Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ПӘНІ



бет17/54
Дата11.06.2024
өлшемі357,38 Kb.
#203316
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
Байланысты:
С Рахметова Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі
Дәріс 1, РК 1 предпрятия, httpsdoc-04-7s-docs.googleusercontent.comdocssecuresc3vdiiotneunp322f68vudquo3h1vrjb3712fdnrfuneqb3nje1qjp7vbs9d8i596167, 230614192634
12 ҚАРГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Сауат ашуға үйрету әдістемесі қазіргі әдебиеттерде негізінен көп өзгеріске ұшыраған жоқ. Тек ғылыми фонетика мен психологияның соңғы кездегі зерттеу деректеріне орай, дыбыстық талдау-жинақтау тәсілдері анықтала түсуде, дайындығы әр түрлі балалар жөніндегі мәселе шешілуге аяқ басты.
1987 ж. баспадан шыққан «Бастауыш оқу методика­сы» жинағында сауат ашуға үйрету негізі дыбыстық талдау-жинақтау әдісі бойынша баяндалған. Онда буындағы және сөздердегі дыбыстарды ажырату, салыстыру тәсілдерінің неғұрлым ұтымдылары, сондай-ақ оқудың дыбыстық талдау-жинақтаумен ұштасып отыратын тә­сілдері берілген.
«I кластағы оқыту» (Алматы, 1977) жинағында сауат ашуға үйретудің әрбір кезеңдерінде жүргізілетін жү­мыстар толық көрсетілген. «Әліппе серігі» (Алматы, 1980), «Әліппеге» методикалық құрал» (Алматы, 1984) кітаптарында түрлі дайындықпен келген оқушыларға арналған тапсырмалар және сөз құрамындағы дыбыс­тарды талдауға үйрету жолдары көрсетілген.
Жаңа программаға байланысты методикалық ма-териалдарды «Бастауыш мектеп» журналының бетінен оқуға болады. Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігінің «Алты жасарларды оқытудың нормативтік документтер жинағында» (Алматы, 1986) I класқа арналып шығарылған оқу құралдары мен әдістемелік материалдар, көрнекі құралдар мен көмекші құралдардың тізімі көрсетілген.
13 САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1. Оқу сабақтарында, экскурсияларда табиғат құбылыстарын бақылап үйренеді (маусымдық өзгерістерді). Жылдың әр маусымындағы өзгерістерді салыстырады, жалпылайды және көктемнің, жаздың, күздің, қыстың белгілері жөнінде қорытынды шығарады. Маусымдық, өзгерістердің себептерін түсіндіреді (күннің сәулесі мен жылуына байланысты). Табиғат календарын жасайды. Жыл маусымдарына қарай, адамдардың бау-бақша-дағы, егістіктегі, мал шаруасындағы қызметінің өзгерістерін байқайды.
2. Адамдардың тұрмысы мен қызметінде білімнің ролі туралы қарапайым елес қалыптасады. Оқу әрекетінің негізгі ережелерімен танысады, танымдық ойындар ойнайды, жұмбақтар шешеді, тату болу, сәтсіздіктерге күлмеу, оқудағы өздерінің және жолдастарының табыстарына қуану т. б. с. с. үйренеді.
3. Оқушы режимінің негізгі бөлімдерімен танысады. Оқулықтарды, оқу жабдықтарын ұқыпты үстауға дағдыланады, ертеңгіліктерге қатысады (Кітап мерекесі», «Әліппемен кездесу», «Әліппемен қоштасу» т. б.).
4. Қоғам өмірімен танысады. Отаны туралы, туған жері, елі, халқы туралы, оның басынан өткен уақиғалар мен бүгінгі жайы және болашағы, салт, дәстүрі туралы, түрлі мейрамдар және оларды неге мейрамдайтынымызды т. б. біледі.
5. Адамдардың еңбектерін бағалауға үйренеді, мектеп мүлкін сақтау, киімдерін күту, нан, басқа да тағамдарды төгіп-шашпау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау, жер бетінде шыққан көгалды таптамау т. б. с. с. бі­леді және сондай әрекеттерге дағдыланады.
6. Мектептегі және қоғамдық орындардағы мінезқұлық нормаларымен танысады. Жақсы деген немене, жаман деген немене екенін айырады. Кішіпейілділік, мейірімділік, адалдық, қарапайымдылық т. б. с. с. қасиеттерінің не екенін, олардың мәнін түсінеді.
7. Көшеде жүру тәртібімен, жол ережесімен танысады.
8. Санитарлық-гигиеналық ережелерді орындауға үйренеді.
Бұл жұмыстар сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да жүргізіледі.
Практикалық тапсырма:
1. Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының бір апталық жоспарын жасаңыз.
Тарауды қайталауға арналған сұрақтар:
1. Сауат ашу жұмысына қажетті фонетикалық мәліметті айтып беріңіз.
2. Психикалық даму дегеніміз не және оқуға түскен алты жасар баланың психикалық ерекшеліктері қандай?
3. Сауат ашу процесіне қойылатын педагогикалық талаптар қандай?
4. Талдау-жинақтау әдісі дегеніміз не, ол қалай жүргізіледі?
5. Сауат ашу кезеңі нешеге бөлінеді? Атаңыз.
6. Әліппе кезеңіне шолу жасаңыз.
7. Оқушыларды жаңа дыбыспен, әріппен таныстыру тәсілдерін сипаттаңыз.
8. Әліппеден кейінгі кезеңдегі жұмыстардың мақсаты.
9. Сауат ашу барысында қолданылатын қандай көрнекі құралдардың түрлерін білесіз.
Практикалық тапсырмалар:
1. Әліппеде берілген суреттердің біреуімен таныстыру жоспарын жасаңыз (Мысалы, балалар ағаш кесті).
2. Қандай да болмасын бір сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау үшін қоятын сұрақтарды жүйелеп жазыңыз.
3. Әліппедегі бір мәтін бойынша жүргізілетін әңгіменің жоспарын жасаңыз.
4. Әліппенің бір бетіне (ондағы берілген материалдардың оңай әлде қиындығы, дидактикалық талапқа сай келуі тұрғысынан т.б.) жасаңыз.
5. Қандай да болмасын бір жаңа дыбыспен және әріппен таныстыру сабағына арнап, көрнекі құралдар дайындаңыз.
6. Дайындық кезеңіндегі және әліппе кезеңіндегі сабақтардың жоспарын жасаңыз (екі сабақ).
7. Жазу сабағының жоспарын жасаңыз.
8. Әліппеге талдау жасаңыз:
1) Әліппе қандай бөлімдерге бөлінеді, әр бөлімнің мақсаты мен мазмұны. 2) Әліппедегі әріптер мен буындардың орналасуы.
3) Әліппенің әр бетінің құрылысы: сурет, баған арқылы берілген сөздер, байланысты мәтіндер, жазу үшін берілген материалдар т. б.
4) Мәтіндер мен суреттердің тәрбиелік мәні.
9. «Әліппе серігіндегі» және сыныптан тыс оқу құралдарындағы сауат ашу, жазу, сыныптан тыс оқу сабақтарын жүргізу үшін берілген оқу материалдарын талдаңыз.
10. Әліппе беттерінен сөздік жүргізу үшін қажетті сөздерді іріктеп, оны қалай жүргізу керектігін түсіндіріңіз.
11. Мектептегі сауат ашу сабақтарына қатысып, талдау жасаңыз.
12. «Әліппемен қоштасу» мерекесінің толық жоспарын жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет