Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік жұмысы бойынша есеп



бет4/7
Дата06.02.2022
өлшемі91,8 Kb.
#76606
1   2   3   4   5   6   7
Мақсаты: Әрекеттік педагогика туралы мәлімет бере отырып, интербелсенді әдістерді тәжірибеде тиімді қолдану жолдарын көрсету. ҚББ әдіскері Жаркеева Г.Б. «Әрекеттік педагогика.Оқу процесіндегі интербелсенді әдістер» тақырыбында баяндама жасап, семинарға қатысушылармен кәсіби сұхбат жүргізді. 7б-сыныбындағы Қадыр Мырза-Әлі. «Кәрі қыран» тақырыбындағы ашық сабақ мұғалімдерге әдіскердің теория жүзінде берген түсініктерін сабақ үрдісінде бақылауларына және ашық сабақ берген ұстаз А.С.Бекмаганбетоваға өз тәжірибесімен бөлісуіне, кәсіби шыңдалуына мүмкіндік берді. Директордың орынбасары С.Т.Изтилеуова өткізген «Өз жұбыңды тап» тренингі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Т.Р.Төрегелдинаның ұйымдастыруымен болған «Поэзиядан бір сәт...» атты сыныптан тыс шарасы, С.Т.Изтилеуова мен А.С.Бекмаганбетованың ұйымдастыруымен өткізілген «Диалогтық оқытудың маңызы» атты дөңгелек үстел мұғалімдердің қызығушылығын дамытып, семинар маңызын арттыра түсті. Семинар соңында мұғалімдер рефлексия жазып, ой қорытты, «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы кері байланыс жүргізілді.
Семинар жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа әдістері ұстаздардың шығармашылық жұмыс істеуіне қажетті дамытушылық орта тудыруға мүмкіндік жасады.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жеткіншек ұрпаққа ана тілінің құдіретін, қыры мен сырын танытуда ұстаздар қауымының Темірқазық жұлдызына айналған «Қазақтың Қанипасы», «Ұстаздықтың Хан апасы» атанған Қанипа Бітібаеваның еңбектерін, әдіс-тәсілдерін жоғары бағалап үлгі-өнеге етіп жүрген ұстаздар арасында 23 ақпан №77 мектеп-балабақша кешенінің базасында дәстүрлі ІХ қалалық «Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның технологияларына құрылған панорамалық сабақтар» байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты - жаңашыл педагогтердің идеясы негізінде ұсынған Қ.Бітібаеваның технологияларын тиімді пайдалану, ұстаздардың әдістемелік шеберліктерін шыңдап, іс-тәжіриесімен бөлісу. Байқауға қатысушы ұстаздарды мектеп директоры З.Р.Жантыбаева құттықтап, сөз сөйледі. Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңнің іріктеу сынынан өткен 9 мұғалім алдымен өздерін таныстырып өтті де, 2-кезеңнің шарттарын орындады. Онда мұғалімдер өздерінің ұсынған панорамалық сабақтарын қорғады, әділқазылар алқасының тарапынан қойылған сұрақтарға ұтқыр да ұтымды жауап берді және №77 мектеп-балабақша кешенінің мұғалімдері мен оқушылары дайындаған педагогикалық жағдаяттардан шығудың жолдарын айтып, ой бөлісті. Осы байқауда топты жарып оза шапқан ұстаздар: №6 орта мектептің мұғалімі Шунеева Аширкул Егембердикызы І орын, №61 орта мектептің мұғалімі Көки Жұлдыз ІІ орын, №36 орта мектептің мұғалімі Жагыпарова Гульсана ІІІ орын. «Жүзден жүйрік» номинациясын №41 орта мектеп мұғалімі, жас маман Тусупбекова Ж. «Зерттеуші ұстаз» номинациясын №39 гимназия мұғалімі Баспакова Р. «Жаңашыл ұстаз» номинациясын №8 НМ мұғалімі Макачева Г. иеленді. Дәстүрлі байқау өз дәрежесінде өтіп, көрермендердің көңілінен шықты. «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ, аға оқытушы Айткенова Мөлдір Болатовна байқау соңында ұстаздарға рақмет айтып, ұлы тұлға Қ.О.Бітібаеваның атын асқақтатып жүрген қазақ тілі, әдебиеті мұғалімдерінің еңбегіне толағай табыстар тіледі.
Биылғы оқу жылында алғашқы рет 28 наурыз күні С.Саттаров атындағы № 57 мектеп – лицейінде қала мектептерінің оқыту қазақ тіліндегі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің арасында I қалалық «Әдістемелік вернисаж» ұйымдастырылып, өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Тіл мамандарының педагогикалық тәжірибесін көпшілікке ұсыну және тарату, өзара тәжірибе алмасу. Байқауда іріктеуден өткен 15 мұғалім жұмыстарын қорғады. Қазақ тілін оқытуда жаңа инновациялық және интерактивтік әдіс-тәсілдерді енгізу әрі насихаттауда келіп түскен жұмыстар екі номинацияда бағаланды:

  1. Қазақ тілін және әдебиетін кәсіби салаға бағыттап оқытуға арналған бағдарламалар мен әдістемелік өнім.

  2. Презентациялық сабақ.

Тақырыпқа сәйкес, мазмұнды және жаңашылдығы мен ерекшелігі бар жұмыстар ұсынған мұғалімдер диплом, алғыс хаттармен марапатталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет