Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ПӘНІ


БАСТАУЫШ КЛАСТАРДА ОҚУ САБАҚТАРЫНДА



бет29/54
Дата11.06.2024
өлшемі357,38 Kb.
#203316
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54
Байланысты:
С Рахметова Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі

10 БАСТАУЫШ КЛАСТАРДА ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ЖҮРГІ3ІЛЕТІН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

Мәтінді оқу ондағы басты ойды табу, оның мазмұнын ұғыну көркемдік тіл құралдарын талдау, сауатты түрде оқу шеберліктерін арттырумен қатар адамгершілік нормаларына үйренуге де мүмкіндік жасайды.


Оқу сабақтарында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының түрлерін қысқаша былайша топтап көрсетуге болады:
«Ана тілі» оқулықтарында В. И. Лениннің өмірі мен қызметі жөнінде көптеген әңгімелер, өлеңдер, мақалалар беріледі. Осы материалдар арқылы балалар үлкен адамгершілікке, қарапайымдылыққа, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына қамқорлық жасауға үйренеді. В.И.Лениннің өмір жолынан үлгі алу тәрбиесі бері­леді.

  1. Оқу кітаптарында адамның қайырымдылығы, оның
    алуан түрлі көріністері талай-талай жағдаяттарда көзге түсіп отырады. Әр түрлі шығармаларды оқу барысында балаларда қайырымды адам жөнінде елес жасалады. Қайырымдылық дегеннің мәнісіне (қайырымды-
    лық — айналадағы адамдарға, жолдастарына, достарына, туыстарына қамқорлық жасау, қиындыққа кездескендерге көмектесу) түсінеді. Оқулықтардан қайырымдылық жөніндегі материалдарды іріктеп, балалар өз қылықтарымен салыстыратындай жағдай жасалады.

  2. Балаларды еңбекті сүюге, оны қадірлеуге және өздерінің қолдарынан келетін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға бағыттайтын материалдар оқу кітаптарын­да мол берілген. Осыған байланысты, олар өздерінің
    бүкілхалықтық іске қатысқандарына өздері баға беріп,
    оны саналы түрде сезінулері керек. Мысалы, «Сен көктемде қандай жүмыстарға қатысасың?», «Сендер құстарды қалай қорғайсыңдар?» т. б. с. с. сұраулар арқылы оларды бағыттауға болады. Балалар да өз ісіне жауап-
    кершілік туғызып, еріктің қасиеттері мен күшін жетілдіре түсуге көмектеседі.

  3. Заттар, құбылыстар жөнінде білім берумен қатар, олардың арасындағы өзара сабақтастықты байқауға
    мүмкіндік жасау, балалардың санасында жанама бейнелердің тууын қамтамасыз етеді, ойлау процесін тәрбиелейді және оның жетіле түсуіне жағдай жасайды.

Жалпы алғанда, тәрбие жұмысы барлық пәндер бойынша, бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі.

Практикалық тапсырма:


1. Оқу сабақтарының біреуінде іске асырылатын тәрбие жұмысының конспектісін жасап тапсырыңыз.


Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:


1. Бастауыш сыныптың «Ана тілі» оқулығымен танысыңыз, оларды салыстырыңыз, құрылысы мен мазмұнын байқаңыз және осы бойынша реферат дайындаңыз.
2. Соңғы 2-3 жылғы «Бастауыш м ектеп» журналында оқу сабағын ұйымдастыруға арналып жазылған мақалаларды оқыңыз, оның тізімін жасаңыз.
3. Өлең шығармаларының біреуіне көркемдік ерекшелігін ашатындай талдау жасаңыз және мәнерлеп оқуға дайындалыңыз.
4. Оқулықтардан бір тақырыпты таңдап алып, ол бойынша үйге берілетін нақты тапсырманы белгілеңіз.
5. Оқушылардың бойында оқу сабақтарында қандай-қандай дағдылар мен шеберліктер қалыптасады?
6. Мектепте «Ана тілі» сабақтарына қатысып, оған жан-жақты талдау жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет