Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ПӘНІ



бет48/54
Дата11.06.2024
өлшемі357,38 Kb.
#203316
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
Байланысты:
С Рахметова Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі

Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың бесінші түрі - толықтырып мазмұндау. Бұл ықшамдап мазмұндауға керсінше, аз сөзден көп мағына тудыру, берілген сөйлемдердің төңірегінде жаңа ойлар тапқызу мақсатында жүргізіледі. Мұнда белгілі бір әңгіменің жеке бөлімдерін сипаттайтын бірнеше сөйлем беріледі. Сол сөйлемдерді толықтырып, тағы да бірнеше сөйлем қосып, балалар түсінікті бір сюжетке құрылған әңгіме айтып беруге және жазып беруге тиіс. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілдерін байытуға, сөйлем құрау шеберліктері мен ойын жүйелеу дағдысына төселуге үйретуде жұмыстың бұл түрінің атқаратын рөлі орасан зор.
Мұндай жұмысты ұйымдастыру үшін алынатын мәтін оқушылардың бұрын өз көздерімен көрген немесе оқыған материалдары шеңберінде болғаны жөн. Мысалы, балалар оқулықтан күз жөніндегі материалды оқығаннан кейін: «Балалар орманға барды. Қорықты. Қалың жеріне жүгірді. Адасып кетті. Дауысы естілді. Балалар үйлеріне оралды», сияқты мәтінді жазып қойып, балалардың орманды көрген-көрмегендерін, орманның қандай болатындығын т.б. сұрайды. Содан кейін балаларға: «Сен орманда адасып кетсең, не істер едің? Орманда қандай аңдар болады? Сен орманда аю көрсең не істер едің? т.с.с. сұрақтар қояды. Бүгін балаларға бірнеше жұмбақ сөйлемдер берілетіні айтылып, соның шешуін табу керектігі ұсынылып, тақтадағы жазулы мәтін ашылады. Балалар аз-кем ойланғаннан кейін: Бұл жұмбақ-сөйлемдерде не жөнінде әңгіме болады деп ойлайсыңдар? (бұл сөйлемдерде балалардың орманға баруы, адасуы жөнінде айтылады) – Балалар орманға көбінде жылдың қай мезгілінде барады? Балалар орманға неліктен күзде барады? (Күзде орман іші өте әдемі. Онда жеміс-жидектер де піседі.) – Олар неден қорықты деп ойлайсыңдар? (Қасқырдан, аюдан, сыбдырдан т.б.). Орманның қалың жеріне неге жүгірді? (Балалар қорыққасын орманның қалың жеріне жүгірді.) – Балалар неден адасып кетті? (Олар жолдан адасып кетті.) – Дауыс естілді сөйлемін қалай шешер едіңдер? (Арбаның, машинаның, оларды іздеген адамның дауысы естілді.) – Сол кезде балалар не істеді? (Олар дауыс шыққан жаққа қарай жүгірді.) т.с.с. Балаларға ат қойылады , барлық сөйлемдер осылайша толықтырылып, әңгіме құрастырылады, оған ат ұйымдастырылады, жоспар жасалады, жоспар тақтаға жазылады. Сөйтіп, жоспар бойынша балалар әңгімені ауызша мазмұндайды, қажет болса жазады.
ІІ. Сурет бойынша мазмұндама. Мұнда балалар суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді. Мазмұндаманың бұл түрінде бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады: 1. Дайын сурет бойынша мазмұндама. Мұғалім алдын ала дайындаған сурет береді, ал оқушылар сол сурет бойынша мәтін құрайды. Мазмұндаманың түрі бастауыш сыныптарда бір сюжет бейнелейтін бір сурет арқылы да, бір сюжетті бейнелейтін бірнеше сурет арқылы да жаздырылады. Сонымен бірге бір сюжетке салынған бірнеше сурет бойынша мәтін беріліп, ондағы сөйлемдердің орнын ауыстырып (деформаланған мәтін), ондағы оң жүйесіне қарай түзеттіруге болады. Бір сюжетке салынған бір сурет бойынша жүргізілетін мазмұндамаға мысал келтірейік: «Бүлдірген тере барғанда» сурет бойынша.
1. Мұғалім кіріспе әңгімесінде балалардың жазғы демалыста не істегендері, не көргендері туралы сұрақ-жауап арқылы әңгімелеседі. Онда көбінесе жазғы дала көрінісіне көңіл аударады.
2. Тақтаға суретті іледі, оның атын жауып қойып, балаларға суреттегі бейнеленгендерді қарап шығу тапсырылады. Аздан соң, мұғалім: - Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген деп ойлайсыңдар? – деген сұрақ қояды. Суретте жаз мезгілі бейнеленген. – Суретте жаз мезгілі бейнеленгенін неден байқадыңдар? (Суреттегі ағаштың жапырағы көкпеңбек, балалар көйлекшең, аспан шайдай ашық, шөп көкпеңбек).
Бұл сұрақтың дұрыстығын қуаттай отырып, мұғалім оқушылардың зейінің ағаштың түбінде дем алып тамақ ішіп отырған балаларға , олардың қастарындағы жидекке толып тұрған ыдыстарға аударып: - Балалар не істеп отыр? (Олар тамақ ішіп отыр.) – Ал мына тұрған неменелер екен, байқайсыңдар ма? (олар: шелек, себет.) – Бұл ыдыстардың ішінде не бар? (ыдыстардың ішінде: жидек бар.) – Осы балалар бұл жерге неге келді екен? (олар жидек теруге келген болар) – оны қайдан біліп отырсыңдар? (олар ыдыстарын жидекке толтырып алған.) – сендер жидектің қандай түрін білесіңдер? (әркім өз білетін жидектерді айтады: бүлдірген, шие, қарақат, өрік, жүзім т.б.) – мына ыдыстардағы жидек осылардың қайсысына ұқсайды (бұл бүлдірген) – Ендеше мына балалар қандай жидек теруге келген екен (олар бүлдірген теруге келіпті) - Енді осы суретті қалай деп атасақ екен? (балалар түрлі ат айтады: бүлдірген теру, бүлдірген теруге келген балалар, балалар бүлдірген терді т.б.). Балалардың ұсынған аттарының барлығы да дұрыс екенін айта отырып, мұғалім: - Осы суретті автор қалай атайды екен, соны көрейік, - деп, суреттің жабулы атын ашады.
Суретке балалардың қойған аты мен автордың қойған аты толық сай келетінін көрсете отырып осы сурет бойынша алдын ала өзі құрастырып, дайындап алып келген мәтінді тақтаға іледі. Оны бір оқушыға оқытады. Мәтіннің үлгісі: «Бір топ бала бүлдірген теруге бармақ болды. Олар таңертең ерте тұрды. Түсте ішетін тамақ, бүлдірген теретін шелек себет алды. Балалар бүлдірген өсіп тұрған жерге жетті.
Бұл жер жап-жасыл. Жасыл кілем төселгендей. Ойпаңдар да, бұта өсімдіктер де көкпеңкөк. Айналаға көз салсаң, жер дүние маужырап тұр. Не деген сұлу табиғат!
Балалар біраз тамашалап тұрды да бүлдірген теруге кірісті. Бүлдіргенді тойғандарынша жеді. Апарған ыдыстарын да тотырып алды. Содан соң ағаш көлеңкесіндегі көгалға дем алды, түскі тамақтарын ішті. Кешке қарай ауылға қайтты. Бұл күн балаларға өте қызықты өтті».
Мәтінді мұғалім ырғағына келтіре, өзі бір рет оқып шығады. – Бүлдірген өсіп тұрған жердің көрінісінің қалай суреттелгенін кім тауып оқиды? Сұрағы арқылы екі-үш оқушыға оқытады оларды салыстырады. – Балалардың бүлдіргенді теруі жөнінде қандай сөйлемдерде айтылған? Кім оқиды? Сұрағы арқылы текстің ІІ бөлігін оқытады. Осылайша, балалардың дем алуы ауылға оралуы жөніндегі сөйлемдер де оқылады. Бүлдірген, таңертең, себет, жап-жасыл, маужырап тұр, ойпаң, бұта-өсімдік, кілем төселіп тастағандай сөздері мен сөз тіркестері заттың суреттері (не өздері) арқылы (бүлдірген, себет), түсініктеме сөздер арқылы (таңертең – таң атысымен, маужырап тұр – ағаш пен шөптің жайқалып өсіп тұрғаны, ойпаң ойыстыру жер т.б.), ал жасыл түс пен жап-жасыл түстің айырмашылығы осы екі түсті салыстыру арқылы (мұнда матаның қисындысы, жапырақ т.б. көрсетілуі мүмкін) түсіндіріледі.
Мәтінге жоспар жасалады. Бүлдірген теруге бару. Бүлдірген өсіп тұрған жердің табиғаты. Бүлдірген теру. Балалардың дем алулары. Олардың үйге оралулары.
Келесі сабақта мәтіннің мазмұны жоспар бойынша әңгімеленеді, сурет бойынша әңгімеленеді. Егер қажет болса, жазылады.
Сурет бойынша жүргізілетін мазмұндаманың ІІ түрі – оқылған мәтінді бейнелейтін суреттер арқылы ұйымдастырылады. Бұл үшін алдымен мұғалім мәтін таңдап алады. Мәтін сюжетке құралған және жігі оңай ажыратылатындай болуы тиіс. Мәтін сыныпта нақышына келтіріле, екі үш рет оқылады. Содан соң әңгіменің оқиға желісі мен одан шығатын қорытынды сұраққа сұрақ-жауап арқылы талқыланады. Әңгіменің мазмұнын балалар толық меңгерген шамада сол әңгіме бойынша қандай сурет салуға болатынын туралы сұралады. Оқушыларға ойлануға уақыт беріледі. Олардың берген жауаптарының ішінен дұрысын таңдап алады. Мұнда мұғалім мәтінді бейнелейтін суретті күні бұрын дайындап алуға тиіс. Бұл суретті мәтінді талдау жұмысы аяқталып, ол бойынша қандай сурет салуға болатыны анықталғаннан кейін тақтаға іледі. Мысалға Ы.Алтынсаринның «Түлкі мен ешкі» әңгімесінің негізінде салынған сурет бойынша ІІ сыныпта өткен мазмұндама сабағын келтірейік: Мәтін: «Бір түлкі далада жортып келе жатыр еді. Ол байқаусызда апанға түсіп кетті. Апан терең екен. Түлкі одан шыға алмады. Су іздеген ешкі апанға келді. Апанның ішінде түлкі тұр. Ешкі түлкімен сөйлесіп, оның апанда неге тұрғанын сұрады. Түлкі апанның іші салқын, ішінде суы бар екенін айтты. Бұл сөзге сенген ешкі секіріп апанға түсті. Осыны күткен түлкі ешінің үстіне секірді. Одан апанның сыртына қарғып шығып, қаша жөнелді».
Мұғалім сабақ басталмас бұрын мәтінді тақтаға жазып қойды да, сабақ басталған соң, өзі мәнерлеп бір оқып шықты. Балаларға оқытты. Екінші тақтаға: жорытып, абайсызда, апан, қарғып шығып сөздерін жазды. Мағыналарын синоним арқылы түсіндірді: жорытып – жүгіруден гөрі баяу, аяңнан гөрі қатты жүріс, жай жүгіру; абайсызда – байқаусызда, апан – кең шұңқыр, қарғып шығып – тез секіріп шығу.
Осыдан кейін: түлкінің апанға түсіп кетуі жөніндегі сөйлемдер бір оқушыға, апанда түрған түлкіге ешкінің келуі, ешкінің түлкімен сөйлесуі туралы сөйлемдер екінші балаға, ешінің апанға түсуі мен түлкінің апаннан шығуы жөніндегі сөйлемдер үшінші оқушыға оқытылды.
Сыныпқа «Бұл әңгіме бойынша сендер қандай-қандай суреттер салар едіңдер?» деген сұрау қойылып, ойлануға шамалы уақыт берілді. Балалардың біреулері 3 сурет, екіншілері 4 сурет, ал үшіншілері 5 сурет ұсынды. Олардың жауаптары негізінде осы мәтінге 4 сурет салуға болатыны анықталды: апанда тұрған түлкі, апанның сыртында ешкі түлкімен сөйлесіп тұр, апанда түкі де, ешкі де тұр, түлкі зытып барады. Бұл әңімені бейнелеу үшін салынатын суреттердің мазмұны анықталғаннан кейін, мұғалім тақтаға суреттерді іледі, балаларға сұрақтар берді: Түлкі қайда түсіп кетті? Ол апаннан неліктен шыға алмады? Ешкі қайда келді? Ешкі түлкіден не сұрады? Түлкі ешкіге не деді? Түлкі апаннан қалай шықты? Сұрауларға жауап алған соң, мәтіннің мазмұны сурет бойынша айтқызылды. Мазмұндаманың мұндай түрі – балаларды мәтіннің жігін ажырыта білуге, алдағы уақытта мәтінге жоспар жасауға дағдыландырады.
Бастауыш кластарда сурет бойынша жазылатын мазмұндаманың мынадай түрлерін қолдануға болады: 1) орны ауыстырылып берілген сөйлемдерді сурет бойынша түзету, 2) орны ауыстырылып берілген суреттерді мәтін бойынша түзету, 3) орын ауыстырылып берілген суреттерді де, мәтіндерді де оқиғаның ретіне қарай түзету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет