Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары



бет1/9
Дата17.10.2023
өлшемі50,01 Kb.
#185941
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазақ тіл білімі ХХ ғасырда


І - тарау
Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері
мен негізгі бастаулары
Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол – халықтың алтыннан қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімінің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.
Тіл – халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі - тілі. Тілдің қасиетін түйсіну – ұрпаққа парыз.
Әрбір ұлт тілі өзінше ұлы, өз нақышымен қымбат. Қазақ тілі – ең бай әрі дамыған тіл. Әлемдегі санаулы әдеби тілдердің бірі.
Қазақ тілінің кешегі мәйекті қалпын, терең философиялық тұжырымды екі ауыз сөзге сыйғыза білген, мірдің оғындай өткір қалпын терең меңгеру, меңгерту парыз. Әрі бұл меңгеру мен меңгерту – ғылыми бағытта парасаттылықпен дұрыс жолға қойылса орынды. Кез келген тілдің сипаты мен өзіндік тарихы бар, оларды бірінен-бірі артық не кем деуге ғылыми негіз жоқ. Мәселе сол тіл иеленетін әлеу-меттік құндылыққа, ұлттық мәдениеттің басымдылығына, мемлекет жүзеге асыратын тілдік саясатқа, ақыр аяғы отбасына келіп тіреледі. Тілдің әлеуметтік құндылығын асыру не кеміту қоғамның өз қолында.
Ұлттың болашағын ойлаған жас! Сен ертеңгі елдің келелі келешегін қолыңмен жасар азаматсың. Білімділік пен зиялылықтың ең басты шегі, факторы ана тілінде сөйлеу, ойлау, оны сыйлау, ешкімнің тіл тигізуіне, менсінбеуіне жол бермеу. Өз ішіңнен шыққан, ана тілін білгісі келмейтін өгейдің жолын бөге.
Қазіргі таңда ана тіліміз ғылыми ойдың, ғұламалықтың тіліне айналуда. Барлық ғылым салалары бойынша терминдер жасалу үстінде. Бұл жолы ауырлау болса да, жасампаздардың жасап жатқан жақсы жолы.
Шешен сөйлей білу – қазақ халқының маңдайына жазылған бағы. Ал оның түп мақсаты – тыңдаушысын иландыру, сендіру. Шешен сөйлеу тек бай тілге ғана тән қасиет болу керек. Қазақ халқының шешендігі – тілінің байлығы. Бұл байлық бір күнде жинала салған дүние емес. Онда заманалар ізі, ғасырлар демі жатыр. Тіл мен ой тарихи тұрғыдан бірдей пайда болды дегенге құлақ қойсақ, онда қазақ тілінің терең тарихи даму жолы көз алдымызға келуі керек.
Туған елдің болашағы саналатын жас ұрпақты ұлттық дәстүрі мен салт-санасының негізінде тәрбиелеп, туған топырақта тамырлаған алтын тарихтың бесігінде тербетіп, қазақтың бай мәдениетінде жүздіру – баға жетпес өлшеусіз рухани қызмет. Ұрпақ тәрбиесінің маңызына қазақ баласы зер салып, оған ерекше мән берген.
Тал бесіктен басталған тәрбиенің сыры мен сипаты да сан салалы. Ана әлдиімен басталатын ұлы істі ата ақылы тереңдетсе, мектеп табалдырығын аттаған сәбиге ұстаздың да берер ұлағаты мол.
ХІХ ғасырға дейінгі қазақ даласында ағарту ісінің белгілі жүйесі болғаны туралы дерек жоқ. Әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірдің кейіндеп қалуы, көшпелі тұрмыс тауқыметі, оқытудың көпшілікке арналған түрінің дамуына жағдай туғыза алмады.
Қазақстанда алғашқы мектептердің ашыла бастауы орыс үкіметінің ықпалымен болғаны да жасырын емес еді. ХҮІІІ ғасырдың аяғында, яғни 1786 жылы Омбы қаласында ең алғаш рет тілмаштар даярлайтын мектеп ашылды. Бұл мектептің ашылуының өзіндік ішкі қажеттіліктері болғаны да белгілі. Мұның өзі, түптеп келгенде, сол кезеңдегі орыс үкіметінің жүргізген саяси бағыттарымен байланыстырылады. 1789 жылы дәл осындай тілмаштар мектебі Орынборда ашылады.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап қазақ бай-манаптарының, ауқатты адамдарының балалары Кадет корпустарына қабылдана бастайды. Ал 1867 жылы Түркістан өлкесі құрылғаннан кейін орыс үкіметі мен жергілікті өкімет орындары да ұлт мектептерінің ашылуына көңіл бөле бастайды.
1870 жылы 26 наурыз айында орыстың оқу Министрлігі Россиядағы орыс емес халықтарды оқыту жөнінде қарар қабылдайды. Осы қарар негізінде қазақ арасында көптеген оқу орындары дүниеге келеді. Заң жолының ырқымен ашылған мектептерді жалпы басқарылуы мен бағыты жағынан үшке бөліп қарауға болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет