткіштерін арттыруды қамтамасыз етеді. Бірінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары мен жүйесі жөнінде, лексика мен грамматиканың алғы шарттары ғана берілген.

Екінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің заңдылықтарына жекелей тоқталып, грамматика мен емле үйретіле бастайды.

Үшінші мен төртінші сынып оқулықтарында - бүкіл бастауыш мектепте үйретілуге тиіс материалдар толығымен оқытылып, жоғары сыныптардағы оқуға негіз жасалынады.

Оқулықтардың осындай принциптеріне негізделе жасалуы - заман талабы. XX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап кеңестік эскерлердің арасында оқыту ісін жетілдіру жүмытары сөз болып, түрлі семинарлар өткізе бастады. .Әдіскерлердің осында эс-эрекеттері нэтижесінде жаңа



9

ғылыыми бағыт дүниеге келді. Бұл ғылыми бағыт - лонгводидактика


деп аталады Терминды академик Н.М.Шанский енгізді.
Лонгводидактика бүкіл тіл ғылымының психологиялық,

педагогикалық заңдылықтарын өзіне жинақтайтын оқыту эдістері жиынтығы.

Оқулық эдістері тек оқульщтағы іэерілген тапсырмалар мен жаттығуларға сэйкестеліне жасалуы қажет деген пікір қалыптасқан. Осыдан оқушы тек тапсырманы ғана орындауы қажет, басқа тапсырмалардың қажеті шамалы деген қағида шықты Мысалы: Сабақта № 321, 322 жаттығуларды орындап үйге № 325, 326 жаттығуларды орындалуы шартталынады. Бүл сабақта өту жүмысын бір тектес, бір сарынды етіп қойды. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп, белсенділігін артыруға негіз-түрткі екендігі қазір барша эдіскерлерге аян. Түрткісіз сабақ шаблон секілді алдын - ала белгілі, пэнге деген қызығушылығын тудырмауы заңды.

Сондықтан, қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту эдістемесінің жаңа көзқарастары оған жаңаша әдіс-тәсілдерді қажет ететіні белгелі. Бүл ретте алған қойылған бағдарламалық талаптарды бір-біріне бөле қарауға болмайды. Түпкі мақсат, тэрбиелік міндеттерге қоса, оқушылардың өз ойларын тұжырымды да түшымды айтуға үйрету, сауатты да сындарлы жазып жеткізі алатын болуына қол жеткізу десек, ең алдымен олардың , сөздік қорын үнемі молайтып, тілдік түйсік-талғамын жетілдіре беруде бастауыш сынып мұғалімдірінің ететін еңбегі зор.

Мүндай нэтижеге мүғалім өзінің сабақ өту эдістерін үнемі жетілдіру, оны тиімді пайдалану арқылы қол жеткізеді. Қандай эдіспен өтсе де балаға бағдарламаға сай білімді сіңдіру түпкі мақсат. Сондықтан мұғалімдер казіргі кезеңдегі ғылым жетілдіктерін пйдалана отырып, эдіскерлердің ұсынған эдістерін саралай кел өзіне қажетін іріктеп алады. Әрбір эдіс тэжірбие түрінде сыналып, жинақталынып алынған нүсқау. Егер де мүғалім эдістерді дүрыс қолдана білсе, бүл эдістер тек оқушылардың пэнге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, сонымен қатар пәннің мазмұнын терең түсіріп меңгеруді, толыққанды білім мен тэрбие алуына, білім көрсеткіштерін арттыруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезеңде ғалымдардың зерттеулері бойынша сабақты ойын түрде өткен жағдайларда ғана бала санасына білі тез жэне толық енетіндігін көрсетеді.

1 -сызба

Оқыту пирамидасы. (игерудің орташа проценті)



10

Дэріс 5%


Оқу 10%

Көрнекі жэне аудио материалдар 20%

Көрсету 30%

Пікірталас тобындағы жүмыс 5 0%

Іс-қимыл арқылы оқу 75%

Басқаларды үйрету 90%

Ғалымдардың көрсетуі бойынша сабақты тек мүғалімнің өзі ғана жүргізіп, оқушылар мен мүғалім арасында, іс-эрекет тек бір жақты болған жағдайда бүкіл сабақты игеру мүмінкіндіктері 50%-ке жетпейтіндігін көрсетті. Мүндай сабақтарды оқушылардың іс-эрекеті төмен, тек дәріс, оқу, көру ғана болғандықтар сабақтан тез жалығады, қызығушылығы төмендейді. Егер сабақты мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас "таратқыш-қабылдағыш" түрінде емес, "мүғалім-оқушы" немесе "түлға-тұлға" түрінде өткен жағдайларда оқушы білімді тезірек жэне сапалы түрде сіңіре алады. Мүндай сабақтарда оқушылардың іс-эрекеті жоғары, бір-бірімен сөйлесу, сабақты ойын түрде өткізіп бүкіл білімін 75%-тйін өзіне сіңіре алатындығын сызбадан көрінеді.

Балалардың оқуына түрткі болған жағдайларды психолог ғалымдар екіге бөледі.

1- сыртқы түрткілер болса, 2- ішкі түрткілер. Бірақ бүл түрткілердің арасында белгілі бір шекара. жоқ, сыртқы түрткі ішкі түрткіге, керісінше ішкі түрткі сыртқы түрткіге оңай өте алады. Бастауыш сынып оқушыларына мүғалімнің сөйлеген сөзі, жүріс-түрысы, қимыл іс-эрекеттерінің барлығы баланың ішкі түрткісінің оянуына себеп болады. Бастауыш сынып оқушыларына тағы бір тэн кдсиет - мүғалім сөзіне имандай сену айтқанын бүлжыппай орындай мүғалімді "ата-аналар" қатарына қосу. Міне сондықтан, мүғалімнің істеген іс-қимылдары, айтқан ақылдары, оқушылардың оқуға деген ішкі түрткісіне айналады. Ал сыртқы түрткісіне оқитын сыныптастары, түрлі эдістемелік қүралдар, көрнектеліктер т.б. жатады. Егер сыртқы түрткілер оқушылардың бойында психологиялық жэне физиологиялық белсенделегін арттырған жағдайда балалар бойында ішкі түрткі іске асады. Балалардың сабақта бір орында тыныш отырып, сабақ тындауы, сабаққа қатысуы төмен болса оқуды жөнді игере алмайды.

Сабақ неғұрлым қызықты жан-жақты ойын түрде өтілетін болса, оқушылардың білімді игеруі де соғүрлым жақсара бермек. Бастауыш сынып оқушыларына сабақты ойнап отырып қабылдайды, ойнай отырып оқйды. Мүндай сабақтарда мүғалім де ойынға қатысушы мүшелерінің біріне айналуға тиіс.

Н.А.Байбуртян, И.А.Геодекян, т.б. ғалымдар ойын сабақтардың балалрға тигізетін үғымды тұстарын атап өткен, сондықтан, біз ойын —

11

сабақтарға терең тоқталмай, тек оқушыларға іс-эрекеттің қаншалықты пайдалы екенін атап көрсетті.

Білімді игерудің ең жоғары түрі балалардың біріне-бірі сабақ өтуі, түсіндіруі болып табылады.. Мұндай қос оқушышынң сабақтарында мұғалім оқушыға ертеңгі тапсырманы түсіндіріп, үйде оқып, дайындалып келуін тапсырады. Дайындалып келген оқушы өзінің білгенін жанындағы оқушыға түсіндіреді. Мүндай тэсіл екінші тілді оқытқан кезде ғана тиімді болып есептелінеді.

Бастауыш сынып оқушыларына зат есімді оқыту барысында сабақты ойын — сабақ түрінде, этнопедагогикамен байланыстыра өтуді жөн көрдік. Осындай жағдайда оқушыларға мынадай білімді, біліктілікті:

а) Өз ойларын мазмүнды грамматикалық түрғыдан сауатты


стильдік жағынан жатық, дәл бейнелеп айта жэне жаза білу дағдылары
мен икемділіктерін қалыптастыру;

э) Оқушылардың сөздік қорын молайтудың, өз мағыналарын дүрыс үғынып, сөздерді орынды жүмсай білу дағдысын қалыптастыру;

б) Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем жэне сөйлеу
үлгілерін негіз ете отырып сөйлемді дұрыс қүруды үйрету;

в) Халық ауыз эдебиеті үлгілерінен мақа-мэтел, жүмбақ-


жанылтпаштар жэне қазақ халықның көрнекті ақын жазушыларының
шығармаларын ребустар мен сөзжүмбақты, гараматтикалық
тапсырмалар талабына сай іріктеп алып оқушылардың бойына сіңдіру;

д) Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дамыту;

Секілді т.б. қасеиттерді үйрете алатынымызды көрдік.

2. Бастауыш сыныптарды грамматиканы оқыту мэселесінің зерттелуі.

Баланың сөздік қорында сөздердің барлығы сөйлеу процессінде қолданысқа түсіп, бір-бірімен байланыста болады. Психолог А.Н.Гвоздев балының сөйлем, сөздерді тіркестіре айта бастауы 1,10 ай — 2 жасында пайда болып кейінірек дами түсетіндігін көрсетеді. "Ребенок еще не обучавщися родному языку, практический полностью владеет гарммматическим формами: дети никогда не делает ошибок, "лампа стояла над столом", то есть своейречевой практике слогают, спергают и согласуют слова. Овледевает этими речевыми операциями ребенок в процессе "фактического приспособление своей речевой деятельности к тем языковым условым, в которых она протекает, т.б. в процессе "прилаживания", "подражания", - деп мектепке келген баланың тілдік бүкіл гармматикалық заңдылықтармен білетіндігін көрсетеді.

Бала алғаш сөйлем қүрап сөйлеген кезінен бастап — ақ, түбірлер мен қосымшаларды дүрыс жалғап, қолдана алады. Бала тілі зерттеген Д.Н. Шмилев, Қ.Молдабеков, К.Р.Львов т.б. секілді ғалымдар бала



12

гармматикалық заңдылықтары дұрыс қолдана алтындығын көрсетеді. Д.Н.Шмилев "Препринятое послендие годястатистические исследование функционально стилистического расспределения грамматических форм слов, содерит интересные данные, но они в основном ориентированя на формы слов но не их значение, между тем как возможности "перенсоного" употребление грамматических форм как раз и различны в разных типах речи", - деп бала өзінің сөйлеу тілін гармматикалық формаларды дұрыс қолдана алтындығын көрсетеді.

М.Р.Львов "В интеллектульной жизни подростка речь наяинает выступать в разных вариантах: все болыпую роль играет писменная речь, постепенно происходить стилевая дифференциация: на ряду с разговорно-бытовым стилем все больше развивается и совершенствуется в книжной стили речи", - деп, атап көрсетеді. Мұның өзі бала тілінің өзгеруіне байланысты баланың сөйлем құрау жобасы, нүсқасы да өзгеретіндігін білдіреді. Сондықтан баланың сөздік қорында сөз таптарының басымдылығы сөз болады. Бұл жөнінде М.Ф.Скорнякова: "отсюда напрашивает вывод о необходимости учета особенностей значения грамматических форм в разных типах речи и степени владения учащимися как самим набором грамматических форм, так и смысловыми возможносями их", - деп , мектепте грамматиканы оқытудың қажеттілігін атап көрсетеді: "Целенаправленное изучение в школе языка и в частности грамматики, вызывает существенные изменение в речевой деятельности детей".

Бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мэселесі жөнінде XX ғасырдың басында үлкен дау-дамай, пікір таластап болған. Кейбір ғалымдар грамматиканы бастауыш сыныптарда оқтудың қажет жоқ, балалар грамматиканы оқымай-ақ сөйлей алады, өзінің пікірін жеткізе алады десе, (А.Б.шапиро, П.С. Державин, Д.Н.Ушаков, А.Машкин т.б.), А.Машкин: "...оставить в покое грамматику навык к языковым (речевым) формам", - дейді. А.Б,Шапиро "..іграмматика не имеет ничего общего ни с орфографией, ни с развитием речи", - деп гармматиканы оқытудың қажеті шамалы, грамматиканың баланың жазуына, тіл дамытуына эсері жоқ екенің айтады.

Екінші топтағы ғалымдар (А.М.Пешковский, П.Гуревич, А.Слетова, М.Соколова, М.Янчевская, т.б.) гармматиканы оқытудың қажетттілігін айта келе гармматиканы оқыту арқылы балаларда жазу дағдылары мен икемділіктері қалыптасатындығын атап көрсетеді.

А.Н.Пешковский: "Если прежде утверждали, что "гарамматика-служанка правописания", то я утверждаю что грамматика служанка и првописания, и литературно речевых навыков, и стилевых навыков. "Граматика служанка - навыков " - вот как я формулирую роль грамматики в школе", - деп грамматиканың дағды қалыптастыруда ең бір дұрыс жолы-екенін көрсетеді.



13

Бастауыш сыныптардағы грамматиканы оқыту жөнінде пікір таластар нэтижесінде қазіргі кезде грамматика емлеге, фонетикаға қатысты болып оқытылып келе жатыр. Бүл балардың сөздік өорын молайтпай, қайт тек белгілі бір аз мөшердігі сөздерді жаттатып, жаттықтыруға экелді. Осындай пікірді Г.И.Белоусова "Вопросы развитя речи в методических книгах 20-х годлв", - деген кандидаттық дисерттациясында атап өтеді.

"В последующие десятилия, особенно в конце 40-х начале 50-х годов, наптроив, на урогах русского языка на столько сильно увеклисьграмматикой, что забывали осамом языке, боготмо, живом и ранообразном. Грамматические правила превращались в самоцель и не имели никакого практического приложение к навыкам а устной и письменной речи. Такая практика работы по языку не могла способствовать развитию речи учащихся, и речывая культура родолжала оставаться бедной".

Қазақ тілін оқыту эдістемесінде (бастауыш мектепте оқыту) грамматиканы оқыту жөнінде зерттеу ісіне А.Байтүрсынов, С.Жиенбаев, С.Х.Сарыбаев, Х.Бозжанаова, Ә.Сэдуақасова, Г.Уайсова, Ы.Маманов, Р.Әміров, Х.Арғынов, Д.Әлімжанов т.б. үлес қосқан жэне қосуда.

А.Байтұрсыновтың "Тіл қүрал" (1914), "Тіл - құрал" (1925), "Тіл -құрал" (1915), "Тіл - қүрал" (1925), "Методика мэселелері" (1922),"Оқу құралдары" (1912), "Әліп-би" (1928), "Сауат ашқыш" (1926). т.б. қазақ тілінің эдістемесіне арналған еңбектері мен мақалаларының қазіргі кезеңге дейін өз қү_нын жоймағандығын айта аламыз.

А.Байтүрсыновтың оқулықтарында грамматикаын оқыту мэселесі туралы айтылған пікірлері кездеседі. Ол: "қазақ тілінің түбірі өзгерілмей аяғына жалғау қосылып өзгеріледі. Жалғау екі түрлі: 1. Сөздің түлғасын өзгертсе де ішкі мағынасын өзгертпейді. 2. Сөздің түлғысын да мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастан тысқары (яғни жалғау — Е.М.), соңғысы ішкері жалғау (жұрнақ Е.М.), деп аталады. "Қүлақ" деген сөзге (тың) деген жалғау қоссақ, қүлақтың болады. Түлғасы өзгерілді мағынасы өзгершген жоқ. "Қүлақтың" деген де бастын мүшесінің атын көрсетеді. Егер "Қүлақ деген сөзге" "шын " деген жалғау (жүрнақ Е.М) қоссақ "Құлақшын" болады. Мүнда тұлғасы да мағынасы да өзгерілді. " Қүлақ" бастың мүшесін көрсетуші еді, "Қүлақшын " болған соң басқан киетін киімнің атын көрсетіп түр", - деп түбір мен қосымшаларды оқыту жайында сөз етеді.

А.Байтүрсынов сөз таптарын үлкен екі топқа бөледі: 1-атауыш сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік), 2-шылау сөздер (үстеу, демеу, жалғаулық, одағай). 1925 жылы шыққан "Тіл - қүрал ' еңбегінде гармматиканы сөз тұлғасына қарай 5-ке бөледі:

а) Түбір сөз

э) Туынды сөз (туғын сөз)

14

б) Қос сөз- \

в) Қосалқы сөз

г) Қосымшалар

Сөз мағынасына қара тоғыз топқа бөледі.


  1. Зат есім

  2. Сын есім

  3. Сан есім

  4. Есімдік

  5. Етістік

Есімдеуіш атау сөздер


  1. Үстеу (үстеуіш)

  2. Демеу (демеуіш)

  3. Жалғау (жалғауыш)

  4. Одағай (еліктеуіш, лептеуіш)

Шылау сөздер

С.Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1946), "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы" (1957), "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы" (1939), тағы басқа секілді қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан еңбектері мен мақалалары бар.

С.Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1949) жылы шыққан атты еңбегін үлкен-үлкен екі тараудан тұрады.

Бірінші тарауы - "Грамматика оқыту методикасы" деп аталса, екіншісі - "Кітап оқыту методикасы" - деп аталады. С.Жиенбаев сөздің мағынасын жеке түлғада емес, басқа сөздермен байланысқа түскен жағдайларда ғана өз мағынасын береді, - деген пікір айтады. "Сөздің мағынасын сөйлем ішінде түрғанда ғана байқалады. Жеке түрғанда бір мағына беретін сөз, сөйлем ішінде басқа мағына беретін тілде көп ұшырасады", - дейді.

Ғ.Бегалиев "Әріп, дыбыс, буын" (1935), "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мэселелері" (1950) т.б. еңбектері арқылы қазақ тілін оқыту эдістемесіне өзіндік үлес қосқан бірегей ғалым.

Ғ.Бегалиев "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мэселелері" (1950) атты еңбегінде грамматиканы оқытуға ерекше тоқатлған. Кітап алты тараудан түрады:


  1. Оқу-жазуға үйрету методтары;

  2. Жазуға жэне көркем жазуға үйрету;

3. Оқу сабағына қойылатын міндеттер мен оқыту методтары
туралы;

  1. Грамматика мен емле программасы материалының мазмүны;

  2. Дүрыс жазуға үйрету;

  3. Тіл дамыту.

15

Ғ.Бегалиев "Оқушы қаншалықты пысық тиянақты болмасын - өз ойындағысын ауызша айтып беретіндігідей етіп жазбаша білдіре алмайды, ауызша тиянақты түрде мазмұндай алғанын жазуға келгенде, ауыз екі айтқандағысыдай еркін мазмүндай! алмайды", - деп түбір сөзге жалғанып оған қосымша мән беретін жұрнақтардың мағынасын түсіндіру керек болғанда, сол жүрнақтарды білдіретін 2-3 сөз келтіру керек", - дейді.

Х.Арғынов - бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту мэселесіне өзіндік қүнды үлес қосқан ғалым. Оның "2-класс "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нүсқау" (1970), "Қазақ тілі методикасы" (1974), "Қазақ тілінен 2-классқа арналған дидактикалық материалдар" (1980) т.б. еңбектері бар.

Х.Арғынов, бастауыш сынып оқушылары грамматикасыз ешқандай білімді игере алмайды, тілдің басқа салаларын түсіне алмайды,- дейді. Бастауыш класс оқушылары, оның ішінде 3-ші класс оқушылары, сөздің түбіріне саналы түсінбесе, сөз құрамының басқа салаларын да меңгере алмайды".

Ш.Сарыбаев - қазақ тілінің методикасын қалаған ғалымдардың бірі.

Ш.Сарыбаевтың "Қазақ тілі методикасының кейбір мэселелері" (1959), атты еңбегінде "Бір тақырыпты не бір тақырыпшаны оқыту үшін сол пэннің өзін жақсы білу керек. Оқытантын пэнді көңілдегідей білмей түрып, оны оқытудың методикасына жармасу бос еңбек" - мүғалімнің білімді болуы, көп ізденуі қажет екендегі атап көрсетті.

Аталған еңбегіндле ғалым зат есім, сын есмі, сан есім, үстеу етістік, шылау секілді сөз таптапына тоқталып, өзінің оқыту эдістемесін үсынады.

И.Қ.¥йықбаев "Қазақ тілі методикасының очерктері" (1962) атты еңбегінде сөз таптарын оқытудыңқажеттілігіне баса назар аударады. Балалардың сөз байлығын молайтуға, тілін жаттықтыруға грамматиканың • орыны ерекше екендігін көрсетеді. "балалардың сөз байлығын көбейтіп тілін жаттықтыру үшін бірнеше сөз беріп, олардан жүрнақтар арқылы жаңа мағыналы сөз жасатып, сол сөздердің кейбіреулерін келтіре, сөйлемдер қүрату керек, сонда оқушылар жүрнақ пен жалғаудың мэнін іс жүзінде анық байқайды."

у - сызу ушы - сызушы сыз ^^^^ - сызылу сызықша сызғыш

М.Балақаев — қазақ тілі білімінде алатын орын ерекше ғалым. М.Балақаевтың қазақ тілін оқыту мэселесені арналған "Бастауыш

16

мектептің екінші сыныбына арналған "Қазақ тілі" байқау оқулығына методикалық нұсқау", "Тіл эдебиеті жэне қазақ тілін оқыту" т.б. М.Балақаев грамматикалық жаттығуларды іріктеуде мынадай талаптар қояды.



  1. Біріншіден, жаттығу материалдары мазмүнды болуға тиіс.
    Материалдағы жеке дыбыстар, эріптер, буындар сөз ішінде, сөздер, сөз
    тіркесі, сөйлем ішінде алынып талданыладьі.

  2. Екіншіден, эрбэр мысал, эңгіме, өлең, сөз, сөйлем, тіл (стиль)
    жағынан мүлтіксіз эдеби норманы ұстануы тиіс. Ол үшін оқушылар
    дұрыс қүралмаған жасанды мысалдардан аулақ болып, эдеби тілдің
    жақсы үлгілері бойывнша эдеби тілге тэн басқа да мысалдар бойынша
    тәрбиеленеді.

  3. Үшіншіден, алынған жаттығу тағы да басқа матераилдар
    құрамынан, керекті сөздер, дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар,
    сөйлемдер жиі кездесетін болсын

М.Балақаев гармматикалық жаттығулар, бытыраңқы, шашыраңқы болады дей келе "оның себебі - грамматикалық, орфографиялық ережелер белгілі нақты сөдер тұлғалар негізінде емес, абстракцияланған көптеген фактілерді қорыту негізінде жасалады. Баланы соған жетектеу үшін көптеген байқау, жаттығу жүмыстары жүргізілуі тиіс" - деп грамматиканы оқыту арқылы "баянды білімнің белсенді "ойшылы" етіп тэрбиелейтіндігін атап көрсетеді".

Бүлардан бөлек бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мэселесіне арналған: Х.Арғынов пен Ғ. Сүлейменов "2 - сыныпта каритна бойынша тіл дамытуға арналған көрнекті қүралдарға қосымша ңұсқау" (1965), Х.Арғынов "қазақ тілі программасы мен оқулығын жетілдіру жайында" (1965), Х.Арғынов "Қазақ тілінен 3 - сыныпқа раналған табилицаларға нұсқау" (1967), Ш.Сарыбаев "Қазақ тілі методикасының кейбір мэселелері" (1959), Р.Әміров "1 класта қазақ тілін оқыту" (1962), Р.Әміров, А.Асқарова "2-3 класс "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нүсқау" (1983), Ш.Сарыбаев "3 класта "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нүсқаулар" (1955), Р.Әміров "1 класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жүмыстар" (1957), Ә.Садуақасов "Қазақ тілінен методикалық құрал" (1964), Бозжанова К, Әміро Р "бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту" (1964), С.Рахметова "Қазақ тілін оқыту методикасы" (1992), М.Балақаев "Бастауыш мектептік 2 класына арналған "Қазақ тілі" методикалық нүсқау" (1969), Байқуатова "Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту (1997), "Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы" тағы басқа еңбектер жарық көрді.

Мүның барлығы бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мэселесіне үлес қосқан еңбектер.

17

W. .

меңгерудің психологиялық кезеңдері

Тілдің грамматикалық жүйесін оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сабақ барысында таным процесінің белгілі эдістерін (даралау жинақтау, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бару, салыстыру) міндетті түрде есте сақтау қажет. Әсіресе, оқушылардың грамматикалық үғымдарды меңгеруі, көбінесе, төмендегідей тізбектен өтетіні анықталған нэрсе:



Грамматика-лык ү-ғымдар-дың жеке белгілерін

байқау


Ол белгі -лердің көп сөздерге ортақ екенін аңғарып, жинақтау

Грамматик -алық үғым туралы мағлүматты қабылдау

Бүл мағлүмат
ты жеке

белгілерді ажыратқанда пайдалану





Яғни балалардың таным процесі ең алдымен жеке фактілерді жинақтауға, содан соң жинақталған мағүлматта пайдаланып тілдік фактілерді даралауға қарай бағытталады екен. Бүдан шығатын қорытынды: жаңа грамматикалық үғым туралы түсінік берген кезде мұғалім балалар танымының жалқыдан жалпыға қарай бару қызметіне сүйеніп, тілдік фактілерді байқату жэне бір-бірімен салықтыру арықлы эліг белігелерді жинақтауға үмтылады. Ал грамматикалық үғымды тиісті дэрежеде түсініп болған соң, олардың ой қабілетінің жалпыдан жалқыға қарай бару қызметіне сүйеніп, қабілданған мағлүматты тілдің, сөздердің жеке белгілерін ажырату мақсатында пайдалана білуге үйрету қажет. Бастауыш класс оқушыларының ойлау қызметінің осындай психо=физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты бүл кластарда грамматикалық үғымдарды меңгерту барысы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең - түсіндірілетін грамматикалық үғымның айқын белгілерін балаларға байқату үшін тілдік материалды талдау. Ол кезеңде оқушылар нақтылы сөздердің лексикалық мағыналарын түсінумен қатар, олардың тілдегі ортақ қызметтерін қүолданудағы үқсас белгелірін дерексіз түрде тануды үйретеді. Яғни талдау мен дерексіздендіру (абстракциялау) сияқты ойлау операцияларын меңегреді. Мысалы, бастауыш класс оқушылары қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен II кластағы «Сөз» тарауынна бастап таныса бастайды. Ең алғашқы тақырып - «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер». Бүл тақырыпты меңгеру үшін оқушылар сөздердің лексикалық мағыналарын

18


түсінумен бірге, олардың нені бейнелейтінін дерексіз түрде тануы қажет. Міне, осы дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім сабақта нақтылы заттар туралы эңгіме (сүрақ-жауап) эдісімен бастайды.

  • Балалар мынау не?

  • Өшіргіш.

Тақтаға өшіргіш сөзін жазып қояды, немесе алдын ала дайындап экелген жазуды көрсетеді.

- Ал, мынау не?

Балалар бу_л сұраққа тағы да «өшіргіш» немесе «өшіргіштің жазуы» деп жауап беруі мүмкін. Мүғалім олардың жауаптырың түзетеді:


  • Жоқ, бұл өшіргіштің атын білдіретін сөз.

  • Мынау не?

  • Кітап.

  • Ал, мынау не?

  • Кітаптын атын білдіретін сөз.

  • Бү_л сөзге қандай сұрақ қоямыз?

  • He? деген сұрақ қоямыз.

Осылайша мүғалім кім? не? деген сұраққа дауап беретін сөздер тобы болатынын балаларға байқатып, олардың ортақ белгілерін дерексіз түрде тануға үйретеді.

Екінші кезең - анықталған белгілерді жинақтау, грамматикалық ұғымның осы белгілерінің арсындағы өз ара байланысты аңғару, түсіндірілген үғымның грамматикалық анықтамасымен танысу. Оқушылар бүл кезеңде ойлау процесінің салыстыру жэне жинақтау сияқты операцйяларын меңгереді. Мысалы. 2- кластағы «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер» атты тақырыбын оқыту барысында оқушыларға бірте - бірте адамға қатыста атауларға кім? не? деген сүрақ, жансыз заттар мен құбылыстардың, жан-жануар мен аңдардың атауларына не? деген сүрақ қойылатыны ұғындылады. Содан кейін бү атауларды көпше түрінде кімдер? нелер? деген сүрақтар қойылатыны түсіндіріледі. Ары қарай кім? не? сүрақтарына жауап беретін сөздерге жалғаулар (жіктік, септік, тэуелдік) жалғауы ретінде танылады, т.б.

Бү_л түста аталған тақырыпты меңгертудің мынадай ерекшелігі ескерілуге тиіс: 2-класта оқушылар «Кім? не? сүрақтарына жауап беретін сөздерді» 10 сағат оқиды. Берілуге тиіс мағлүматтар мен дағдылардың көлемі де біршама. Сондықтан мүғалім мағлүматтар мен дағдыларды жүйелеп, грамматикалық үғымның эр бір жаңа белгісі үйретілгеннен қейін оны алдынғы оқылған- материалмен байланыстыра жинақтап отыруы қажет.

Үшінші кезең - грамматикалық үғымның анықтамасын түсіндіру, ортақ белгілердің мэні мен олардың арасындағы байланысты нақтылай түсу. «Кім? не? сүрақтарына жауап беретін сөздер»



19

тақырыбын оқыту барысында «адамға қатысты сөздерге кім? не? сүрақтары қойылады.» деген анықтаманы толық түсіне бермейді. Олар көбінесе бүл сүрақ кісі аттарына қойылады деп түсінеді. Сондықтан оларға адамға қатысты сөздер деген үғымды кеңейтіп түсіндіру қажет: кісі аты жөнінде, мамандықты немесе кәсіпті білдіретін сөздерге, туыстықты білдіретін сөздерге, адамға қатысты басқа да атауларға арнайы уақыт бөліп, тоқталған жөн. Бұл оқушылардың таным мен сөздік қорын дамытады, эрі түсіндіріліп жақтан грамматикалық үғымды жақсы меңгеруге эсер тигізеді.

Төртінші кезең - түсіндірілген грамматикалық үғымды жаңа тілдік материалдар негізінде пысықтау, берілген білімді жаттығуларорындау арқылы іс жүзінде қолдану; осы тақырып пен басқа да грамматикалық үғымдар арасындағы байланысты меңгерту.

Бүл кезеңнің мақсаттары түсіндірілген грамматикалық үғымды пысықтау жаттығулары арқылы, жинақтау мен қайталау сабақтары барысында, кейінгі тақырыптарды өту кезінде орындалады. Мысалға, «Кім? не? сүрақтарына жауап беретін сөздер» атты тақырыбын оқыту барысында түсіндірілген грамматикалық үғымдар эр түрлі жаттығулар орындату арқылы пысықталады. Оқушылар сөздерге кім? не? нелер? кімдер? деген сүрақтарды қойып үйренеді. Ал жинақтау мен қайталау сабақтары барысында берілген сөздерді қай сұраққа жауап беретініне байланысты топтап, немесе берілген сүрақтарға сай сөз ойлап жаттығады. Жалғауларды дүрыс, қатесіз қосып жазуға дағдыланады. Сөйлем ішінен атауды білдіретінсөздерді табады. Кейін «He істеді? неғылды? қайтті? сүрақтарына жауап беретін сөздер» немесе «Сөйлем» тақырыбын өткенде оқушылар атау сөздер мен қимылды білдіретін сөздерді тіркестіріп, сөйлемді дүрыс қүрауды, сөйтіп, өз ойларын дүрыс айтуды салалы түрде меңгере бастайды. \

Белгілі бір грамматикалық үғымды оқытудың өз кезеңдері әр класта қайталанып отырады. Себебі бастауыш класта оқытылатын грамматикалық үғымдар кластан класқа өткен сайын бірте - бірте күрделендіріліп, сабақтастыра берілген.

Тілдің ойлау және қарым - қатынас құралы ретіндегі қолданылуы оның морфологиялық жүйесінде болатын өзгерістерге тікелей байланысты. Адамның сөздік қоры қаншама бай болса да, егенр ол өзі білетін сол сөздерді бір-бірімен байланыстырып қолдана алмаса, білгеніінің бэрі босқа қалар еді. Сөзден сөз тудырып, оларды жалғаулар арқылы бір-бірімен дүрыс байланыстырып, сөйлем ішінде эрқайсысын орын-орнына қою үшін көптеген морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап айтқанда, олар мыналар:



  1. сөз қүрамы;

  2. сөздердің жасалу жолдары;

20

  1. жалғаулардың жалғаны тэртібі;

  2. сөз таптары жэне олардың қызметі;

  1. эрбір сөз табына жататын сөздердің түрлену жэне өзгеруі,
    т.б.

Оқушылардың қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен кейінгі кластарда (6-7 кластар) тереңірек танысатыны белгілі. Бірақ бү_л жүйеден қарапайым мағлүматты жоқ бала басьтауыш кластарда меңгеруге тиіс сөйлеу мен жазу дағдыларын мүлде игере алмас еді. Сөзге қосылатын тиісті қосымшаны дү_рыс қоса алмаған оқушы қалай сауатты жазбақ?! Немесе заттың атын бідіретін сөз бен сол заттың сынын, қимылын білдіретін сөздердің бір-бірімен байланысу тэртібінен хабарсыз бала қалайша дүрыс сөйлем құрап, өз ойын анық жеткізе алады?! Ал сөйлеу дағдысы дамымаған баланың ойлау қабілетінің дамуында тежелу болатыны психолог ғалымдар айтып, жазып жүргені де белгілі. Демек, бастауыш кластарда тілдік морфологиялық жүйесінен мағлүмат беру ісі тек жеке пэндік түрғыдан ғана маңызы емес, бүл — осы кластардағы оқыту процесін-ің табысты болуының кепілі. Сондықтан «бастауыш кластарда оқушының ана тілінің морфологиялық жүйесін міндетті түрде оқыту керек пе?» деген сүрақтың жауабы біреу ғана: - «Иэ, міндетті түрде оқыту қажет. Бірақ қай кластан бастап жэне қандай дэрежеде мағлүмат беру керек? Міне, бү_л күрделі мэселе...»

Бастауыш кластарда берілетін морфологиялық білім мазмүнын дэл анықтаудың күрделілігі мынада:



  • егер оқушының психо=физиологиялық мүмкіндіктерін
    ескермей, берілетін теориялық үғымдардың көлемін көбейтіп
    жіберсек, оқытудың ісін ауырлатып алар едік. Әрі бүл таза
    теориялық мағлүматтарды меңгертуге айналып, басты мақат
    балалардың дүрыс сөйлеу жэне жазу дағдысын қалыптастыру
    мақсаты кейінге ығыстырылар еді.

  • керісінще, оқушылардың іс жүзілік дағдысын қалыптастыруға
    көп көңіл бөліп, берілетін теориялық білімнің көлемін
    ықшамдайға тырыссақ, онда балалардың сөйлеу жэне жазу
    дағдысының дамуына нүқсан келер еді. Себебі тілдегі
    заңдылықтарды меңгермей тұрып, дүрыс сөйлей немесе жаза
    білу мүмкін емес.

Демек, бастауыш кластарда тілдің морфологиялық жүйесінен берілетін теориялық мағлүматтар мен іс жүзілік дағдыларын үйлесімді дэл табу қажет. Әрі бүл үйлесімнің эр кластағы морфологиялық ұғымдардан кейін оқылған «Сөйлем» тарауындағы тақырыптарға да сай келіп отыруы талап етілуге тиіс.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет