Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ПӘНІ


ГРАММАТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ



бет33/54
Дата11.06.2024
өлшемі357,38 Kb.
#203316
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54
Байланысты:
С Рахметова Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі

4 ГРАММАТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖАЙЫНДА
Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатындай болуы керек. Ол үшін алдымен тақырыпқа көңіл аударылады. Мысалы, «сөз таптары» тақырыбы «зат есім», «сын есім» т. б. с. с. бөлінеді, ал зат есімнің өзі «жалқы есім», «жалпы есім» және жекеше, көпше т. б. болып бөлінеді. Бұл тақырып, тақырыпшалардың әрқайсысының неліктен бұлай аталуының мәні, себебі бар. Оқушылар әрбір тақырыптағы тақырыпшалардың мәнін, тақырыпшалардағы әрбір абзацтың мәнін аңғарып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшаның барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатын­дай болу керек. Олай болса, әрбір материалды пайдалануда соның басты белгілерін, яғни беріліп отырған ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрастырып тұр, сол тілдік құбылыстың табиғаты неден көрінеді, басқа құбылыстардан қалай ерекшеленеді — осылар ашып көрсетілуге тиіс.
Мысалы, «зат есім» ұғымының мазмұнын ашу үшін «есім» деген сөздің өзінің мағынасы, ал зат есім деген затқа қойылған ат, яғни заттың атын білдіретін сөздер екені айтып түсіндіріледі. «Зат есім», «сын есім», «сан есім» деп аталатын сөздердің неліктен есімдер тобына жататыны, олардың өзара ұқсас, ортақ белгілері, басқа сөз таптарынан айырмашылығы т. б. балаларға ұғындырылады.
Грамматикалық ережелердің көпшілігі оқулықтарда анықтама ретінде беріледі («Заттың сынын білдіретін сөздерді сын есім дейміз», «сөздің өзгермейтін бөлшегін түбір дейміз» т. б.). Оқушыларға осы сияқты анықтама-лардың әрқайсысының қандай бөлшектерден тұратынын көрсеткен жөн:
1. Әрбір анықтаманың міндетті түрде термині болады (Мысалы, жоғарыдағы анықтамаларда сын есім, түбір терминдері).
2. Әрбір анықтамада сол ұғымның өзіне тән басты белгісі көрсетіледі. Бұл басты, негізгі белгі арқылы ол ұғым басқа ұғымдардан ерекшеленеді (мысалы, сынын, сөздің өзгермейтін бөлшегін т. б.).
3. Кейбір анықтамаларда түсіндірілетін ұғымның қандай топқа жататыны көрсетіледі (мысалы, сынын білдіретін сөз табын сын есім, жұмсалатьш қосымшаны жалғау дейміз т. с. с).
4. Анықтамаларда әрбір категорияньң негізгі мағыналарынан басқа формалық белгілері де көрсетіледі (мысалы, зат есімнің көпше түрін жасау үшін оның түбіріне -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жалғанады т. б.). Мұндай формалық белгілерін көрсететін түсіндірмелер анықтамалардан кейін беріледі. Әсіресе бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарда көпшілігіне негізгі мағыналары мен сұрақтары басты белгілері ретінде көрсетіледі.
Формалық белгілерді жинақтап, топтап (синтездеп) сол категорияның басқалардан семантикалық, морфоло­гиялық және синтаксистік ерекшеліктерін көрсету үшін пайдалану керек. Кейде тіпті анықтамаларда айтылмаған белгілердің өзін жаттығу барысында байқатуға ту­ра келеді. Мысалы, кітапта: «Аяқталған ойды білдіретін сөздер тобын сөйлем дейміз» деген анықтама берілген. Бұл — сөйлемнің мағыналық қана белгісі. Ал бас­қа белгілері (сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан байқауға болады т. с. с.) анықтамада көрсетілмейді. Бірақ оқушылар сөйлемдермен танысу, оларды талдау барысында сөйлемнің қалған (айтылмаған) белгілерін де меңгереді. Олар сөйлемдегі сөздердің бастауыш пен баяндауыштың маңына топталатынын, сондай-ақ сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырғағы болатынын біледі.
Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау ба­рысында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын толық жинақтап нақтылау бала ұғымынын, айқындала түсуіне мүмкіндік береді.
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім:
1. Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюымен қанағаттанбай, өз ойынан немесе «Ана тілінен», оқыған кітаптарынан ойланып, мысал айтуын талап етеді.

  1. Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де, соның ішінде анықтама бойынша қажетті сөзді немесе
    сөз тіркестерін тапқызады. Кей балалардың өздері ойлап тапқан мысалдарын талдату арқылы пікірлерін дәлелдеуді талап етуге де болады.

  2. Анықтама бойынша берілген ұғымның негізгі белгілерін санап көруді ұсынады.

  3. Анықтамалар мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға үйретеді (мысалы, III сыныпта «заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз» деп, зат есімнің сөз табы екендігіне назар аудартады). Сонымен, қорыта келгенде, балалардың терминдерді (бастауыш, баяндауыш, зат есім т. б.) дұрыс айтып, анықтамаларды дәл, анық, толық (жоғарыдағы талап бойынша) тұжырым-дауларымен де қанағаттанып қоюға болмайды. Әрбір анықтама бойынша, олар өз беттерімен мысал келтіре алумен қатар грамматикалық тапсырма мен берілген мазмұндама, шығарма жаза алатындай мүмкіндікке жете алғанда ғана оны меңгерді деп есептеуге болады. Бірақ, сөз жоқ, бұл талаптың барлығы бірді-екілі сабақта орындалуы тиіс деген ұғым тумауы тиіс. Бұл ұзақ жаттығудың, бірнеше сабақ бойына өткізілетін жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ғана қалыптасады.



Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Оқулықтарда грамматикалық ережелер қалай берілген? Бұл сұраққа жауап беру үшін III-IV сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқулығындағы ережелермен танысыңыз.
2. Грамматикалық материалдар қалай пайдаланылады?
3. Бір сөз табының анықтамасын мысалға келтіріп, қандай бөліктерден тұратынына талдау жасаңыз.
4. Бір категория бойынша қандай түсінік берер едіңіз, мысалмен дәлелдеп айтып беріңіз.
5. Оқушылар материалды саналы түсіну үшін мұғалім қандай талаптар қояды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет