Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ПӘНІ



бет50/54
Дата11.06.2024
өлшемі357,38 Kb.
#203316
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
С Рахметова Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі

1. Оқушылардың оқыған я естіген әңгімелерін байланысты шығарма жұмысы. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлемді дұрыс құру дағдысын қалыптастыруда, үйде немесе сыныпта оқыған шығармалары мен үлкендерден естіген ертегі, әңгімелері бойынша сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, баланың жеке басын қалыптастыруда орасан зор рөл атқарады. Балалар естерінде қалған сөздерді пайдаланып, ойын білдіру қажетіне жұмсауға үйренеді, оны бойына сіңіреді. Шығарманың бұл түрінің тәрбиелік мәні зор. Мұндағы ұғымды мәселенің бір ұшы өзін қоршаған айналаға сын көзімен қарап, жақсы мен жаманды, еңбекқорлық пен жалқаулықты, іскерлік пен кертартпалықты, кішіпейілдік пен дөрекілікті байқайды, бұлар жөнінде өз пікірін, сезімін білдіреді.
Бұл жұмысты мұғалім алдын ала жан-жақты ойластырып, дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Балаларды сөйлеткенде сөйлемдері әрі түсінікті, әрі жүйелі құрылуына, өз пікірлерін білдіруге назар аударған жөн. Сонымен қатар оқушылар айтып отырған әңгімелерінен үйренген жаңа сөздерін кірістіре сөйлеуін мұқият қадағалап осы сөздерді шығарма жазғанда да қолдануына жағдай жасау керек. Ол үшін мұғалім жетекші сұрақ қойып отырады. Сұраққа жауап беру арқылы естіген, оқыған әңгімелерінің мазмұнын өз сөздерімен айтып үйренеді және тілдің көркемдік кестесін пайдаланып, ойларын еркін білдіруге дағдыланады.
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың оқыған, естіген әңгімелерінің мазмұны бойынша шығарма жаздыруды түрліше ұйымдастырып жүр: 1) оқушылар оқыған немесе естіген әңгімелерінің мазмұнын сақтай отырып, өз сөздерімен еркін шығарма жазады; 2) оқыған немесе естіген әңгімелерінің үлгісіне еліктеп, өздері ойдан шығарып жазады. Әңгіменің мазмұнын сақтай отырып жазған шығармада оқушылар әңгімедегі оқиғаға, құбылыстарға өз білгендерін қосып, одан алған әсерлерін білдіреді. Бұл – оқушының шығармашылық қиялын дамытады, тілін ұстарады.
Шығарманың бұл түрін «сендер мынадай әңгіме оқыдыңдар, сол бойынша шығарма жазыңдар» деген сияқты нұсқау беру арқылы ұйымдастыруға болмайды. Мұнда мұғалімнің үлкен шеберлікпен, дұрыс басшылығы керек. Оқушылар тіпті өздері жақсы білетін әңгімелерінің мазмұнын да бірден өз сөздерімен айтып бере алмауы мүмкін. Сондықтан әсіресе алғашқы кезде оқыған, естіген әңгімелерінің мазмұны мұғалімнің көмегімен сұрақ-жауап арқылы айтылады. Мысалы, І сынып оқулығында «Бақытжанның қуанышы» деген әңгіме бар. Осы әңгімені балалар оқып шыққан кезде оның мазмұны басшылыққа алынып, шығарма жазуға болатындығына балалардың назары аударылады.
Мұғалім:

  • Сендер жақында «Бақытжанның қуанышы» деген әңгіме оқыдыңдар. Онда Бақытжанның мектепке қашан барғаны айтыла ма? Естеріңе түсіріп көріңдерші.

Оқушылар:

- Бақытжанның мектепке қашан барды деп ойлайсыңдар? (Ол мектепке күзде барды.).

  • Бақытжанның мектепке баруға асықты ма екен, сендер қайттіңдер? (Біз мектепке келуге асыққанбыз. Бақытжан да асыққан болар.).

  • Ал осы жөнінде әңгімеде айтылған ба? (Жоқ.) – Ендеше алдымен Бақытжанның мектепке барғанша асыққаны, сонан соң мектепке барғаны жөнінде сөйлем құрастырайық. (Бақытжан оқудың басталуын асыға күтті. Күзде ол оқуға барды).

  • Көп ұзамай Бақытжан не істей алатын болды?

(Көп ұзамай ол оқи алатын болды).

  • Бақытжан мектептен келген соң не істеді? Сендер не істейсіңдер, бірден кітап оқисындар ма? (Жоқ, біз мектептен келген соң, шешінеміз, киімдерімізді ілеміз, жинаймыз, қолымызды жуамыз, сонан соң тамақ ішеміз, дем аламыз, кітап оқимыз).

  • Олай болса, Бақытжан да солай істеген шығар. Бұл жөнінде қалай айтсақ екен, ол әңгімеде бар ма? (Жоқ, Бақытжан менктептен үйіне оралады, тамағын ішті, дем алды, содан соң сабағын оқуға кірісті).

  • Ол қолына қай кітапты алды деп ойлайсыңдар? (Ол қолына «Әліппені» -алды).

  • Бақытжан «Әліппеден» нелерді оқи бастады? (ол «Әліппеден» сөздерді оқи бастады).

  • Бір кезде Бақытжан «Ленин» деген сөзді оқыды, ол қайтті? (Ол қуанып Кетті). Қуанышын кімге айтты? (Қуанышын анасына айтты).

  • Анасы Бақытжанға не деді? (анасы оған: «жарайсың балам, жарайсың Ленинше оқы», - деді).

  • Бақытжан қандай уәде берді? (Бақытжан жақсы оқуға уәде берді).

  • Ол қалай оқыды? (Ол жақсы оқыды).

Алдымен әңгімені мазмұны еркін түрде ауызша айтылады. Оқушылардың әңгімесі: «Бір күні Бақытжан мектептен келді. Тамағын ішті. Дем алды. Сонан соң қолына «Әліппе» кітабын алды. Оны ашып, ішіндегі сөздерді оқи бастады.
Бір кезде Бақытжан «Ленин» деген сөзді оқыды. Ол қуанып кетті. Қуанышын анасына айтты. Аасы оған: «Ленинше оқы», - деді. Бақытжан жақсы оқуға уәде берді. Ол уәдесінде тұрды.
Оқушылар бұл әңгіменің мазмұнын талқылады, мәтіндегі қуанышын, көп ұзамай, дем алды, уәде сияқты сөздер тақтаға жазылып емлесі байқатылды, осыдан соң балалар шығарманы жазуға кірісті.
Мұндай жұмысты оқушылардың сыныптан тыс оқыған әңгімелері мен үлкендерден естіген әңгімелері (ата-аналары, апа-ағалары оқып берген немесе ауызша айтып берген әңгімелері) бойынша да өткізуге болады.
Қандай ма болмасын, шығарма жаздырмас бұрын үлгіге әңгіме берілуі қажет ол әңгіме оқылады, талданады, мазмұны анықталады, сөздік жұмысы жүргізіледі, ондағы оқиғаға айтушы өз пікірін білдіреді.
Әңгіменің мазмұнын балалардың барлығы ұғынғаннан кейін, сол мазмұндас басқа әңгіме құрастыру оқушыларға тапсырылады.
Бірақ мұнда оқушыларға үлгі ретінде берілген әңгімедегі кездесетін кейбір кісі аттары мен белгілерді өзгертіп қана, оның мазмұнын сол қалпында жазып қоюға жол беруге болмайды. Мысалы, Мәншүктің ерлігі жөніндегі әңгіме оқылғаннан кейін, Мәншүктің орнына басқа жауынгерді көрсетіп қана әңгімені сол күйінде жазып қойса, ондай жұмыс құнды деп есептелмейді. Егер оқушылар бір ұшқыштың немесе барлаушының, солдаттың т.б. ісін көрсететін әңгіме құрастырса, онда балалардың жұмыс мақсатына түсінгені. Жұмыстың бұл түрі балалардың бұрын көргендерін естігендерін және оқығандарын қайта жаңғыртып, ақыл-ойының дамуына себебін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет