Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ПӘНІ


ДАЙЫНДЫҚТАРЫ ӘР ТҮРЛІ ОҚУШЫЛАРМЕН



бет16/54
Дата11.06.2024
өлшемі357,38 Kb.
#203316
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
Байланысты:
С Рахметова Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі

11 ДАЙЫНДЫҚТАРЫ ӘР ТҮРЛІ ОҚУШЫЛАРМЕН
ЖҮРГІЗІЛЕТІН САУАТ АШУ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
I сыныпқа оқуға дайындықтары әр түрлі балалар келеді. Олардың ішінде кейбіреулері кітапты жүгіртіп оқи алады, ал екіншілері ежелеп оқиды, үшіншілері буындап оқиды, төртіншілері тіпті оқи да алмайды, әріп те танымайды.
Сондықтан мұғалім ең алдымен өз сыныбына түскен оқушылардың құрамымен танысады, олардың қайсысының қалай оқитынын біледі. Жүгіртіп оқи алатындарға «Әліппе серігінен» қосымша материал беріледі. Ежелеп оқитындарға «Әліппеден» әріптерді қосып оқу тапсырмалары орындатылады. Дайындығы нашар балалармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта үнемі жеке жұмыс жүргізіледі.
Әрбір оқушының дайындығына қарай, тапсырма дәл, тез беріліп, оларды түгел қамтиды. Мұнда, әрбір бала бір тапсырманы орындағанда сол сынып ұжымының ең бір пайдалы мүшесі сияқты сезінетін жағдай жасалғаны жөн.
Оқуға алынатын материал сабақтың жалпы тақырыбына сәйкес іріктеледі (әдетте «әліппенің» беттеріне сай), бірақ әр баланың мүмкіндігіне қарай, әр түрлі сөздер, буындар, сөйлемдер таратылады. Осы қағида әліппеден кейінгі кезеңдерде, «Ана тілін» оқығанда да, дидактикалық материалдар таратқанда да сақталып отырады. Бұл жұмыстардың барлығының көздейтін мақсаты — сабақ үстінде оқушылардың келісімді қызмет жасауын қамтамасыз етіп, әр оқушының дайынды­ғына қарай, оқу дағдысын жетілдіру.
Қайсыбір жағдайларда сөздерді тақырыпқа қарай топтатып үйретеді. Мысалы, «құрал-саймандар». Оқушыларға бірнеше картинка үлестіріледі. Енді ғана әріп танып, оқи бастағандар: айыр, ара, орақ, біз, машина суреттерін алады. Олардан гөрі тәуір оқитындар: шал-ғы, балға, балта, күрек, егеу, ине алады. Олардан да жақсы оқитындар: тырнауыш, қайшы, тақта, шелек, ше-ге алады. Әрбір оқушы құрал-сайманға жататындарын іріктеп сөз құрайды. Мұғалім тексеріп, қателерін жөндейді. Осыдан сон, әр оқушыдан ол сөзді неге құрал-сайманға жатқызғаны, ол құралмен не істелетіні, қалған картинканы неге құрал-сайманға жатқызуға болмайтыны айтқызылады.
Сөйтіп, заттардың атын айтып, сөз құрау жұмысы логикалық жаттығулармен ұштастырылады.
Әрбір сабақта балалар өздіктерінен орындау үшін тапсырма алады. Жаңа оқи бастағандар бірте-бірте күрделі тапсырмаларды орындай отырып, жүгіртіп оқи алатындарды көп ұзамай қуып жетеді.
Балалардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының үлгілеріне мысал: Жаңа оқи бастағандарға: Әліппеден мал сөзін құрау; мал мәтінін оқу. Жүгіртіп оқи алатындарға: мал аттарын құрау; оған өздіктерінен мәтін құрастырып айтып беру т. с. с.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Дайындығы әр түрлі балалармен ұйымдастырылатын жұмыстың негізгі принциптері қандай?
2. Дайындығы әр түрлі балалармен қандай жұмыстар жүргізуге болады?
3. 1-сыныпта дайындығы әр түрлі балалармен өткізілетін бір сабақтың жоспарын жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет