Байланысты: С Рахметова Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі
6 ГРАММАТИКАЛЫҚТАЛДАУ Грамматика жаттығуларының ішінде кең тарағаны грамматикалық талдау болып табылады. Грамматикалық талау сипаты жағынан аналитикалық болады, бірақ оған синтетикалық белгілер де тән.
Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Ауызша талдауда балалар бұрын оқылғандарына тоқталады, сөйлемдегі грамматикалық формаларды көрсетеді, оқытушының сұрауларына жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Жазбаша талдауда балалар жазылған мәтіннен грамматикалық формалардың астын сызады немесе оларды айырып жазады, тиісті формаларын көрсетеді, сұраулар қояды т. б.
Грамматикалық талдау мазмұны жағынан фонетикалық, морфологиялық синтаксистік немесе аралас талдау болып бөлінеді. Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау болады.
Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызып қояды, сөздің ауызша және жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын ажыратады. Сөздердегі жеке-жеке дыбыстарды мүлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазуға төселеді.
Морфологиялық талдауда ауызша сөйлемдердегі затты, заттың белгісін, қимылын көрсететін сөздерді, тапқызу, жазбаша мәтіннен сондай сөздердің астын сызғызу, олардың сұрауларын ауызша, жазбаша қойғызу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Оқушылар сөйлем мүшелерінің қай сөз табы екендігін және олардың формасын (жекеше, көпше, тәуелдік, септік, жағы, шағы) айырады.
Морфологиялық жазбаша талдату жұмысын түрліше жүргізуге болады: 1. Сөздің бір формасын теріп жазадыі не астын сызып қояды, немесе қандай сөз табы, қай форма екенін әр сөздің үстіне қысқартып жазып қоюға да болады (зат есімнің астын бір, сын есімнің астын ирек сызықпен, етістіктің астын екі сызып көрсетеді. (Осындай белгілермен сөйлем мүшелері де көрсетіледі. Оған түсті қарындаш қолданған қолайлы. 2. Берілген мәтіннен ең әуелі зат есімдерді, сонан кейін сын есімдерді т. с. с. теріп жазады. 3. Белгілі бір грамматикалық категорияға жататын сөздерді дайын таблица бойынша айырып жазады. Мысалы, Балалар өзеннің жағасына келді сөйлемінен зат есімге жататын сөздерді тапқызуға тиіс болса:
4. Талдауды толық жүргізгенде сөздерді бағанаға жазады да әрқайсысының тұсына формасын жазады немесе сөйлемдегі сөздерді схема бойынша жазады. Мысалы, Біздер қалаға машинамен тез жеттік деген сөйлемді балалар былайша жазады: біздер — жіктеу есімдігі, I жақ, көпше, бастауыш. Қалаға — зат есім, жалпы есім, жекеше, барыс септік, толықтауыш. Машинамен — зат есім, жалпы есім, жекеше, көмектес септік, толықтауыш. Тез — үстеу, пысықтауыш. Жеттік — етістік, өткен шақ, 1 жақ, көпше, баяндауыш, схема бойынша:
Сөздер
Сөйлем мүшесі
Сөз
табы
Сұрауы
Жекеше, көпше
септік
шағы
жағы
Біздер
бастауыш
есімдік
кімдер?
көпше
атау
-
_
қалаға
толықт.
зат есім
қайда?
жеке
барыс
—
—
машина-
пысықт.
үстеу
немен
ше
кемек-
—
—
мен
қалай?
тес
—
—
тез
баянд.
етіст.
не істе-
өткен
1 жақ
жеттік
дік?
шақ
Сөздердің морфологиялық құрамы жай бөлшекпен көрсетілуі де мүмкін. Мысалы, Біз-дер, қала-ға т. б. немесе схемамен көрсетіледі.
Сөз
Түбір
Жалғау
Жұрнақ
біздер қалаға
біз қала
дер
ға
—
—
Синтаксистік талдау да балалар оқу-жазуға үйренгеннен кейін-ақ басталады. Белгілі бір мәтінде неше сөйлем бар екені, сөйлемде кім я не жөнінде айтылып тұрғаны, сөйлемдердің түрі (хабарлы, сұраулы, лепті) анықталады. Тиісті сұраулар бойынша бастауыш пен баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер ажыратылады.
Жазбаша талдауда оқушылар бастауыштың астын бір, баяндауыштың астын екі сызады. Өзара байланысып тұрған сөздерді теріп жазады, берілген бастауыш я баяндауыш бойынша сөйлемдер құрастырады және дәптерлеріне жазады, мәтіннен хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді теріп жазады, сөйлемнің бір түрін басқа түрге айналдырады. Бірыңғай мүшелі сөйлемдерді схемамен көрсетеді. Мысалы, өрік, алма, жидек пісті. Райхан үйді жинады, сыпырды.
Талдау үнемі тек таза фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік түрде жүргізілмейді. Қажетіне, мақсатына қарай, тақырыптың сипатына сай, талдау аралас та қолданыла береді. Талдау әсіресе балалардың білімін есепке алғанда жиі жүргізіледі. Бастауыш сыныптарда сөздер құрамы жағынан талданғанда әуелі түбір, сонан соң, қосымша, оның ішінде жұрнақтары мен жалғаулары анықталады. Ал сөз табы жағынан сөйлемдегі сөздер бірінші сөзден бастап соңғы сөзге дейін ретімен талданады. Сөйлем мүшелеріне қарай талданған әуелі тұрлаулы мүшелер (баяндауыш, бастауыш), олардың сұраулары, сонан кейін бастауышпен байланысатын тұрлаусыз мүшелер ажыратылады. Сөйлемдегі сөздерді топтау барысында бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құрайтынын ескертіп отырған жөн, мысалы; құстар жылы жаққа ұшып кетті дегенде, құстар ұшып кетті — сөйлем, ал жылы жаққа — сөз тіркесі болады.
Талдауға берілген сөйлемдер, мәтіндер құрылысы жағынан да, мүшелерінің (сөздерінің) формасы жағынан да әр сыныпта бағдарламаға сай болуы қажет.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Грамматикалық талдаудың түрлері қандай?
2. Грамматикалық талдаудың әрқайсысына сипаттама беріңіз.
3. Граммматикалық талдауға қандай талаптар қойылады?
4. Схемаларды пайдаланып, түрлі талдау жүргізіңіз.
5. Бағдарлама бойынша III-IV сыныптарда сөз табы, сөз құрамы жағынан талдау жүргізетін материалдар дайындаңыз.
6. Белгілі бір мәтін бойынша ішінара және толық талдау жасап көрсетіңіз.