Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ПӘНІ



бет51/54
Дата11.06.2024
өлшемі357,38 Kb.
#203316
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
С Рахметова Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі

2. Экскурсия бойынша шығарма жұмысы. Бастауыш мектепке сабақ беріп жүрген мұғалімдер, көбінесе шығарманы табиғат құбылыстарына, жыл маусымдарына байланыстыра жаздырады. Байқап жүргендіктен, өздері білетін таныс нәрсені баяндау көп қиындық келтірмейді. Мысалы, қыс мезгілін алсақ, балалардың қысқы ойыны, шаңғы, коньки теуіп рахаттануы яки қардан аққала соғып, кісі жасап ойнайтын ойындарынан алатын әсерлері жөнінде шығарма жаздыруға болады.
Немесе көктемгі мұздың кетуі, қардың еруі, өзендерде сең жүруі, су тасуы, нөсер жаңбыр, ағаштардың бүршік атуы т. с. с. құбылыстардың қайсысы болмасын – шығарма жаздыруға қолайлы тақырып.
Біз жыл маусымдарына байланысты табиғатта болатын өзгерістер, оларды және өндіріс орындарындағы құбылыстарды, сондай-ақ егістіктердегі көріністерді экскурсия жасау арқылы бақылап, мағлұмат алатын болғандықтан экскурсияға байланысты шығарма деп топтадық. Өйткені қыста ағаштардың бұтағының жапырағы түсіп, әрінен айырылып көктемде олар жанданып, бүршік атып, жапырақ сала бастайтынын, қыста мал пішенде тұратынын, ал көктемде жайылымға шығатынын, адамдар қыста қалың киім киіп, үйге от жағатынын, қар күреу, пішен тасу, егістікке қар тоқтату сияқты жұмыстар істейтін, ал көктем шығып, күн жылына бастасымен бұл жұмыстардың түрі малды өріске шығару, жер жырту тұқым себу т. б. ауысатынын байқайды. Бұл өзгерістерді, оның себебен білу арқылы балалардың дүние танымы кеңейіп, білім қоры артады.
Сонымен қатар балалар өндіріс орнындағы еңбекпен де экскурсия жасау арқылы танысады. Мұның барлығы шығарма жазу үшін материал болып есептеледі.
Бірақ шығарма жазу дағдысына төселмеген, бастауыш мектеп балалары, әсіресе ІІ–ІІІ сынып оқушылары бақылау арқылы жиналған материалдарын (көрген-білгендерін) өз беттерімен бірден жазып кете алмайды, сондықтан оларға мұғалімнің көмегі керек. ІІ-ІІІ сыныптағы шығармалардың барлығы дерлік мұғалімнің басшылығымен өткізілетін үйрету шығармасы болып есептеледі.
Оқудың алғашқы күндерінен бастап-ақ мұғалімдер оқушылардың зейіндерін табиғаттағы өзгерістерге аударып, оны байқап жүруді үйрете бастайды, қазір жаңа бағдарлама бойынша оқушылар айналадағы дүниемен танысады, табиғаттағы өзгерістерді бақылап, олардың себептерін түсінеді, кейбіреулерін дәптерлеріне белгілеп, табиғат күнпарағын жасауға үйренеді. Мұндай жұмыстар бірде балалардың кеше ауа-райының қандай болғаны, бүгін қандай екені, желдің қай жақтан соғып тұрғаны, аспанда бұлттың бар-жоғы т.б. жөнінде әңгімелесу арқылы өтсе, екіншіде оларды баққа, егін басына, мал фермасына, бақшаға, өзен, көл жағасына немесе өндіріс орындарына экскурсияға шығарып, әңгіме өткізу арқылы ұйымдастырылып отырады.
Балаларды экскурсияға шығарып, одан алған әсерлері жөнінде әңгімелеу және оны жазып беу жұмыстары мектептерде түрлі-түрлі ұйымдастырылып жүр. Мұғалімдердің бір тобы экскурсияның болатын күні, мезгілін балаларға күні бұрын хабарлаудан бас тартады. Олар «балалар алаңдайды» деген оймен экскурсияға алдын ала дайындықсыз шығарғанды қолдайды.
Ал екінші топтағы мұғалімдер экскурсияның жоспарын алдын ала жасайды, балалармен не туралы әңгіме өткізетінін, онда әсіресе не нәрселерге зейін қою керектігі, экскурсиядан қандай қорытынды шығарылатыны ойластырылады. Тіпті осы экскурсияда балаларға қанша сөз үйретілетіні де алдын ала үйретіледі. Осыған орай, балаларға экскурсияға қанша, қай күні, қайда, не мақсатпен баратындары онда не көретіндері, не жөнінде сұранатыны күні бұрын ескертіліп алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі.
Біздің өткізген экспериментіміздің нәтижесі соңғы әдістің әлде қайда ұтымды екенін дәлелдеді. Экскурсияның мақсаты, зейін аударатын мәселелер белгілі болған соң, балалар өз беттерімен де бақылайды және не істейтіндерін де білетін болғандықтан, шуламай, әрқайсысы әр жаққа ыдырамай ұйымдасқан түрде жүреді.
3. Өнер саласына байланысты шығарма жұмыстары. Көркемөнердің түрлі саласына байланысты, яғни сурет өнері, кино, скульптура т.б. бойынша шығарма жүргізуде бақылаумен байқауға негізделеді. Өнердің бұл салаларымен танысу, әсіресе суреттегі бейнелерді оқу, скульптураны оқу – бастауыш оқушылары үшін күрделі де ауыр еңбек. Өйткені суретші баяндап отырған сырды ұғыну кішкене балалар үшін оңайға соқпайды.
Көркемөнердің көркемдік күшін қасиетін түсініп, олардан ләззат аларлықтай дәрежеге жетерліктей оның ішкі сыр сипатын түсіну керектігін марксизм-ленинизм классиктері айқын көрсетті: «егер сен исскуствадан ләззат алғың келсе, - деп жазды К.Маркс, - онда сен – көркемөнер жағынан білімді болуға тиіссің». Олай болса балаларды әр саладағы көркем өнерді түсіне беретіндей етіп жан-жақты үйлесімді дамыған, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу үшін, бастауыш сыныптан бастап көркем өнердің әр саласымен таныстыру керек.
Өнер саласына байланысты шығарма жүргізу біріншіден, педогогиканың бақылау мен байқау қағидасына негізделсе, екіншіден, көрнекілік қағидасын жүзеге асырып, оқушының көру сезіміне, ойына әсер ету арқылы тілін дамытады, эстетикалық талғамын арттырады.
Суреттерді пайдалану жөнінде әдістемелік әдебиеттердің барлығында дерлік бірыңғай нұсқау берілген; 1) Мұғалімнің кіріспе әңгімесі; 2) Оқушыларға берілетін бағыт; 3) Суретті оқушылардың байқап, қарап шығуы (көзбен шолып); 4) Суреттің мазмұнын анықтау (ол үшін мұғалім сұрақтар қояды); 5) Оқушылардың сұрақтарына мұғалім жауап береді; 6) Суреттің мазмұнын мұғалімнің сұрауы негізінде баяндау; 7) Суреттің мазмұнын ашатындай жоспар жасау; 8) Дайын жоспар бойынша суреттің мазмұнын оқушылардың өздері айтып беруі; 9) Сөздік жұмыстары; 10) Дайын жоспарға сүйеніп әңгіме айту; 11) Жоспарын ойда сақтай отырып, әңгімелеу; 12) Қажет болған жағдайда естерінде қалған әңгімені жазу. Жеке суреттерді пайдаланғанда сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай, осы аталған жұмыстардың бәрі немесе кейбіреулері ғана орындалуы мүмкін. Кейде ол жұмыстардың көрсетілген түрлерінің орны ауысып қолданылуы да ықтимал.
Кинофильм, балаларға арналған спектакльдерге т.б. байланысты да шығарма жүргізуге болады. Қазіргі кезде бастауыш мектептерге арналған 100-ден астам қысқа фильм-әңгімелер мен фильм-очерктер бар. Олардың тақырыптары да алуан түрлі. Бұл фильмдер оқушыларға жыл мезгілдері, жан-жануарлар, балалар өмірі, ауыл мен қала өмірі, адамдардың еңбегі т.б. туралы көркем тілмен баяндап береді. Бұларды мұғалім дүниетану, ана тілі, тіл дамыту сабақтарында және сыныптан тыс сабақтарда пайдаланады. Фильмнің мынадай түрлері бойынша шығарма жүргізуге болады:

  1. Қысқа метражды көркем фильм. Мұндай фильмдердің мазмұны алуан түрлі. Мұғалім балалардың жас шамасына лайықтап, іріктеп алады. Фильмнің мазмұны балаларды ұжымшыл болуға, қажырлыққа, батылдық пен шыншылдыққа баулып, еңбек сүйгіштік пен интернационалдық, достық рухта тәрбиелеуге тиіс екенін еш уақытта естен шықпауға тиіс.

  2. Табиғатты суреттейтін фильмдер. Бұл фильмдердің балалардың тілін дамыту мен қатар, оларды байқағыштыққа тәрбиелейді. Мұғалімнің сұраулары арқылы балалар фильмнің қажетті жерлерін салыстыра отырып, ондағы өзгерістерді байқайды, байқағандарын әсерлі тілмен көркемдеп айтып беруге талпынады.

  3. Мультфильмдер. Түрлі ертегілер, күнделікті өмір негізінде жасалған мультфильмдерді балалар қызыға қарайды, олардың мазмұнын түсінеді. Кішкене балалар мұндай фильмдерді нақты шындықтың көрінісі ретінде қабылдайды

  4. Диафильмдер. Бұл фильмдер қазақ бастауыш мектептерінде кеңінен қолданылуына толық мүмкіндік бар. Өйткені мұндай фильмдерді көрсету үшін арнаулы киноқондырғылардың қажеті жоқ, ал фильмоскоп барлық жерде бар.

Мектептерде кино көрсету арқылы шығарма жүргізу жоспары шамамен мына сияқты жүйемен жүргізіледі: 1) фильм көрсетілер алдында мұғалім кіріспе әңгіме жүргізеді; 2) фильм көрсетіледі; 3) фильмнің мазмұны талқыланады. 4) фильм қайтандан көрсетіледі (мұнда мұғалім қайтадан көрсетудің тиімділігін ескере отырып, оны қалай көрсетуді ойластырады; 5) сөздік жұмысы жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет