140
Сілтеу, нұсқау, көрсету мағынасын білдіретін сілтеу есімдіктерінің
негізгі қызметі аралық қатынасты көрсету болып табылады. «Қазақ
грамматикасында» сілтеу есімдіктерінің аралық қатынасты білдіру
ерекшеліктері жайында: «Сілтеу есімдіктерінің аралық қатынастарды
білдіру жағынан ішінара жақын
-
алысырақ, алыс
-
жақынырақ сияқты
қарама
-
қарсы мағыналарда қолданылатын сөздер болып бірнеше жікке
бөлінеді. Сілтеу есімдіктерінің бұл аралық қатынастарды білдірудегі
мағыналық жіктері әрқашан бір есімдік пен екінші бір есімдікті салыс
-
тыра қолданылуда, қарама
-
қарсы ұғымдардағы сөздердің мағыналық
айырымдарын салыстыра көрсету амалы арқылы ғана айқын көріне
алады», –
деп түйінделеді [9, 484].
Бұл амал әсіресе
анау
мен
мынау
,
әне
мен
міне
,
сол
мен
бұл
сияқты есімдіктердің арасында айқын
көрінеді. Сілтеу есімдіктерінің қарама
-
қарсы салыстыру амалы сөйлеу
-
дің эмоционалдылығын күшейту мақсатында жиі қолданылады.
Мысалы,
Келер әлі
бұның
заманы да қайта айналып. Әңгір таяқты ойна
-
тар сонда «өкіметпін» деп шелтеңдеген Шәріптің төбесіне.
Сол
Шәріптің азу тісі біліне бастаған әнебір Шеге деген «күшігінің де»
жон арқасынан тіліп алар таспаны (С. Елубаев).
Достарыңызбен бөлісу: