І. Оқу-әдістемелік іс-әрекет
2016-17 оқу жылында Қарағанды қаласының білім бөліміне қарасты қазақ тілінде білім беретін мектептер саны – 55, сыныптар саны – 748, бала саны – 15736 (1-11-сыныптар)
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері бойынша ақпарат:
Кесте 1
Год
|
Предмет
|
Количество
педагогов
|
в/к
|
1 кат.
|
2 кат.
|
б/к
|
Количество молодых специалистов
(стаж – до 3 лет)
|
чел.
|
%
|
чел.
|
%
|
чел.
|
%
|
чел.
|
%
|
22
|
2016-2017 год
|
қазақ тілі, әдебиет
|
180
|
67
|
37,2
|
45
|
25
|
38
|
21,1
|
28
|
15,5
|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына, 10-11-сыныптарына арналған оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде №11659 тіркелген оқу бағдарламасына сәйкес оқытылды.
Шығармашылық топ мүшелері 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен оқу бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып күнтізбелік жоспар жасаған. Күнтізбелік жоспарда 9-11-сыныптардың қазақ тілі, әдебиеті пәндеріне Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» атты еңбегі енгізілді.
Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуына әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру шешуші рөл атқарады. Яғни, қалалық әдістемелік бірлестіктерде өткізілетін әрбір әдістемелік семинар, дөңгелек үстел, пәндік олимпиадалар, фестиваль, мүшайралар, интернет форумдар, оқулар, байқаулар – жеке тұлғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үдерісін қалыптастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады. Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап етері сөзсіз. Сондықтан да басты міндет – мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру болмақ. Осыған орай 2017 жылда 66 мұғалім жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктіліктерін көтерсе, 50 мұғалім алдымызда осы курстан өтпекші және - мұғалім деңгейлік курстан өтіп, біліктіліктерін шыңдады.
Өткізілген шаралар бойынша ақпарат:
Достарыңызбен бөлісу: |