Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда оқылымды тестілеу



Дата25.01.2017
өлшемі56,66 Kb.
Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда

оқылымды тестілеу

М.П. Ешимов, Р.С. Нұртілеуова

Қазақстан, Алматы қаласы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

adai75@mail.ru


В статье рассматриваются способы тестирования (чтения) в преподавании казахского языка как иностранного.
Reading test methods of teaching Kazakh language as a foreign language.
Оқылым – мидың әртүрлі құрылымдарын дамытуға себепші болатын күрделі үдеріс. Қандай да бір шет тілін үйренуде оқылым әрекетінсіз ешқандай тілді меңгере алмаймыз. Онда міндетті түрде оқылым әрекеті болатыны белгілі. Ондай болмаған жағдайда әрбір адамның тіл үйренемін деген әрекеті сәтсіз болады деген сөз. Яғни оқылым әрекетін қолданбаған тіл үйренушінің сөйлеуінде, құрастырған сөз орамдарында әртүрлі қателер және жасандылық байқалып тұрады. Мұндай жағдайда меңгеруге бел буған шет тілінің ауызша сөйлеу мен жазба тілін толық түсіну әрекеті туралы сөз қозғаудың өзі артық.

Оқылым сөйлеу әрекетінің рецептивті түріне жатады. Себебі ол графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын қабылдай отырып, одан қажетті деректерді түсініп, сұрыптап алу.

Оқылым әрекеті жазылған мәтіндегі ақпаратты алуға бағытталады. Оқылым – оқытудың мақсаты әрі құралы болып табылады. Оқылым әрекеті арқылы біз тіл үйренушілерге әр қилы стильде немесе жанрда жазылған мәтіннен қажет ақпаратты бөліп алу шеберлігін қалыптастырып, оны әрі қарай дамытамыз. Жалпы алғанда, оқылым – тілді меңгерудің бір тәсілі, сөздік қорды дамытудың құралы. Оқылым грамматикалық құрылымдарды есте сақтауға мүмкіндік беріп қоймай, меңгеріп жатқан тілінде сөйлеуге және де айтылым әрекетін жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Шет тілін үйретуде оқылым әрекеті маңызды рөл атқарады. Себебі, оқу бүгінгі таңдағы ақпараттың негізгі әрі жетекші көзі болып саналатын кітап, газет-журналдарды оқып-түсінуге, оқып түйгенін өз бетінше немесе топпен бірге талдай алуына жол ашады.

Оқылым мәтіндер арқылы іске асатындықтан, оқылымды меңгертуге арналған мәтіндер белгілі бір талаптарға сай сұрыпталып беріледі. Тіл үйретуде оқылымды хабарды жеткізудің негізі, ал мәтінді хабардың көзі ретінде қарастыра отырып, жеткізілетін хабардың ақпараттылығына мән беру маңыздылығы алға қойылады.

Ал қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда оқылымды тестілеу маңызды мәселелердің бірінен саналады. Тіл үйренушілердің деңгейіне, өткен грамматикалық материалдарына қарай мәтіндер таңдалынып алынады. Яғни берілетін мәтіндер студенттер меңгерген тілдік материалдар негізінде құрылады. Оқылымды тестілеудегі ең бірінші мәселе – тіл үйренушінің оқылымнан алған білімін, ақпаратты қаншалықты дәрежеде түсінгендігін анықтау үшін берілетін мәтін мен материалдарды дұрыс бере білу және таңдау. Оқылымды тестілеудің әр кезеңінде бір-біріне ұқсамайтын, яғни әр қилы тақырыпта жазылған (елтанымдық мәтіндер, қысқа әңгімелер, мысал-әңгімелер, ертегілерден үзінді т.б.) мәтіндер болуы шарт. Оқылымды тестілеуде көркем шығармадан алынған үзінділер және елтанымдық мәтіндерден бөлек, жарнама, хабарландыру, ойды аяқтауға және де мақала мазмұнын анықтайтын тапсырмалар жиынтығынан құралған тестілерді беруге болады. Бұл тіл үйренушінің әртүрлі тақырыпта жазылған мәтінді және мәтіндегі ойды түсінуіне септігін тигізіп, сонымен бірге оқылымнан түйгенін, мәтінді оқудан алған тәжірибесін қарым-қатынас жасауда пайдалануына ықпал етеді.

Оқылымды тестілеудің басты бөлімдерінде жарнама, хабарландыру, мақаладан үзінділер беріледі. Мәтінге, хабарландыруға, жарнамаға, яғни оқылымды тестілеуге байланысты берілген тапсырмаларда сауалдарды сұрақ мағынасында берудің қажеті шамалы. Оларды астарлы сөйлем түрінде беруге болады.

Оқылымды тестілеуде тапсырмалар мен сұрақтар жиынтығы мынадай негізде берілу қажет деп есептейміз:



  1. ойды аяқтау;

  2. ойға қатысты түсіріліп қалған сөйлем мен сөз тіркестерін қою;

  3. берілген мәтінде қандай мәселелердің айтылғандығын анықтайтын бір-екі ауыз сөзбен берілген тапсырма түрі және т.б.

Аталмыш тақырыптарға байланысты берілген тапсырмалар жиынтығы да әртүрлі беріледі. Мысалы, аяқталған жай немесе құрмалас сөйлем құрастырылып беріліп, әрі қарай ойды аяқтауды қажет ететін тапсырма ұсынылады. Сол тапсырмадан ойды жалғастыратын сөйлемді немесе сөз тіркесін тауып, дұрыс жауабын белгілеу керек. Мысалы, Бүгін жаңбыр жауады. ...

А. Маған сөздік керек.

Ә. Маған базарға бару керек.

Б. Маған қолшатыр керек.

Келесі берілетін тапсырманың түрі – хабарландыруда, мақалада не туралы айтылғанын табу керектігін талап ететін тапсырма. Бұл тапсырмада мақаладан үзінді немесе белгілі бір тақырыпта жазылған хабарландыру беріліп, онда қандай мәселе жазылғанын табу керектігі туралы сауал болады. Тапсырмаларда тірек сөздер қалдырылып кетеді. Сол түсіріліп берілген сөздің немесе сөз тіркестерінің қайсысы дұрыс екендігін анықтайтын жауаптары көрсетілген нұсқалардың бірін таңдап, жауап бере алады. Мысалы, мақала ... туралы айтылады.

Келесі тапсырма түрі былайша беріледі: мақаладан алынған үзінді немесе толық жазылған бір хабарландыру мәтіні беріледі. Тіл үйренуші сол мақаладан үзіндіні немесе хабарландыруды оқи отырып, соған байланысты тапсырманы орындау керек. Яғни сұраққа жауап беру қажет. Сұрақ, яғни тапсырма былай болады: Хабарландыруда айтылған мәселе. Осыдан соң берілген жауаптардың ішінен дұрысын таңдауы тиіс. Тіл үйренуші дистракторлардың ішінен дұрыс нұсқасын, яки беріліп отырған хабарландыруда көтерілген, айтылған мәселені анықтауы қажет.

Бұл тапсырма түрін басқаша түрлендіріп берсе де болады. Мысалы, мақаладан алынған үзінді не хабарландырудың орнына белгілі бір жағдайға байланысты құрылған сұқбат беріп, сұқбаттың кімдер арасында және не туралы екендігін анықтайтын тапсырма құрастыруға да әбден болады.

Осы сынды ойды аяқтайтын, сөйлемді толықтыруға т.б. байланысты берілген тапсырмалардан кейін әңгіме, ертегі, өмірбаяндық мәтін, елтанымдық мәтіндер т.б. беріледі. Тіл оқытуда бастаушы, жалғастырушы деңгейлердің болатындығы баршаға белгілі. Сондықтан тіл үйренушінің деңгейіне қарай мәтін түрі таңдалып және мәтіндегі сөздер саны саналып алынады. Әр деңгейге байланысты мәтіндегі сөздер саны да әртүрлі болады. Оқылымды тестілеуде берілетін мәтіндерді таңдауда осы сынды мәселелерді назарда ұстау қажет. Оқылымды тестілеуге байланысты мәтін түрі таңдалынып алынғаннан кейін мәтін толықтай беріледі. Содан соң сол мәтінге байланысты сұрақтар тізбегі көрсетіледі. Сұрақтар мәтінде көтерілген, айтылған мәселеге байланысты жазылады. Әрине, ең бірінші мәтінге ат қойыңыз деген сұрақтан басталады. Тіл үйренуші мәтінді мұқият оқып болып, берілген нұсқалардың ішінен мәтінге сәйкес келетін атты таңдайды. Әрі қарай сауалдар мәтін бойынша беріледі. Сұрақтар сұрау есімдіктері, сұраулық шылаулар арқылы берілмегені абзал. Сауалдар тіл үйренушіні ойландыратындай дәрежеде, астарлы мағынада берілуі керек. Мысалы, Қазақ халқындағы Наурыз мейрамының басқаша атауы.

А. Ұлыстың ұлы күні

Б. Жақсы күн

В. Ұмытылмас күн

Бұл бөлімде де алдыңғы көрсетілген тапсырмалардағыдай сөйлемді толықтыру, ойды аяқтау секілді тапсырмалар түрі де беріледі.



Тест тапсырмаларын құрастыру мен дайындауда дистракторлар беру күрделі мәселе болып табылады. Дистракторлар дегеніміз жауапқа ұсынылған варианттар. Ұсынылған мүмкін жауаптардың ішінен тек біреуі ғана жауап болады да, ал қалғандары дистракторлар. Дистракторларды беру барысында біріншіден, дистракторлардың ішінен дұрыс жауап кетпеуі қажет. Мүмкін деген 3 немесе 5 жауаптың ішінен біреуі ғана дұрыс жауап болуы шарт. Аталған ережені грамматика бойынша тест құрастыруда ғана емес, сонымен қоса, оқылымды тестілеу үшін құрастырылатын тестілерде де назардан шығармау қажет. Мәтінге байланысты берілетін тапсырма мен сауалдарды ойланып барып жасағандағыдай, дистракторларды да құрастыруда ой нақтылылығы, сөйлем құрылымының дұрыстығы, сонымен қоса сөздердің бір сөз таптарынан құралуы басты назарда болуы керек.

Оқылымды тестілеуде тіл үйренушілерге жаңа сөздердің мағынасын түсінуі үшін сөздік қолдануға рұқсат беріледі. Себебі оқылымда жаңа грамматика берілмегенімен, жаңа сөздер кездесуі мүмкін. Сондықтан да сөздік пайдалануға шек қойылмайды.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу