Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары



бет5/9
Дата17.10.2023
өлшемі50,01 Kb.
#185941
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазақ тіл білімі ХХ ғасырда

Туынды сөзінің мағынасы да өте дәл және нақты берілген. Қазақ тілінің күнделікті сөйлеу тілінде туынды сөзі де сирек қолданылады. Автордың көркем шығармасы, туындысы мағынасынан өзге мағынасы кездесе қоймайды. Бұл семаның өзі кейін пайда болып қалыптаса бастаған еді. Ал термин ретіндегі туынды сөзі тілдегі түсінікті толық таңбалайды. Шынында да, туынды сөз – жаңадан туындаған, жасалған сөздерді көрсете алады. Сонда ғалым қолданып отырған терминнің мәні ұғымды таңбалауда өте қолайлы, әрі дәл бейнелейді. Туынды сөз терминінің орнына өзге де бір терминді қолдану мүмкін еместей.
Терминдердің ең басты бір ерекшелігі таңдалып алынған сөздердің қазақша ұғымға сәйкес аталатыны. Қазақ балаларына түсінікті сөздер мен атаулар болғандықтан, оны оқыту да жеңіл. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиеді. Автордың өзі көрсеткендей, қазақ балаларын қазақша оқыту дегеннің ең тиімді жүйесі де осындай болса керек. Қазақша ойлаудан, сөзді қазақша түйсінуден туған терминдер.
Оқушыларға әрбір термин туралы айтқанда, оның тілдік мағынасын ашудан бұрын, оның атаулық, сөздік мағңынасын ашып алған тиімді болар еді. Яғни туынды сөзді немесе түбірді айтпас бұрын, оқушыларға осы сөздердің атаулық мағынасын ашып, анықтап көрсеткен жөн. Содан кейін барып, оның терминдік ұғымын түсіндірген абзал.
Қосымша сөзін таңдап алуының да осындай өзгеше ерекшелігі бар деп есептейміз. Қосымша сөзінің атау ретінде беретін мағынасы мен термин ретінде беретін мағыналарының негіздемесі (мотивациясы) жақын. Негізгі мағыналары ортақ болғандықтан, қосымша терминін естігенде әңгіменің жалпы не туралы болатыны туралы тыңдаушыда белгілі дәрежеде алдын ала түсінік қалыптасады. Бұл түсінік қосымша сөзінің әуелгі негізгі мағынасы арқылы қалыптасады, ал арнайы мағынасын оқытушының түсінік беруі нәтижесінде оқушыға жеткізу онша қиындық әкелмейді. Ғылым тілінің қазақшалығы, қазақилығы осындай болуы керек болар.
Ахмет Байтұрсынұлының қосымшаны жалғау және жұрнақ деп бөлуінің грамматикалық жағынан ғана емес, танымдық түсінік туғызуы мен терминдегі халықтық сипатты танытуда да үлкен маңызы бар. Тереңірек пайымдар болсақ, жалғау деген сөз бен жұрнақ сөзінің ішкі мағынасының өзінде үлкен мән-мағына жатқандай. Термин жай жасала салған емес, сөздің ішкі семантикалық мағынасымен терең қабысып жатқанын аңаруға болар еді. Жалғау – күнделікті сөйлеу тілінде бір нәрсені екінші бір нәрсемен байланыстыру жалғау мағынасында жұмсалады. Байланыстырушы, жалғаушы нәрсе болған соң, оның негізгі қызметі де осы ұғыммен байланысты болады. Яғни сөз мағынасына ешқандай жаңалық енгізбейді, тек байланыстыруша рол атқарады. Ал грамматикалық термин саналатын жалғаудың да негізгі мағынасы осындай түсінікипен іштей қабысып жатады. Жалғаулар сөз бен сөзді байланыстырады. Сонда жалғау сөзінің термин ретінде таңдап алынуы оның ішкі мағынасымен толықтай сәйкес келіп жатады. Ішкі негіздемесі айқын.
Сондай-ақ жұрнақ терминінің де қабылдану жүйесін түсіндіруге болады. Жұрнақ сөзінің мағынасы - белгілі бір заттан қалған қалдық. Ескінің көзіндей сақталып қалған қалдықтың, жұрнақтың өзіндік ерекшелігі болады. Оның негізгі ерекшелігі, ең алдымен, бұрынғы көнеліктің бір белгісін сақтауы. Оның құндылығы да осы ерекшелігінде. Ал грамматикалық термин ретінде Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған термин анықтайтын түсінікте де осындай ұғым бар. Жұрнақ ешқашан жалғау бола алмайды. Жұрнақтың ішкі мағынасы, мәні бар. Қазіргі түркологиядағы ғылыми пікір бойынша түркі тілдері жұрнақтарының қай-қайсысы болса да, бір кездерде толық мағынасы бар лексикалық бірлік болғаны белгілі. Демек, жұрнақтың өзіндік ішкі мағынасы болады. Тілдің дамуы барысында өзінің лексикалық мағынасын толық сақтамай, тек жұрнағын ғана сақтап қалып, жалғанған сөзіне сол мағынасын үстейтін қызметі бар. Тілді терең түйсінген ғалым осының барлығын, іштей біліп, көңілмен ұққандай. Сондықтан да бұл терминдер өміршең, сондықтан да бұл терминдер қазақи. Осы терминдерді мектеп оқушыларына, жоғары оқу орныдарының студенттеріне түсіндіргенде, ең алдымен олардың атау сөз ретіндегі мағынасын түсіндіріп, олардың ортақ мотивациясын тауып отырса құба-құп. Сонда оларды қабылдау да қабылдату да оңай болған болар еді деп есептейміз.
Ахмет Байтұрсынұлы жасаған терім сөздердің қай-қайсысын болса да осылай түсіндіруге болар еді. Ғалым жасаған терминдердің мағынасы мен мәнін айқындау, оның нағыз халықтық сипатын бағамдау болашақтың ісі деп білеміз.
Сонымен, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің оқыту әдістемесін негіздеген, әдістеме ғылымының көш басшысы ретінде танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет