3. Оқытудың саналылық принципі
Оқытудың материалды дұрыс орналастыру принципі – оқу материалдарының дұрыс бір-бірімен сабақтаса орналасуы, берілуі үйретілетін материалды оқушының тиянақты, жүйелі, бірізділікпен қабылдауына мүмкіншіліктер жасайды. Мысалы, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінен кейін сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, зат есімнен кейін сын есім, сан есімнен кейін есімдік, етістік, көсемше туралы түсінік беріледі. Мұны біз оқытудың дұрыс орналастыру принципі дейміз.
4. Оқытудың материалды дұрыс орналастыру принципі
Оқытудың алдын-ала болжау принципі – үйретіліп отырған материалдың келесі сабақтардағы материалды меңгерудегі тиімділігін алдын ала болжау, соны ескере келіп дамыту.
Мысалы, бастауыш кластарда өтілетін тыныс белгілерінің ережелері 7 – 8-кластарда жүйелі қайталанады, еске түсіріледі.
5. Оқытудың алдын-ала болжау принципі
Оқытудың берік, тиянақты болу принципі – оқушылардың өрелі ой-санасын ғылыми негізде дамыту үшін, олардың меңгерген білім дағдылары тиянақты, берік меңгертудің маңызы зор. Оқылған материалды жан-жақты меңгерту, есінде берік сақтату, құрғақ жаттауға жол бермеу, білгенді ұмытпау үшін қайталау, білімін бағалап отыру сияқты жұмыстарды жүргізу қажет.
Білімнің беріктік, тиянақтылық принципін жүзеге асыруда жаттығу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру да шешуші роль атқарады. Түрлі жаттығу жұмыстары оқушының іскерлігі мен дағдысын жетілдіре түседі.
6. Оқытудың берік, тиянақты болу принципі
Оқытудың теория жəне практика, өмірмен байланыстыру принципі арқылы оқушылардың мектептегі оқу-тəрбие процесінде алған теориялық білімдерін өндірісте, іс жүзінде қолдана білуге дағдыландырады. Мысалы, мұғалім түрлі тіл дамыту, тіл ұстарту жұмыстарын жүргізу арқылы дұрыс сөйлей білуге, қатесіз жаза білуге үйретеді, конференцияларда оқушыларға сөйлеуге, баяндама жасауға, мақала жазуға дағды береді. Мұндай дағды ұзақ, жүйелі жүргізілген жұмыстар арқылы іске асады.
Оқытудың теория жəне практика, өмірмен байланыстыру принципі
Достарыңызбен бөлісу: |