Қиялын дамыту, қызықтыру
5 жол өлең
Жатқа жазу
Дидактикалық өлең
Екеуара диктант
Брейн-ринг
Болжау кестесі
Өз бетімен жұмыс
Венн диаграммасы
Түртіп алу
Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас бірлікте дамытуға негізделген. Дамыта оқытудың барысында оқушылардың:
Ойлау дәрежесі артады
Байқампаздық қабілеті дамиды
Ізденушілік, зерттеушілік қасиеті жанданады
Пікір алмасу мен өз тұжырымын жасауға ұмтылады
Тұлғаның өзіндік үні «менің ойымша», «егер мен болсам», т.б. қалыптасады
Өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылады
Шығармашылық қабілеті дамиды
Өзіне деген сенімі артады
М.И.Махмутов проблемалық оқытуды үш түрлі классификацияға бөледі:
Оқу материалдарындағы ережелер мен заңдылықтарды шешуге, анықтауға бағытталған ғылыми шығармашылық;
Практикалық мәселелерді шешуге, алған білімді жаңа жағдаятта пайдаланып, оны шешуге және өздігінен құрауға бағытталған практикалық шығармашылық;
Ойын ойнау, ән айту, сурет салу, т.б. арқылы өзінің шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған көркемдік шығармашылық.
Орыс дидактиктері М.А.Данилов пен В.П.Есипов проблемалық оқытуда оқушыға дайын материалды бермей, шығармашылық тапсырмалар арқылы олардың өзіндік ойларын жетілдіру керек деп санайды.
Проблемалық оқыту шартты түрде төрт деңгейден тұрады:
Бірінші деңгей мұғалімнің айтқан материалын тыңдап, берілген тапсырмаларды орындауды қамтиды.
Екінші деңгейде алған білімін жаңа жағдайда мұғалімінің көмегімен, жартылай өзі орындауы арқылы іске асырады.
Үшінші деңгейде оқулық бойынша берілген тапсырманы өздігінен іздене отырып, орындайды.
Төртінші деңгейде шығармашылық тапсырмалар орындай отырып, өзі талдау жасайды.
Оқушының алдына проблемалық жағдаят қою арқылы материалды меңгерту – проблемалық оқытудың басты шарты. Проблемалық жағдаят оқушының ойлау қабілетін жетілдіреді, өздігінен шешім қабылдауға жетелейді. Проблемалық оқытуды қолдану үшін мұғалім тақырып бойынша оқушының білім деңгейін және олардың шығармашылық қабілетін ескеруі тиіс. - Оқушының алдына проблемалық жағдаят қою арқылы материалды меңгерту – проблемалық оқытудың басты шарты. Проблемалық жағдаят оқушының ойлау қабілетін жетілдіреді, өздігінен шешім қабылдауға жетелейді. Проблемалық оқытуды қолдану үшін мұғалім тақырып бойынша оқушының білім деңгейін және олардың шығармашылық қабілетін ескеруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |