ҚАЗАҚ ТІЛІН ЛИНГВОМӘДЕНИ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Ағымбаева Мунира Шайхсламқызы
Қарағанды облысының тілдерді оқыту
орталығының оқытушысы
Қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесінде оқыту қазақ тілін елімізде тұратын жүз отыздан астам ұлттардың ортақ тіліне айналдыру, ресми құжаттар тіліне айналдыру, Қазақстанның болашақ ұрпаққа аманатын жеткізетін қастерлі тілі ретінде дамыту дегенді танытатыны белгілі.
Мұндай келелі міндеттерді шешуде қазақ тілін тек күнделікті амандасу мен дүкенге бару немесе көшеде жөн сұрасу құралы ретінде үйретуді өте аздық етеді. Өйткені тілдік минимумның алға қоятын мақсатының аз болуы – өз елінде, өз мемлекетінде Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытып қана қоятын, сөйтіп, жасанды түрде қазақ тілін дамытуға кедергі болатын шектеулер жасалады.
Осындай тар аяда оқытуды қазір көптеген әдістемелік жүйелер ұсынып жүргені де қолдау туғыза алмайды деп ойлаймыз. Ағылшын немесе басқа кез келген шет тілінің шектеулі минимумын белгілеуге болады. Өйткені еркін және табиғи тілдік орта жоқ. Ал қоғамдық және әлеуметтік ортаның барлығы қазақстандық бола тұрып, қазақ тілін қалай шет тілінің әдістемесімен үйрету керек?
Бұл әдістемелік тұрғыдан лингвомәдени мүмкіндіктерді толық қолдана алмағандықтан, өз-өзінен тірелетін тұйық. Сондықтан қазақ тілін табиғи тілдік ортада өмір сүре отырып толық релаксациялық күйде оқытудың жемісті жолы лингвмәдени теориядан бастау алса дұрыс болады деп санаймыз.
Қазақ тілінің коммуникативтік құрал болуына осы лингвомәдени теория тұрғысынан келу арқылы тіл үйренушінің өзінің күнделікті өмір сүріп отырған ортасына тіл үйрететін орта деп қарауына тірек қалайтын мүмкіндіктер көбейеді.
Өз елінде өмір сүріп отырған тіл үйренушінің қазақ мәдениетіне тілдік тұрғыдан қарауына әдістемелік жүйе жасай отырып, олардың қайтадан аккультурациялануына жайлы жағдай жасай аламыз. Тіл үйренушілер қазақ тіліне сонда, күнделікті өмірдің, тұрмыс-тіршіліктің тілі, қатынас құралы деп қарай алатын болады.
Қазақ тілін лингвомәдени тұрғыдан оқытуды ұйымдастыруда басшылыққа дидактиканың белгілі жалпы ұстанымдары алынатыны белгілі. Сонымен бірге, қазақ тілін оқыту әдістемесінің өзінің жеке ұстанымдары да негізге алынады. Бұл ұстанымдар мыналар: коммуникативтік ұстаным, қазақ тілінің кумулятивтік қызметін басшылыққа алу ұстанымы.
Осының ішінде алдыңғы қатарға коммуникативтік ұстаным алынатыны де белгілі. Өйткені қалай болғанда да, қазақ тілі – қарым-қатынас құралы ретінде оқытылады.
Қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан оқыту бағыты тіл үйренушілердің түрлі сөйлеу жағдаяттарына түсіріліп, бір-бірімен қазақша қарым-жасауға дағдылануын басты орынға қояды. Қазақ тілінің грамматикалық жүйесі бұл бағытта тек қолданылатын тілдік құралдары ретінде ғана қарастырылатын болады. Ал лингвмәдени аспектіде оқытуды ұйымдастыруда тіл үйренушілер шынайы өмірде кездесетін түрлі әлеуметтік рольдерге еніп, сол рольдердің сөйлеу ерекшеліктері мен тілдік құралдарын қолдануға дағдыланады.
Қазақ тілін үйрету сабақтарын лингвомәдени тұрғыдан ұйымдастыруда оқытушының бай әдістемелік қоры болуы міндетті. Оқытушы қазақы сөйлеу мәнерін, қазақы коммуникативтік мінез-құлық ерекшеліктерін, бейвербалдық элементтерді (қол, ым, мимика т.б.) сөйлеу жағдаятында дұрыс қолдануды үйрететін тиімді әдістер мен құралдар арқылы жабдықтап алуы тиіс.
Қазақша сөйлеуде дыбыстарды дұрыс айтудан бастап, сөздерді тіркестіру, сөйлемді құрыс құру, хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдерді интонациясына сай айту, ырғақ пен ритм, сөз арасындағы паузалар - барлығын жеке-жеке бейне, аудио, көрнекіліктер, мәтін, тапсырмалар мен жаттығулар арқылы бір арнаға жинақтап әдістемелік кешен жасауды ұсынамыз.
Қазақ тілін лингвмәдени тұрғыдан оқытуда көптеген тақырыптар жақсы нәтижеге жеткізе алады. Мысалы:
Қазақ материалдық мәдениеті.
Киіз үй және онда тұру ерекшеліктері.
Қазақтың төрт түлікпен байланысты жырлары.
Наурыз жырлары.
Бала тәрбиесіндегі материалдық және рухани құндылықтар.
Қазақтың ұлттық тағамдары.
Қазақтың ұлттық киімдері.
Қазақтың табиғатпен біртұтастықты сақтау моралі.
Қазақтың жауынгерлік құрал жабдықтары.
Қазақ тіліндегі рухани қуат туралы мақал-мәтелдер т.б.
Бұл тақырыптар теңіздің тамшысындай ғана үлгілер екені белгілі. Осындай тақырыптардың көлемді жүйесін жасап алып, олардың әрқайсысын бір немесе бірнеше сабақ бойы оқытуға болады.
Алдын ала әрқайсысының лексикалық минимумы мен грамматикалық минимумы және көздейтін коммуникативтік мақсаты мен міндеттері анықталып алынуы керек. Сонда ғана әрбір сабақтың үлкен мақсатқа жетудегі өзіндік орны мен қол жеткен нәтижелері өрнектелген кестедей тұтас картина құрап, әдістемелік жүйенің мақсаты орындалғанын көз жеткізе алатын боламыз.
Әрбір сабақта тіл үйренушілерді өзара адресат пен адресат ретіндегі айтқан репликалары мен сөздерінің орындылығы алдын ала құрылған әдістемелік сценарийде белгіленуі керек. Сондай сабақтар арқылы қазақ тілінің тек қазақтар үшін, немесе қазір айтылып жүргендей, отбасылық тіл емес, Қазақстанның қоғамында өмір сүруге толық құқылы мемлекеттік мәртебесі жоғары тіл екенін тіл үйренушілер саналы түрде түсіне алады.
Қазақ тілін лингвомәдени тұрғыдан оқытудың теориялық негізіне қазақ тіл білімі материалдары ғана емес, қазақ ұлттық психологиясы, мәдениеттану ілімі, тарих пен өнер салалары алынады. Ал қазақ тілін оқыту әдістемесі осылардың барлығын педагогикалық және лингводидактикалық тұрғыдан іріктеп, сұрыптап, қазақ тілін үйренушілердің жасы мен қызметіне, қабылдау ерекшеліктеріне сәйкес үйлестіруді міндетіне алады.
Қазақ тілі сабақтарының шынайы өмірге ұқсас өткізілуі үшін, оқытушы өзі таңдаған тақырыбының өмірдегі болмысын зерттеп біліп алғаны дұрыс. Сонда ғана тіл үйренушілерді коммуникативтік рөлі мен сөйлеу мазмұны табиғи болады.
Осындай бағытта ұйымдастырып өткізілген бір сабақтың үлгісін қарастырайық.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы
Қазақтың ұлттық киімдері
Күрделі зат есім
Өткізілген орны:
Қарағанды қаласы, «Алтын сақа» балабақшасы
Сабақтың мақсаты:
Тіл үйренушілерге қазақтың ұлттық киімдері мәлімет бере отырып, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың ресурстары: суреттер мен иллюстрациялар, слайд-шоу, ұлттық киім суреттері, аудио-бейне материалдар, қазақтың ұлттық киімдері туралы бейне-ролик.
Сабақтың әдісі: диалог, монолог, түсіндіру, интерактивті тақтамен жұмыс, топтық жұмыс.
Грамматикалық минимум: күрделі зат есім
Лексикалық минимум: сырткиім, баскиім, аяқкиім, киіз қалпақ, киіз етік, жабағы күпі, жадағай шапан, жүн қолғап, жүн шұлық; түйежүн, далбағай, түйе жүн, кеудеше, шекпен, шидем шекпен.
Күтілетін нәтиже:
Қазақтың ұлттық киімдер туралы ақпарат ала отырып, қазақша мәтіндерді тыңдайды және түсінеді, сөйлеседі (монолог, диалог)ғ оқиды, жазады. Грамматикалық минимумды меңгеріп, сөйлеуде күрделі зат есімдерді дұрыс қолданады.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сабаққа дайындалу.
Жаңа сабақ «Қазақтың ұлттық киімдері».
Жаңа сабаққа арналған слайд-шоуды интерактивті тақтада көрсету.
«Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» демекші, бүгін бізде ерекше сабақ.Біз бүгін қазақтың ұлттық киімдерімен, олардың атауларымен танысамыз. Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың барлығы да адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сыртқы салтанат киімдері болады. Киімдерқымбат матадан тігіледі. Көйлек, желет; сыртқы киімдер: шапан, кеудеше, тон көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі т.б.
Киізден жасалатын киімдер: 1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима.
Теріден жасалатын киімдер бірнеше түрге бөлінеді.
Сырткиімдер: Ішік; Жарғақ; Тақыр шалбар; Тон.
Баскиімдер:Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ.
Аяқкиімдер: Кебіс; Мәсі; Саптама етік;
Жүннен жасалатын киімдер: жабағы күпі, жадағай шапан, жүн қолғап, жүн шұлық, мойынша, түйежүн далбағай, кеудеше, шекпен, шидем шекпен.
Тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру:
Ежелгі дәстүр
|
Древняя традиция
|
Ұлттық киімдер
|
Национальная одежда
|
Сәнді
|
Модный
|
Ала шапан
|
Пестрый чапан
|
Сәукеле
|
украшенный драгоценными камнями головной убор невесты в виде конуса
|
Тақия
|
Тюбетейка
|
Кимешек
|
Старинный женский головной убор из белого коленкора, и ногда с вышитым по овалу лица узором
|
Тымақ
|
Малахай
|
Мәсі
|
Ичиги (женские и мужские сапожки без каблука и твердого задника, с мягкой подошвой)
|
Мойынорағыш
|
шарф
|
Қол орамал
|
Носовой платок
|
Белдемше
|
юбка
|
Ою-өрнек
|
узор
|
Киіз
|
кошма
|
Жүн
|
шерсть
|
Тері
|
кожа
|
Оқылым
Оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақ халқының ұлттық киімдері. Қазақ халқы ұлттық киімдерін сәндеп тіккен. Киімдері ашық түсті болған. Көйлектері ұзын жеңді, етектері кең, желбіректер тігілген. Камзол, шапандарын ою-өрнекпен безендірген. Бас киімдері: үкілі тақия, сәукеле, бөрік, тымақ. Әжелер бастарына кимешек киген. Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шолпы таққан. Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Қазақ халқы киімдерін қалай тіккен?
Көйлектері қандай болған?
Камзол, шапандарын немен безендірген?
Қандай бас киімдері бар?
Суретпен жұмыс. Интерактивті тақтада тақырып бойынша сурет беріледі.
Суретке қарап, танысыңдар. Сурет бойынша жұппен сұхбат құраңыз..
Жазылым
Кестеде берілген сөздерді табыңыз.
а
|
б
|
с
|
л
|
м
|
т
|
а
|
қ
|
и
|
я
|
м
|
ә
|
с
|
і
|
д
|
а
|
р
|
и
|
ж
|
т
|
ф
|
қ
|
ұ
|
л
|
а
|
қ
|
ш
|
ы
|
н
|
ы
|
к
|
ө
|
й
|
л
|
е
|
к
|
ю
|
э
|
ұ
|
м
|
і
|
ә
|
ү
|
к
|
а
|
м
|
з
|
о
|
л
|
а
|
м
|
ч
|
б
|
е
|
ш
|
п
|
е
|
т
|
ң
|
қ
|
1.Тақия
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Сәйкестендіріңіз.
Қазақтың ұлттық киімдері
|
көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле.
|
Тақия
|
ерлер де, әйелдер де киген
|
Бөрік
|
ерлердің бас киімі
|
Қазақ әйелінің ұлттық киімі
|
ұлттық киімдер тігеді
|
«Сән» академиясы қандай өнімді өндіреді
|
ою-өрнекті болады
|
3.Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлем құраңыз.
Үлгі: Барды, шешем, ұлттық киім, дүкеніне. - Шешем ұлттық киім дүкеніне барды.
Сатып алды, маған, ол, көйлек, әдемі.
Сары, түсі, көйлектің
Концертке, киді, апам, көйлек, ұлттық
Бар, менің, қызыл, әжемде, қамзол.
Зат есім
Дара зат есім
|
Күрделі зат есім
|
дала, бас, қалам
|
мекенжай, балабақша, баскиім
|
Тапсырма. Берілген сөздерді баскиім, аяқкиім, сырткиім түрлеріне қарай ажыратып кестеге жазыңдар. Мәсі, кимешек, тақия, тымақ, кебіс, киіз етік, киіз қалпақ, бөрік, құлақшын, малақай, шапан.
Рефлексиялық тапсырма. Мен бүгін не білдім? Нені біле аламын?
№
|
Мен нені білемін?
|
Өте жақсы
|
Жақсы
|
Орташа
|
Нашар
|
1
|
Мен киімнің түстерін білемін.
|
|
|
|
|
2
|
Мен ұлттық киім туралы мағлұмат бере аламын.
|
|
|
|
|
3
|
Жаңа грамматиканы түсіндім.
|
|
|
|
|
4
|
Мен сәнді киім жөнінде пікірлесе аламын.
|
|
|
|
|
5
|
Мен дүкенде киім туралы сұхбат құра аламын.
|
|
|
|
|
Сабақты қорытындылау.
Қазақтың ұлттық киімдеріне байланысты мақал-мәтелдер жазу.
Жаңа сөздерді жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |