Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен


Бағалаулар  арасындағы



Pdf көрінісі
бет48/61
Дата22.08.2020
өлшемі0,77 Mb.
#76466
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Бағалаулар 

арасындағы 

Түрлі  бағалаушылардың  нәтижелерін  келісім  деңгейін  анықтаумен  салыстыруға 

болады. Бұл әдіс екі немесе одан да көп бағалаушылардың бір тапсырманы орындауы 



33 

 

Сыныптағы бағалаудың сенімділігі 

Мұғалімдердің  өздері  құрастыратын  тестілеу  не  бағалау  тапсырмаларының  сенімділік 

коэффициентін  есептеуге  немесе  өлшеудегі  стандартты  қателіктерге  сипаттама  беруге 

уақытын  бөлуі  екіталай.  Алайда  бұл  сенімділік  мәселесі  сыныптағы  бағалауға  қатысы  жоқ 

дегенді білдірмейді, оқушыларды бағалауға қатысты шешімдер мен тұжырымдардың сенімді 

бағалау  нәтижелеріне  негізделуі  аса  маңызды  болып  табылады.  Сонымен  мұғалім  өзінің 

сыныптағы  бағалауының  сенімді  екендігіне  қалай  көзін  жеткізе  алады?  Джеффри  Смиттің 

(2003)  пікірінше,  сыныптағы  бағалауға  сенімділіктің  балама  (альтернативті)  анықтамасы 

көбірек  келеді  деп  тұжырымдайды.  Ол  «ақпараттың  жеткіліктілігі»  идеясын  ұсынады. 

Смиттің айтуы бойынша, сыныптағы бағалаудың нақтылығы туралы пайымдау: «Осы оқуға 

қатысты  әр  оқушының  үлгерім  деңгейін  айқындау  үшін  бұл  бағалау  қажетті  ақпараттарды 

ұсына ала ма?» деген мәселе төңірегінде құрылуы тиіс (Смит, 2003).  

Тейлор  және  Нолан  (1996)  да  осы  көзқарасты  қолдайды.  Олардың  айтуынша, 

«бағалаудың  кең  ауқымдылығы  ұзақ  мерзімді  бағалау  мақсатына  қызмет  ете  алады  – 

ақпараттар  мен  нақтылық  дәлелдерінің  дереккөздері  көп  болған  сайын,  анағұрлым  сенімді 

шешім қабылдауға болады».  

Мұндай  анықтама:  «Қанша  ақпарат  жеткілікті?»  деген  сұрақты  туындатады. 

«Жеткілікті ақпарат» пен мүлдем ұзақ мерзімді бағалау арасында айырмашылық бар.  Әрине, 

бұл  сұраққа  жауап  беру  оңайға  соқпайды,  ақырында  барлығы  түптеп  келгенде,  бұл  кәсіби 

пайымдауға  саяды.  Дегенмен  осы  сұраққа  қатысты  Энн  Дэвистің  бірқатар  ұсыныстары 

болған  (2000).  Ол  мұғалімдер  триангуляция  тұжырымдамасын  сыныптағы  бағалаудың 

сенімділігі мен негізділігін арттыру тәсілі ретінде қолданады деп санайды.  

Триангуляция кез келген шешім қабылдаудың негізі ретінде бағалау дәлелдемелерінің 

үш түрлі дереккөзін қолдануды қамтиды. Энн Дэвистің тұжырымдауы бойынша, бұл салалар 

–  оқушылардың  оқуын,  олар  іске  асыратын  өнімдерді  (оның  ішінде  тест  нәтижелерін), 

сондай-ақ  олардың  әңгімелесуін  бақылау.  Мұғалімдер  осы  дереккөздердің  әрқайсысының 

дәлелдерін  қарастырған  және  жинақтаған  жағдайда,  тек  бір  салаға  немесе  нәтижеге 

сүйенгеннен  гөрі  оқушылардың  ілгерілеуі  туралы  сенімді  және  анағұрлым  толыққанды 

шешім  шығара  алады.  Сенімділікке  қатысты  проблема,  шын  мәнінде,  бағалау  барысында 

кездейсоқ  нұсқалар  орын  алуы  ықтималдығына  байланысты.  Бұл  оқушыларды  бағалау 

барысында,  әсіресе  бағалау  нәтижелері  жекелеген  оқушыларға  қатысты  және/  немесе  олар 

қатысатын  оқыту  бағдарламаларына  қатысты  шешім  қабылдау  үшін  қолданылатын  кезде 

ескерілуі тиіс.  

Ескертпе: сенімсіз нәтижелер оқушылардың үлгерімі туралы негізделген дәйекті шешім 

қабылдауға  мүмкіндік  бермейтінін  атап  өту  маңызды.  Дегенмен  бағалау  нәтижелерінің 

сенімді  болуы  да  біздің  оқу  мазмұнын  дұрыс  бағалайтынымызды  білдіре  бермейді.  Демек, 

бағалаудың сенімділігі аса қажетті, бірақ бағалаудың валидтілігін   білдіру үшін жеткіліксіз 

шарт болып табылады.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет