Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары


Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі



бет2/9
Дата17.10.2023
өлшемі50,01 Kb.
#185941
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазақ тіл білімі ХХ ғасырда
1 срс- Сатылганова Амина, 545
1. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Бұл мектептер, негізінен, орыс тілінде дәріс беріп, жалпы білім негіздерін үйретумен айналысты, тілмаштық іс жүйесін үйретті. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ақмола мен Семей өңірінде мектеп-интернаттар ашылды. Кейін көп ұзамай олар ауыл шаруашылығы училищелері болып қайта құрылды. Осындай мектептер кейін Орал мен Торғай аймақтарында, одан кейін Жетісу, Сырдария облыстарында ашылады. Жер-жерде екі кластық орыс-қазақ училищелері ашылды. Ресми мәліметтерге қарағанда 1911 жылы Қазақстанда 350 орыс-қазақ училищесі жұмыс істейді де, онда барлығы 6756 қазақ баласы оқиды. Орыс-қазақ мектептерінде бірінші жылы ана тілі, орыс тілі, арифметика, ән-күй, дін сабағы жүрген. Ал екінші жылы тарих, география, жаратылыс тану пәндері оқытылған.
ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары оқу жүйесінде К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың, Н.Ф.Бунаковтың, В.И.Водовозовтың, И.Д. Тихомировтың, А.Я.Гердттың, Ы.Алтынсарин және И.Я.Яковлевтің оқулықтары кеңінен пайдаланылды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында А.В.Васильевтің “Букварь для киргиз” – “Қырғыздар үшін әліппе”, А.Е.Алекторовтың “Русско-киргизская азбука” - “Орыс-қырғыз әліппесі”, “Киргизская хрестоматия”, “К мудрости ступенька”, С.Н.Граменицкийдің “Книга для чтения” т.б. оқу құралдары пайдаланылды.
2. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Мұндай мектептердің де өзіндік ролі мен орны, маңызы ерекше болды. Халықтың қолдауының арқасында бұл оқыту жүйесі ауыл-ауылда кеңінен тараған. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының үлкен тобының қалыптасуының негізі осы мектеп үлгісі десек қателеспеген болар едік. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің қазіргі аяулы тұлғалары, мәдениет корифейлерінің әуелгі ұстазы осы ауыл молда-мұғалімдері болған. Әптиектен бастап оқытып, олардың мұсылманша сауатын ашуына ықпал жасады.
Ауыл молдаларының негізгі білім тірегі – Құран Кәрім болғаны аян. Жалпы адамзаттық дамуда ерекше маңызға ие болған ұлы Құран Кәрімнің негізгі аяттары мен сүрелерінің мән-мағынасының түсінігін ел ішінде таратудың, оның халық өміріндегі маңызын айтудың, түсіндірудің жеңіл іс еместігін атап айту қажет. Қай заманда болса да адам баласы өмірдің мәнін түсінуге, оның жұмбақ кілтін іздеуге, тануға талап қылған. Өмірдің мәнін іздеуде біреулер философияға ден қойса, енді біреулердің бағы өнерде жанған. Өмірдің өз болмысының күрделі ғажайыптары мен жұмбақ әлемін алдына жайып салмаса да, дала баласының ойына ойлану нұрын сеуіп, Алланың бірлігі мен барлығы туралы ұлы тұжырымдарды салуы, Құранның түсінігін пайымдатуы, ауыл молдасының ағартушылық еңбегі де атап өтуге тұрарлық екенін дәлелдей түседі.
Дала заңының өз ұстанымдары болды, өз дүниетанымдық ерекшеліктерін ислам діні ұстанған парыздармен ұштастыра білді. Осындай екі түрлі дүниетанымның сабақтаса, ұштаса, бірлесе қимыл-бағдар жасауына ауыл молдаларының қосқан үлесі мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет