Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ПӘНІ



бет24/54
Дата11.06.2024
өлшемі357,38 Kb.
#203316
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
Байланысты:
С Рахметова Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі

Жұрт біледі, күледі,
Сұрқия тілдің жаманын.
Қошеметшілердің амалын,
Сонда да солар қайда жоқ,
Ептеп айтса, ересің,
Артынан өкінсең де пайда жоқ...
Мысал оқытуда осындай қорытынды пікірді пайдаланып, құрғақ сөзбен «Мұндай жаман мінез-құлықтан, іс-әрекеттен аулақ болу керек» деудің бастауыш сынып оқушыларына әсері шамалы болады. Ондай үгітті тіпті сол оқылып отырған мысалдан үзінді келтіре отырып айтқанда да, кішкене балалардың санасына бірден қона қояды деу қиын. Сондықтан мысал оқытуда онда айтылатын үгітті табуға тырыспай, оның кейіпкерлері мен сол кейіпкерлердің іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы, бір-біріне айтқан сөздеріндегі ой анық ашылуға тиіс. Осыған орай, мысалдан шығатын қорытынды пікірді оның мазмұны талданып болғаннан кейін оқуға болады. Мысал оқытудың үшінші ерекшелігі — оны дауыстап оқу тәсілінде. Мысалдағы айтылатын сөз автордың атынан айтылмай, кейіпкердің атынан баяндалатын болса, сол кейіпкердің басындағы ерекшелігіне қарай, дауыс сазы да құбылып отырады. Мысалы, «Шал мен малайды» еткенде, ол екеуінің сезі немесе «Қарға мен түлкіде» түлкі мен қарғаның сөзі бір ырғақпен оқылмайды. Тіпті бір кейіпкердің сөзін оқу мәнері де оның қылығына қарай түрлене береді. Шалдың: «Бауырым, түгеншежан, айыршы!» дегені жалынышты үнмен оқылса, «Әумесер, ақылың жоқ, ит доңыз» — деген сөздерді жекіру, ұрсу мәнерінде, ал малайдың:
Ұрсасың неге, шалым, маған, деді,
Сөккендей не істедім саған? деді,
Жазғаным менің сені аю жаудан
Айырып алғаным ба аман? деді,
сөздері таңырқаған, шарасыздық сезіммен, сұраулық мән беріліп оқылады. «Қарға мен түлкі» мысалында автор сөзі бір әуенмен оқыла келе, түлкінің сөзі басталған кезде дауыс құбылып отырады. Кейіпкерлер­дің мінез-құлқы мен автордың сөз қолдауына қарай, да­уыс ырғағының құбылуы балалардың ынтасын арттырып, мысалдың кейбір жолдарын бір-екі оқығанда-ақ жаттап алуларына жағдай жасайды.
Қорыта айтқанда, мысалды төмендегідей жолдармен оқытуға болады:

  1. Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әңгіме өткізеді; онда балаларға түсінігі ауырлық келтіре-
    тін сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбіреулерін кірістіре отырып, олардың мағыналарын аша
    кетеді.

  2. Мұғалім мысалды әуелі нақышына келтіре, өзі оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.

  3. Мысалдың мазмұны талданылады.

79-80 б. жоқ
К. Д. Ушинский ғылыми мақалаларды логикалық оқу деп атады. Бұл өте дұрыс. Өйткені ғылыми мақалалар көркем шығармалардай, бірден оқушының сезіміне әсер етіп, кейіпкерлердің іс-әрекетімен балаларды еріксіз ідіктіріп әкетпейді, зейінді, ерік күшін талап етеді.
Мақалаларда немесе очерктерде әдетте мүлде жаңа фактілер беріледі, сондықтан оқуға кіріспес бұрын міндетті түрде дайындық жүмысы керек. Мұнда бірде біз балаларды мақалалардан жаңа ұғым алуға дайындаймыз, яғни оқуға деген қызығушылық сезімі туып, мақаланы қабылдауға балалар толық дайындалады. Екіншіде балаларды мақаланы қабылдауға ғана дайындап қоймаймыз, дайындық кезінің өзінде білім береміз. Мысалы, «Ленин Смольныйға келеді» мақаласын оқымас бұрын: уақытша үкімет деген не? Смольный — қандай орын? Уақытша үкіметті неліктен құлату керек болды? Юнкерлер, буржуйлар кімдер? Бұл — қай кездегі уақиға? Бұл кезде Ленин қайда еді? т.с.с. мәселелер жөнінде түсінік бермей, мақаланы оқудың пайдасы аз.
Дайындық жұмысынан кейін мәтін оқылады. Егер мәтін қысқа болса, тұтас оқылады, мазмұнын айтуға дайындалады. Оқушылар мәтінді оқығаннан кейін берілетін сұрауларға жауап қайтарып, тапсырмаларды орындайды. Мұнда қандай сұрауларға жауап беретіндері дайындық кезінде ескертіледі.
Мақала оқылу барысында екі рет талданады. Бірінші оқығанда сөздердін, мағынасы, кейбір фактілер анықталып, бөлімдердегі басты ойды аңғару мәселелері жөнінде жұмыс жүргізілсе, екінші рет оқылғанда фактілердің, арасындағы байланыстарды табу, қорытынды жасау жұмыстары жүргізіледі. Кейбір жағдайларда мақаланың мазмұнын меңгерту үшін үшінші рет оқытуға болады.
Ғылыми мақалаларды оқытуда терминдер мен қорытындыларға ерекше көңіл аударылады. Терминдер, түсінуге ауыр сөздер қайта оқытылады. Дайындық жүмы­сы кезінде оларға берілген анықтамалар қайталанады, қортындылар талқыланады, егер қысқа болса, тақтаға жазылады.


Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Көркем шығармаларды оқытуға қандай талаптар қойылады?
2. Әңгімелерді оқыту арқылы «Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбына реферат жазыңыз.
3. Ертегіні оқытуға байланысты істелетін жұмыстардың басты ерекшелігі қандай?
4. Мақал-мәтел, жұмбақтарды оқыту туралы айтыңдар.
5. И.Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалындағы аллегорияны қалай пайдаланар едіңіз?
6. Өз қалауыңыз бойынша ертегі, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар және мысалдарды оқытудың әрқайсысына біреуден – үш сабаққа конспект жазыңыз.
7. Өлең оқытудың қандай ерекшеліктері бар?
8. Ғылыми мақалалар мен очерктерді оқыту туралы айтыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет