Қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары орынбасарова Қаракөзайым ҚТмӘ 301


Тұлғалық бағдарлы оқыту технологиясы



бет3/3
Дата07.11.2022
өлшемі2,05 Mb.
#156837
1   2   3

Тұлғалық бағдарлы оқыту технологиясы


Білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс. Оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.
И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту. "Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің-яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты”.
Басты мақсаты-оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту (И. С. Якиманская).

Г. К. Селевко бойынша, ең негізгі құндылығы-оқушы жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты - табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Е. В. Бондоревская бойынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті 4 компонент міндетті түрде болуы қажет:

  • Аксеологиялық
  • Когнитивті
  • Шығармашылық-әрекеттік
  • Жеке тұлғалық.

Ұжымдық өзара оқыту технологиясы


Осы технология оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге баулып, ынтымақтастық, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді. Өзін – өзі басқаруын қалыптастырып, байқампаздыққа таратады.
Оған мынадай басты талаптар қойылады:
    • әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегін пайдаға жарату
    • өзінің еңбегімен қоса басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау
    • өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту
    • серіктесінің түсінбегенін түсіндіріп көмектесу
    • әрбір оқушы кезектесіп (ауысып)не оқушы, не мұғалім болады
    • әр оқушы кезек тәртібін сақтап барлығын үйретеді, ал жұп жекеше түрде барлық мүшесін үйретеді

Әдістеменің ерекшелігі:

  • жекелеу оқыту;
  • қасындағы оқушымен жұптасып оқыту;
  • топпен оқыту;
  • ұжымдық оқыту,

Бұл технологияның тиімділігі сол, жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін, оларға мәселелік сұрақтар қойылып отырады. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет